"Павлодар облысындағы қоғамдық жолаушылар көлiгiне арналған автобустар" секторлық бағдарламасын жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 4 желтоқсан N 1653

      Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы Үкiметiнiң арасындағы қаржылай және техникалық ынтымақтастық туралы Келiсiм шеңберiндегi 6,5 млн. (алты миллион бес жүз мың) немiс маркасы сомасындағы "Павлодар облысындағы қоғамдық жолаушылар көлiгiне арналған автобустар" секторлық бағдарламасы бойынша ГФР-дiң Қалпына келтiру жөнiндегi кредиттiк ведомствосы (КФВ) займның қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Займ қаражатының келiп түсуi мен пайдалануы республикалық бюджет арқылы жүзеге асырылады деп белгiленсiн. Бөлiнген қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуы, сондай-ақ олардың уақытылы өтелуi Павлодар облысының әкiмiне жүктеледi, оның мұқтажына осы займның шегiнде валюталық қаражат бөлiнедi.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Германия Федеративтiк Республикасының Қалпына келтiру жөнiндегi кредиттiк ведомствосымен (КФВ) 6,5 млн. (алты миллион бес жүз мың) немiс маркасы сомасындағы займ туралы Келiсiмге қол қойсын;
      аталған займды өтеу графигiне сәйкес 1996 жылдан бастап жыл сайынғы бюджеттiң жобасында проценттердi төлеуге, ал 2006 жылдан бастап-проценттер мен негiзгi борышты өтеуге қажеттi қаражат көзделсiн.
      3. "Павлодаркөлiкхолдинг" облыстық холдинг компаниясы аталған кредит жөнiндегi түпкiлiктi заемшы болып белгiленсiн.
      4. Павлодар облысының әкiмi:
      "Павлодаркөлiкхолдинг" облыстық холдинг компаниясымен бiрлесiп, он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен берiлген займ қаражатын республикалық бюджетке үш жылдық жеңiлдiк кезеңiн қоса алғанда, жетi жыл iшiнде қайтару туралы iшкi кредиттiк келiсiм жасасын;
      "Павлодаркөлiкхолдинг" облыстық холдинг компаниясына қалалық автобустар мен қосалқы бөлшектер сатып алу жөнiндегi контракт жасауға сенiмхат берсiн.
      5. "Павлодаркөлiкхолдинг" облыстық холдинг компаниясы алынған қаражаттың есебiн жүргiзсiн және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке тоқсан сайын есеп берiп отырсын.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет:
      аталған займның күшiне енуiне қажеттi материалдар дайындасын;
      займның iске асырылуын жалпы үйлестiрудi жүзеге асырсын;
      займ қаражатын пайдаланудың есебiн жүргiзсiн;
      ГФР-дiң Қалпына келтiру жөнiндегi кредиттiк ведомствосына (КФВ) займ қаражатының пайдаланылуы туралы есеп ұсынсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады