Түрiк кредит жүйесi бойынша берешектiк есептеме туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1882

      Алматы қалалық жолаушылар автокөлiгi өнеркәсiптiк бiрлестiгiнiң республикалық бюджетке түрiк кредитi жүйесi бойынша пайда болған берешегiн жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2371 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, Алматы қалалық жолаушылар автокөлiгi өндiрiстiк бiрлестiгiнiң республикалық бюджетке түрiк кредитi жүйесi бойынша 360 (үш жүз алпыс) млн. теңге берешегiне Алматы қалалық бюджетi арқылы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң ұйымдарына қалалық қоғамдық көлiктi дамытуға беруге жататын республикалық бюджет қаражаты есебiнен (үш жүз алпыс) млн. теңгеге есептеме жүргiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады