1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен "Рама" акционерлiк қоғамының арасында қарыз мiндеттемелерi сомасында соңғы Халықаралық Қайта жаңғырту және даму Банкiнiң оңалту займы бойынша 250 (екi жүз елу) млн. теңге мөлшерiндегi сомаға бiржолғы есептеу жүргiзсiн және аталған соманы қосымшаға сәйкес бөлудi ескере отырып, қалалық жолаушылар таситын көлiктi дамытуға облыстарды қаржыландыру есебiне есептесiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған берешектердi есептеудi 1995 жылғы бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетсiн.
3. "Рама" акционерлiк қоғамы босалқы бөлшектердi облыстардың тапсырысы бойынша автобустарға босатуға мiндеттелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1881 қаулысына қосымша
Қоғамдық қалалық көлiктi дамытуға
("Икарус" автобусының босалқы бөлшектерiне) арналған қаражаттарды Бөлу ___________________________________________________________________ Облыстар | Қаражат сомасы. млн.теңге ___________________________________________________________________ Ақтөбе | 10 Алматы | 26 Ақмола | 8 Шығыс Қазақстан | 10 Батыс Қазақстан | 10 Қарағанды | 20 Көкшетау | 1 Павлодар | 32 Жезқазған | 3 Талдықорған | 30 Оңтүстiк Қазақстан | 30 Жамбыл | 50 Алматы қаласы | 20 ___________________________________________________________________ Жиыны | 250