1. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 113 адам болып бекiтiлсiн. <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1996.
03.27. N 359 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне министрдiң 4 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын ұстауға, сондай-ақ 9 адамнан тұратын алқасы болуына рұқсат етiлсiн. <*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1996.
03.27. N 359 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. <*>
Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлсiн - ҚР Үкiметiнiң
1996.03.27. N 359 қаулысымен.
4. "Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қазандағы N 1107 қаулысының; "Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң қосымша бiр орынбасарын енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 559 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1785 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi орталық аппаратының Құрылымы Басшылық Зейнетақы қоры iстерi жөнiндегi бас басқарма Қаржы-экономика басқармасы Зейнетақылық қызмет көрсетудi ұйымдастыру басқармасы Әлеуметтiк көмек басқармасы Протездеу iстерi және ақпаратпен қамтамасыз ету басқармасы Заң және ұйымдастыру-кадр жұмыстары басқармасы Бухгалтерлiк есеп бөлiмi Аударма және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бөлiмi Жалпы бөлiм