"Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 30 желтоқсан N 1898

      Реформаларды жеделдету және дағдарыстан шығу жөнiндегi Үкiметтiң iс-қимылдары бағдарламасына сәйкес нарық қатынастарын қалыптастыру, бәсекенi дамыту және жекешелендiру процестерiн тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының "Агрохимсервис" және "Жасыл желектердi қорғау" акционерлiк қоғамынан басқа акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiн, сондай-ақ "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 қыркүйектегi N 859 қаулысына сәйкес оған берiлген мемлекеттiк мүлiктi иелену, пайдалану және басқару құқықтарын тоқтатсын;
      "Агрохимсервис" және "Жасыл желектердi қорғау" акционерлiк қоғамдары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң айрықша өкiмi шығарылғанға дейiн жекешелендiруге жатпайды деп белгiленсiн;
      "Құнарлылық" акционерлiк компаниясымен "Агрохимсервис" және "Жасыл желектердi қорғау" акционерлiк қоғамдарының мемлекеттiк акциялар пакеттерiн басқаруға шарт жасассын.
      2. Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөнiндегi комитетi осы компанияның құрамына кiрген акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сатсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп, "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құқықтары мен мiндеттемелерi жөнiнде құқықтық

мұрагерлерiн айқындасын.
     4. "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы"
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9
қыркүйектегi N 859 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 37,
429-бап) қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады