"Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының борыштары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 20 қарашадағы N 1579

      Өзара есеп айырысулар мен "Қарметкомбинаты" МАҚ-ның қызметiмен байланысты басқа да мәселелердi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары Б.М.Имашевқа /"Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының қаржы жайы мен борыштарын бағалау жөнiндегi комиссияның төрағасы/ мынадай өкiлеттiктер берiлсiн:
      дебиторлық және кредиторлық берешектермен байланысты мәселелер бойынша барлық құқықтық мекемелер, өзге де мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк емес ұйымдарға Қарметкомбинаттың атынан өкiлдiк ету;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң алдын ала қолдауымен мүлiктiң барлық түрлерiмен, соның iшiнде құнды қағаздар және мүлiктiк құқықтармен де дебиторлық және кредиторлық берешектердi өтеуге келiсiм беру, кредитордың талабын орындау, борышты сату туралы келiсiмдер жасау;
      "Қарметкомбинаттың" борышкерлерi - заңды тұлғалар және жеке адамдарға шағым жасау, талаптар қою және барлық соттарда талапкер, жауапкер, үшiншi тұлғаның құқықтарымен iстер жүргiзуге немесе тiкелей талап қоюдан iшiнара бас тарту, талапты мойындау, бiтiм жасау, сот шешiмiне шағым беру, орындау құжаттарын өндiрiп алуға ұсыну, берiлген мүлiк немесе ақшаны алу.
      2. Б.М.Имашевқа өзiне берiлген құқықтарды iске асыруға байланысты құжаттарға қол қою құқығы берiлсiн.
      3. Өндiрiлген соманың түсуiне жедел бақылау жасау және мемлекеттiң мүддесi үшiн тиiмдi пайдалану мақсатында Б.М.Имашевқа оларды жинақтау үшiн арнайы шот ашуға рұқсат берiлсiн;
      борыштарды өндiру және кредиторлық берешектердi өтеу жөнiндегi жұмысқа жергiлiктi атқару және тәртiп сақтау органдары, сондай-ақ шарттық негiзде - құқықтық, аудиторлық, консалтинг фирмалары мен басқа да заңды тұлғалар белгiленген тәртiппен тартылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады