Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеу жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 1837

      Iшiнара республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк почтасына пайда болған бюджеттiк берешектi қысқарту мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1995 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша төменде көрсетiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен республикалық бюджет арасында жалпы сомасы 39 (отыз тоғыз) млн. теңге берешекке бiр жолғы есептеу жүргiзсiн, аталған сома 1995 жылға арналған бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiлсiн, оның iшiнде:

     Алматы темiр жол басқармасына қосымша құнға салынатын салық
бойынша 24 (жиырма төрт) млн. теңге;
     "Рысты-АЭВРЗ" акционерлiк қоғамына қосымша құнға салынатын
салық бойынша 15 (он бес) млн. теңге;
     39 (отыз тоғыз) млн. теңге берешектi қаржыландыру есебiне
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк почтасына есептелсiн.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады