Орталықтандырылған және директивтi кредиттер жөнiндегi берешектi ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қорға беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 14 желтоқсан N 1719

      Ауыл шаруашылығы кәсiпорындары мен оның қызмет көрсетушi ұйымдарының өзара берешегiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қоры Ұлттық банкпен бiрлесе отырып, аталған қорға бұл жөнiндегi өтеу мерзiмi 1995 жылғы 1 наурызда бiткен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң орталықтандырылған және директивтi кредиттер жөнiндегi берешегiн берудi жүзеге асырсын.
      2. "Ауылшармаш", "Кең дала", "Өнiм", "Қазагрожөнмаш" акционерлiк компаниялары, "Қаззооветжабдықтау" республикалық бiрлестiгi, "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы, бұрын "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына кiрген кәсiпорындар көрсетiлген қызмет және алынған материалдық-техникалық қаржы үшiн ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң берешегiн салыстыруды 1995 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жүзеге асырсын және 1995 жылғы 1 желтоқсанға дейiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қорға ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң қарыздары шегiнде аталған қорға орталықтандырылған және директивтi кредиттер мен оларға есептелген проценттер жөнiндегi қайырылмаған берешектердi қайта хаттау бойынша ұсыныс енгiзсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ұлттық банкпен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын Қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қорға осы берешектi ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер үшiн белгiленген тәртiппен берудi жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi осы қаулының 1 және 2 тармақтарына сәйкес бүкiл қайта хатталған пайдаланылған кредит берешегi мен олардың проценттерiн "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қорға меншiктiң барлық нысанындағы ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлерге берiлген кредиттер бойынша қарыздарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 наурыздағы N 224 P950224_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 8, 87-бап) көзделген мерзiм мен жағдайда жабуды қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады