1. Талдықорған облысының әкiмiне мемлекеттiк материалдық резервтен пайдаланылған көмiр үшiн 92444 мың теңге сомасындағы берешектi, облыстық бюджеттiң республикалық бюджеттен толық алмаған субвенция есебiне есептелуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер
жөнiндегi комитетi 92444 мың/теңге сомасында Талдықорған әкiмшiлiгiне босатылған ДР маркалы көмiрiн оны мемлекеттiк резервке салу көлемiн азайту есебiне есептен шығарсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары