"Мемлекеттiк басқару органдары мен құқық қорғау органдарын ұстауға 1995 жылға бөлiнетiн шектi қаражат туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 мамырдағы N 730 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
аталған қаулыға "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға 1995 жылға арналған шығыстарды бөлу" деген N 1 қосымшасының "Ұлттық саясат жөнiндегi комитет" жолындағы "21056" және "2832" сандары "24996" және "3754" сандарымен алмастырылсын;
"Министрлiктер мен ведомстволар бойынша жиыны" деген жолдағы "1948789" және "519330" сандары "1952729" және "520252" сандарымен алмастырылсын; "Мемлекеттiк басқарудың жаңа құрылымдарының пайда болуына байланысты шығыстарға арналған қаражат" жолындағы "324328" саны "320388" санымен алмастырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi