"Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiн тарату мен Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жүзеге асырудың шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 13 желтоқсан N 1718

      "Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiн тарату және Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 14 қазандағы N 2519  Жарлығын  орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiне мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң республикалық кiтап, газет-журнал баспаларын, полиграфия және өзге де мемлекеттiк ұйымдарды басқару субъектiсiнiң функцияларын берсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiне; 
      республикалық бюджеттен қаржыландыратын барлық газеттер мен журналдардың құрылтайшысы; 
      мемлекеттiк телерадио хабарларын таратудың көлемi мен сағаты Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтағаннан басқа жағдайда мемлекеттiк телерадио хабарларын таратудың көлемi мен сағатын белгiлеу жөнiндегi тапсырыс берушi; 
      әлеуметтiк мәндi әдебиет шығару бойынша тапсырыс берушi құқығы берiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiне Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды ұстау үшiн 1995 жылға қарастырылған бюджеттiк қаражатты бөлсiн, сондай-ақ әлеуметтiк мәндi әдебиет шығаруға және республикалық газеттер мен журналдардың шығынын жабуға бөлiнген дотацияларды берудi қарастырсын. 
      4. "Қазақ ССР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 16 қазандағы N 614 қаулысының (Қазақ ССР ҚЖ, N 23, 171 бап.) күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады