1. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 150 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiне Министрдiң 3
орынбасарын, соның iшiнде бiр бiрiншi, сондай-ақ саны 13 адамның алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 қазандағы N 1179 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1810 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi орталық аппаратының Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы Басшылық Еңбекпен қамту департаментi Еңбектi қорғау және еңбек жағдайлары департаментi Төлем саясаты және еңбек өнiмдiлiгi басқармасы Тұрмыс деңгейi және еңбекке қабiлеттi халықты әлеуметтiк қолдау басқармасы Заң басқармасы Көшi-қон департаментi Iс басқармасы Әлеуметтiк әрiптестiк бөлiмi Сыртқы байланысты және еңбек саласында халықаралық тәжiрибе жинақтау бөлiмi Қаржы және бухгалтерлiк есеп бөлiмi Жинақтық талдау бөлiмi