"Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары аппаратының санын және оларды ұстау шығындарын қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 2 қарашадағы N 1442 қаулысына P951442_ сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Мыналар бекiтiлсiн:
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы қоса берiлiп отырған Ереже (N 1 қосымша); <*>
2.<*>
3.<*>
4.<*>
5.<*>
Ескерту. 3-4-тармақтарға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң
1996.06.03. N 687 қаулысымен. P960687_
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 3-шi абзацы және 2-5-тармақтардың күшi
жойылған - ҚРҮ-нiң 1995.12.19. N 1589 қаулысымен.
6. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 наурыздағы N 279 қаулысының 1-тармағы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы Ереженi бекiту бөлiгi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 14, 136-бап);
"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 28 желтоқсандағы N 1478 қаулысының 1-тармағының үшiншi абзацы, 2 және 3 тармақтары.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1741 қаулысына
N 1 қосымша
Қазақстан Республикасының Әдiлет
министрлiгi туралы
Е Р Е Ж Е
1. Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады және өз қызметiн Республика Конституциясына, заңдарына, Президент пен Үкiмет актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi қызметiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында демократиялық құқықты мемлекет құруға жан-жақты жәрдемдесу, құқықтық реформаны нақты жүзеге асыру жөнiндегi жұмысты қамтамасыз ету және үйлестiру болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының әдiлет органдарының бiрыңғай жүйесiн құрайтын аумақтық әдiлет басқармаларына, нотариалды кеңселерге, азаматтық хал актiлерiн жазу органдарына, оқу орындары мен ғылыми мекемелерге басшылықты жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Ұлттық заң агенттiгiнiң қызметiне жалпы басшылықты, адвокатура қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, әдiлет органдарының бiрыңғай жүйесiн құрайтын органдар, мекемелер мен оқу орындары республикалық бюджет қаражаты есебiнен ұсталады.
6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңды тұлға болып табылады, оның қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi болады.
7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi нормативтiк-құқықтық актiлердi, халықаралық шарттарды, анықтама-әдiстемелiк материалдарды ресми жариялауға маманданған заң газетiнiң, журналдардың қосымша құрылтайшысы, сондай-ақ Ұлттық заң агенттiгiнiң құрылтайшысы болып табылады.
8. Құқықтық реформаны кешендi тұрғыда жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жанынан Құқықтық реформа жөнiндегi үйлестiру кеңесi жұмыс iстейдi.
9. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) саяси экономикалық және әлеуметтiк өмiрдiң құқықтық негiздерiн орнықтыруға жәрдемдесу, заң жобаларын әзiрлеу жұмыстарын ғылыми және практикалық тұрғыда қамтамасыз ету, құқықтық актiлер жобаларының құқықтық және кримонологиялық сарапталуын, сондай-ақ қабылданатын заңдардың тиiмдiлiгiн болжауды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы заңдарын жетiлдiру және жүйеге келтiру, құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу, бiрыңғай құқықтық ақпарат жүйесiн құру, Үкiмет құрамына кiрмейтiн Республика министрлiктерiне, мемлекеттiк комитеттерiне, орталық атқарушы органдарына, сондай-ақ республиканың ведомстволарына заң жөнiндегi анықтама-кодификациялық жұмыста әдiстемелiк көмек көрсету;
3) заң кадрларын даярлау және қайта даярлау;
4) әдiлет органдарын, мекемелерiн және сорттарды кадрлармен қамтамасыз ету, олардың еңбегiн тиiмдi пайдалану үшiн жағдай жасау;
5) құқық ғылымының дамуына және оның жетiстiктерiн мемлекеттiк құрылыста пайдалануға, әлеуметтiк-экономикалық қайта құрулар жүргiзуге жәрдемдесу;
6) Республика соттарының қызметiн ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету;
7) Үкiмет құрамына кiрмейтiн республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, орталық атқарушы органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ведомстволарының халықаралық шарттар мен келiсiмдер әзiрлеп, жасасу жөнiндегi қызметiне құқықтық әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнiң өзара iс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының көрсетiлетiн шетел құқықтық көмегiн үйлестiру;
9) Үкiмет құрамына кiрмейтiн республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, орталық атқарушы органдарының сондай-ақ республика ведомстволарының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғайтын немесе ведомствоаралық сипатта қолданылатын нормативтiк актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ету;
10) заңды тұлғаларды, қоғамдық және дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ету;
жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ету;<*>
11) Үкiмет құрамына кiрмейтiн республиканың министрлiктерiне, мемлекеттiк комитеттерiне, орталық атқарушы органдарына, сондай-ақ республиканың ведомстволарына, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдарға олардың заң қызметiн ұйымдастыруға және жұмысына жәрдемдесу;
12) мемлекеттiк кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда құқықтық жұмыс деңгейiн көтеруге жәрдемдесу;
13) нотариат органдары мен адвокатураның азаматтар мен заңды тұлғаларға көрсететiн заң қызметiнiң сапасын бақылауға жәрдемдесу және жүзеге асыру;
14) құқықтық бiлiмдi насихаттауды әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету, жаппай құқықтық оқулар мен заңдарды түсiндiруге қатысу;
15) Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жүктеген басқа да тапсырмаларды жүзеге асыру.
ЕСКЕРТУ. 9-тармақтың 10-тармақшасы жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.18. қаулысымен.
10. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
1) өзiнiң бастамасы бойынша Республика Президентi мен Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша заңдардың, Президенттiң Жарлықтары мен өзге де актiлерiнiң, Үкiмет актiлерiнiң жобаларын әзiрлейдi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң шаруашылық бастамасы ретiнде әзiрленiп заң жобаларының бас әзiрлеушiсi болып табылады;
2) Үкiмет құрамына кiрмейтiн республиканың министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, орталық атқарушы органдары, сондай-ақ республика ведомстволары әзiрлейтiн заңдардың, Президенттiң Жарлықтары мен өзге де актiлерiнiң, Үкiмет актiлерiнiң жобаларын құқықтық сараптауды жүзеге асырады;
3) Заң жобаларын, сараптау, зерттеу жұмыстары мен консультацияларды жүзеге асыру үшiн осы мақсаттарға арнайы бюджет қаражатын және бюджеттен тыс қаражатты пайдалана отырып белгiленген тәртiппен ғылыми ұйымдарды, мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн, мекемелер мен ұйымдарды, мамандар мен сарапшыларды, оның iшiнде шетел мамандарын да тартады;
4) Республика Премьер-Министрi мен Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша Үкiмет актiлерiн ресми түсiндiрудi жүзеге асырады;
5) әзiрленетiн заңдар, Президенттiң Жарлықтары мен басқа да актiлерiнiң, Үкiмет актiлерiнiң жобалары бойынша Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, орталық атқарушы органдардан, сондай-ақ республика ведомстволарынан, қоғамдық бiрлестiктерден, ғылыми-мекемелер мен оқу орындарынан тұжырымдамаларды сұрайды, олардың өкiлдерiн осы актiлердiң жобаларын әзiрлеу жөнiндегi комиссия құрамына (жұмыс топтарына) тартады;
6) заңдарды жүйелеу мен кодификациялау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, заңдар, нормативтiк актiлер жинақтарын, кодекстер мен басқа да заң әдебиетiн шығарады, тұтынушыларға құқықтық ақпараттық қызмет көрсетудi автоматтандырылған жүйенi пайдалана отырып, оларды анықтама-әдiстемелiк материалмен, заң құжаттарының үлгiлерiмен жабдықтауды жүзеге асырады;
7) Үкiмет құрамына кiрмейтiн республика министрлiктерiне, мемлекеттiк комитеттерiне, орталық атқарушы органдарына, сондай-ақ республика ведомстволарына республиканың халықаралық шарттары мен келiсiмдерiн әзiрлеу мен жасаудың құқықтық мәселелерi бойынша кеңес бередi;
8) шет мемлекеттермен құқықтық көмек туралы шарттарды әзiрлеуге қатысады және Үкiмет берген өкiлеттiктерге сәйкес оларға қол қояды;
9) Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жасалатын займдар бойынша заңдық бағалау (Legal opinion) бередi;
10) Үкiмет құрамына кiрмейтiн республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, орталық атқарушы органдарының, сондай-ақ республика ведомстволарының шетелдiң құқықтық көмегiн тарту жөнiндегi жобаларын келiсудi жүзеге асырады;
11) өз құзыретi шегiнде шет елдермен құқықтық ынтымақтастық туралы шарттар жасасып, олардың орындалуын ұйымдастырады;
12) республика сот жүйесiнiң қызметiн ұйымдастыру, судьялардың тәуелсiздiгiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
13) министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың нормативтiк актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады, Үкiмет құрамына кiрмейтiн республика министрлiктерiнiң мемлекеттiк комитеттерiнiң, орталық атқарушы органдарының, сондай-ақ республика ведомстволарының нормативтiк актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзедi, жалпыға бiрдей мағлұматтар үшiн тiркелген актiлердiң тiзбесiнiң жариялануын ұйымдастырады;
14) заңды тұлғаларды, қоғамдық және дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады, заңды тұлғалардың Мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi;
жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады;<*>
15) заң кадрларын даярлау жөнiндегi әдiлет органдары мен мекемелерi және сот органдарында кадрларды iрiктеу және олардың резервiн жасау, әдiлет органдары мен мекемелерiнiң судьялары мен қызметкерлерiн аттестациялау және бiлiктiлiгiн арттыру жұмысын ұйымдастырады, жас мамандарға зәрулiктi анықтайды, заң оқу орындарының түлектерiн бөлуге қатысады;
16) Үкiмет құрамына кiрмейтiн республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, орталық атқарушы органдарының, сондай-ақ республика ведомстволарының аппараттарында, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдарда, мемлекеттiк кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде құқықтық жұмысқа әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады, оны жақсарту жөнiнде нұсқаулар әзiрлейдi, заң қызметтерiнiң оң тәжiрибесiн қорытып, таратады, заң қызметi қызметкерлерiн оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмысқа қатысады;
17) АХАЖ органдарының азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы ережесiн бекiтедi және олардың қызметiне әдiстемелiк көмек көрсетедi;
18) мемлекеттiк нотариат органдары қызметiне басшылықты және жеке нотариалдық кеңселер қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады, заңды және жеке тұлғаларға көрсетiлетiн нотариалдық қызмет сапасын бақылауды қамтамасыз етедi;
19) адвокатура қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады, азаматтар мен заңды тұлғаларға Үкiмет белгiлеген тәртiппен құқықтық қызмет көрсету жөнiндегi қызметпен айналысу үшiн лицензияларды тiркейдi және бередi;
20) мемлекеттiк органдардың құқықтық насихат жөнiндегi жұмысына әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырып, үйлестiредi;
21) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының әдiлет басқармаларына тiкелей басшылық жасайды;
22) заң ғылыми-зерттеу институтының, Қазақ мемлекеттiк заң институтының, республикалық құқықтық ақпарат орталығының, Қазақ сот сарапшылық ғылыми-зерттеу институтының қызметiне басшылық етедi, ғылыми және оқу процестерiн, құқықтық ақпарат тұтынушыларды ақпараттық қамтамасыз етудi, сот сарабын жүргiзу практикасын және сапасын жетiлдiру жөнiнде шаралар қолданады;
23) әдiлет органдары мен соттарды, олардың үйлерiн салуды және жөндеудi материалдық-техникалық жабдықтау мен қаржыландыруды ұйымдастырады, заңның талаптарына сәйкес оларда бухгалтерлiк есеп пен есеп берудi ұйымдастыруды қамтамасыз етедi, әдiлет және сот қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, қызметтерiн қамтамасыз етудi ұйымдастырудың басқа да шараларын қабылдайды;
24) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бiрлесе отырып, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың, аудандық (қалалық) соттардың жұмысына кешендi тексеру жүргiзедi, сондай-ақ сот iстерiн қарау мерзiмiн, үкiмдер мен шешiмдердiң орындалуының, материалдық зиянның өтелуiнiң жай-күйiн, алдын алу-профилактикалық қызметiн, хаттардың, шағымдар мен арыздардың қаралып, шешiлуi жайын тексередi;
25) сот статистикасын, сондай-ақ оған ведомстволық бағыныстағы органдар мен әдiлет мекемелерiнiң қызметiне байланысты статистика жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
26) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң органдары мен мекемелерiнiң қызметiндегi тәртiп бұзушылықтары туралы шағымдарды, арыздар мен хаттарды қарайды;
27) Қазақстан Республикасының заңдарында Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 10-тармақтың 14-тармақшасы жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.18. N 1393 қаулысымен. P961393_
11. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметiнен босатылатын министр басқарады, Министр Үкiмет құрамына кiредi, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң құзыретiндегi мәселелерi бойынша Парламентте Үкiмет өкiлдiгiн жүзеге асырады.
12. Министр Қазақстан Республикасының әдiлет жүйесiндегi барлық органдар мен мекемелер орындауға мiндеттi бұйрықтар және өкiмдер шығарады, нұсқаулар бередi, сондай-ақ Жоғарғы Сот төрағасымен бiрлесiп Республиканың сот жүйесiндегi қызметтi ұйымдастыру мәселелерi бойынша республика соттары орындауға мiндеттi актiлер шығарады.
13. Әдiлет министрi:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қызметiне басшылық етедi және министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауап бередi;
2) министр орынбасарларының арасында мiндеттердi бөледi және оларға министрлiктiң органдары мен мекемелерi қызметiнiң жекелеген салаларына басшылық ету жауапкершiлiгiн жүктейдi;
3) министрлiктiң орталық аппаратының басқармалары мен бөлiмдерi, аумақтық әдiлет органдары, сондай-ақ министрлiктiң органдары мен мекемелерi туралы ережелердi бекiтедi;
4) министрлiк аппаратының қызметкерлерiн, облыстардың, республикалық мәнi бар қалалар мен республика астанасының әдiлет басқармаларының, заң ғылыми-зерттеу институтының, Қазақ мемлекеттiк заң институтының, республикалық құқықтық ақпарат орталығының, Қазақ сот сарапшылық ғылыми-зерттеу институтының басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын белгiлеген тәртiппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) әдiлет органдарының, мекемелерiнiң, соттардың қызметкерлерiн ынталандыру және оларға материалдық көмек көрсету мәселелерiн белгiленген тәртiппен шешедi, министрлiктiң орталық аппаратының қызметкерлерiне, әдiлет органдары мен мекемелерiнiң басшыларына және мамандарына тәртiп жазаларын қолданады;
6) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi аппаратының, облыстардың, республикалық мәнi бар қалалар мен астананың әдiлет басқармаларының, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың, заң ғылыми-зерттеу институтының, Қазақ мемлекеттiк заң институтының, республикалық құқықтық ақпарат орталығының шығындар сметасын, штат кестесiн, Қазақ сот сарапшылық ғылыми-зерттеу институтының және жергiлiктi соттардың санын және шығындар сметасын бекiтедi;
7) өзiне заңдарда берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
14. Министр орнында болмаған жағдайда оның мiндеттерiн министрдiң бiрiншi орынбасары немесе орынбасарларының бiрi атқарады.
15. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде министр (төраға), лауазымы бойынша министрдiң орынбасарлары, заң ғылыми-зерттеу институтының, Қазақ мемлекеттiк заң институтының, республикалық құқықтық ақпарат орталығының, министрлiктiң жетекшi басқармалары мен бөлiмдерiнiң басшылары құрамында алқа құрылады. Алқаның жеке құрамы заңмен белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
16. Әдiлет министрлiгiнiң алқасы өз мәжiлiстерiнде министрлiктiң жұмысы мен қызметiнiң бағытын ұйымдастырудың негiзгi мәселелерiн қарайды, әдiлет жүйесiндегi органдар, мекемелер және оқу орындары, министрлiк аппарат басқармалары мен бөлiмдерi басшыларының есептерi мен хабарламаларын, сондай-ақ облыстық және оларға теңестiрiлген соттар, аудандық (қалалық) және әскери соттар төрағаларының сот қызметiн ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi ақпараттарын тыңдайды, министрлiк әзiрлейтiн заңдардың, Президент пен Үкiмет актiлерiнiң жобаларын, министрлiктiң маңызды бұйрықтары мен нұсқауларының жобаларын талқылайды.
17. Министр мен алқа арасында келiспеушiлiк болған жағдайда министр орын алған келiспеушiлiк туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне баяндап, өз шешiмiн қабылдайды.