Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
1. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын тауарларға және құмар ойындар бизнесiне арналған акциздердiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 шiлдедегi N 974 P950974_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 281-құжат) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
"Ататын және газ қаруы (мемлекеттiк өкiмет органдары үшiн сатып алынғандардан басқа)" деген жолдағы "40" саны "20" санына алмастырылсын.
2. Ататын және газ қаруына (мемлекеттiк өкiмет органдары үшiн сатып алынғандардан басқа) белгiленген акциздер ставкасы 1996 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi