Қытай Халық Республикасының тауарлық кредитi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 21 қараша N 1584. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.08.26. N 1056 қаулысымен.

      Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, қазақстандық кәсiпорындардың өндiрiстiк базасын дамыту және Қазақстанға 50 /елу/ млн. қытай юаны сомасында тауар кредитiн берi туралы үкiметаралық келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет пен Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң Қытай Халық Республикасының кредитiн "Қазметаллэкспорт" сыртқы сауда компаниясы арқылы республиканың түстi металлургия кәсiпорындарына қажеттi шикiзат сатып алуды iске асыру туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қытай Халық Республикасының кредитi желiсiне қызмет көрсету Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне тапсырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
      Қытай Халық Республикасының өкiлеттi банкiмен кредит келiсiмiн жасасын;
      экспорттаушылармен контрактылар жасалуына қарай олардың банк сараптамаларын жүргiзсiн;
      негiзгi займшы - "Қазметаллэкспорт" сыртқы сауда компаниясынан қажеттi кепiлдемелiк мiндеттемелерiн алып, сараптама нәтижелерi бойынша iшкi кредит келiсiмiн жасасын.
      4. "Қазметаллэкспорт" сыртқы сауда компаниясына кредиттi пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында конкурстық негiзде экспорттаушыны тыңдап, ол бойынша сатып алуды жүзеге асыру ұсынылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда

министрлiгiне республиканың түстi металлургия кәсiпорындары үшiн
шикiзатты сатып алу жөнiндегi контрактiлерiнiң жүзеге асырылуына
бақылау жасау жүктелсiн.
     6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне кредиттiң
пайдаланылуына бақылау жасау жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi

 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады