1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi (С.Дәукеев) "Байбұлақ" бiрлескен кәсiпорнына аталған кен орындарына берiлген лицензияларды қайтарып алсын және тау-кен бөлiктерiн берудi рәсiмдеудi тоқтатсын.
2. Светинское, Думан-Шуақ, Гагаринское, Шатыркөл, Жайсаң кен орындары Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 22 қыркүйектегi N 420 өкiмiмен жарияланған тендер тiзiмiнде қалпына келтiрiлсiн.
3. Семей, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарының
әкiмдерi тиiстi аумақтардағы аталған кен орындарына "Байбұлақ" бiрлескен кәсiпорнына жер бөлiп берудi рәсiмдеудi тоқтататын болсын. 4. "Байбұлақ" бiрлескен кәсiпорнымен алтын және полиметалл кен орындарын барлау және игеру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 қаңтардағы N 29 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi