Бюджеттiк борыштар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 28 желтоқсандағы N 1873

      Құқық қорғау және қорғаныс ведомстволары бойынша кәсiпорындар мен ұйымдардан алынған материалдық игiлiктер үшiн жинақталып қалған қарызды қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен салық төлемдерi және басқа да борыш мiндеттемелерi бойынша республикалық бюджет алдында жалпы сомасы 49 (қырық тоғыз миллион) млн. теңге қарызы бар кәсiпорындар мен ұйымдар арасындағы қарыздың бiр жолғы есептемесiн берiлiп отырған тiзбеге сәйкес жүргiзiлсiн.
      Аталған соманы жоғарыда аталған кәсiпорындар мен ұйымдардың алған материалдық игiлiктерi үшiн қарызын, құқық қорғау және қорғаныс ведомстволарын қаржыландыру есебiне есептесiн.
      2. Қарызды есептеу 1995 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жүргiзiлiп, аталған сома республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiмдерiнде көрсетiледi.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


                                      Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1995 жылғы 28 желтоқсандағы N 1873 қаулысына қосымша


             Республикалық бюджет бойынша құқық қорғау

            және қорғаныс ведомстволарын қаржыландыру
            есебiнен есепке алынатын бюджетке салық
            және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша
            қарызы бар кәсiпорындар мен ұйымдардың
                        Тiзбесi
                                                  (мың теңге)
___________________________________________________________________
Кәсiпорындар мен ұйымдардың     Құқық қорғау және қорғаныс
атаулары, республикалық         ведомстволарының атауы
бюджет алдындағы салықтар мен  ____________________________________
басқа да мiндеттi төлемде.    Есептемеге |    Соның iшiнде
рiнiң түрлерi                  алынуға   |_________________________
                                 тиiс    |  ҰҚК       | Қорғаныс
                                         |            | министрлiгi
___________________________________________________________________
 "Алпам" акционерлiк қоғамы,
 Алматы қаласы,
 барлығы                          5000        5000
Соның iшiнде:
қосылған құнға салынатын
салық                             5000        5000
"Жиhаз комбинаты" акционерлiк
қоғамы Өскемен қаласы,
барлығы                           32000                      32000
Соның iшiнде:
қосылған құнға салынатын салық    16865                     16865
заңды тұлғалардан алынатын
табыс салығы                      7743                       7743
Экономиканы қайта жаңғырту
қоры                              7392                       7392
"Бент" акционерлiк қоғамы
Алматы облысы,
барлығы                           12000                      12000
Соның iшiнде:
қосылған құнға салынатын
салық                             7000                        7000
пайдаға салынатын салық           5000                        5000
      Жиыны                      49000          5000         44000
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады