Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратына әкiмшiлiк үйлерiн, мейманханаларды иелену, пайдалану және иелiк ету құқықтарымен беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 қаңтар N 28. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.05.13. N 592 қаулысымен. ~P960592

      Қазақстан Республикасының Үкiметi үкiмет мекемелерi қызмет үйлерiн тиiмдi пайдалану мен ұстаудың төмен деңгейде екенiн, мемлекеттiк меншiктi басқарудың, әсiресе министрлiктер мен ведомстволар, мемлекеттiк холдинг компаниялары мен акционерлiк қоғамдардың жасалған тетiгiн жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуына бақылаудың әлсiрегенiн атап өтедi.
      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Аппараты жүргiзген тексерулердiң нәтижесiнде үйлердi пайдалануда көптеген тәртiп бұзушылықтың бетi ашылды. Iс жүзiнде мемлекеттiк мекемелер үйлерiнiң тұтас кешендерi көптеген коммерциялық құрылымдарға жалға берiлгенiмен, жалға беруге түскен қаржыға тиiстi бақылау жоқ, нәтижесiнде коммуналдық қызметтер мен пайдалануға жалгерлердiң төлемдерiнде аса көп берешек құралған. Жаңадан құрылған мемлекеттiк басқару органдарын орналастыру үшiн алаң-жайлар тапшылығы қолдан жасалуда.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк мекемелердi орналастыру, бұрынғы министрлiктер мен ведомстволардың орынды акционерлендiрiлуiне, бұл компаниялардың жарғы қорынан әкiмшiлiк үйлерiн заңды ретiмен шығарылуына тексеру мен бақылау мәселелерi бойынша тапсырмаларын орындау мерзiмi бұзылуда.
      Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының жедел басқаруына берiлген "Қазақстан", "Алматы", "Жетiсу" мейманхана кешендерiне қатысты тәртiп бұзушылық орын алған. Тұру және тамақтанудың бiртұтас технологиялық циклi бұзылған. Мейманхана кешенiн әртүрлi шаруашылық субъектiлердiң бiрнеше басшысы басқарады.
      Аталған тәртiп бұзушылықты жою, тиiстi тәртiп орнату және қызмет үйлерi мен мемлекеттiк кешендердi тиiмдi пайдалануға бақылау жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (С.С.Қалмырзаев):
      Үкiмет мекемелерi әкiмшiлiк үйлерiн пайдалануда орын алған кемшiлiктер мен тәртiп бұзушылықтарды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бiр ай мерзiмде жойсын;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратына әкiмшiлiк үйлер, "Қазақстан", "Алматы", "Жетiсу" мейманхана кешендерiн иелену, пайдалану және иелiк ету құқықтарымен, қосымшаға сәйкес, 1996 жылдың 1 ақпанына дейiн берсiн.
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк компаниялар мен қоғамдардың жарғы қорынан әкiмшiлiк үйлердi шығаруды 1996 жылдың 1 сәуiрiне дейiн аяқтасын;
      әкiмшiлiк үйлердi акционерлiк қоғамдар мен холдингтердiң жарғы қорына берудi тек қана Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты:
      әкiмшiлiк үйлердi, "Қазақстан", "Алматы", "Жетiсу" мейманхана кешендерiн белгiленген тәртiппен, аталған қосымшаға сәйкес, иелену және пайдалану иелiк ету құқықтарымен қабылдасын;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратына иелену, пайдалану және иелiк ету құқықтарымен берiлетiн Алматы қаласындағы әкiмшiлiк үйлердiң ақырғы тiзбесiн 1996 жылдың 1 ақпанына дейiн айқындасын;
      қабылданатын объектiлердiң жай-күйiне тексеру жүргiзсiн; қаржы берешектерi мен жалдау шарттарының ережелерi бұзылғаны анықталған жағдайда тигiзiлген зиян сомасын өндiрiп алу, жалдау шарттарын бұзу және аталған тәртiп бұзушылыққа жол берген ұйымдарды шығару жөнiнде шаралар қабылдасын;
      Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарын Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясымен, мүдделi министрлiктер және ведомстволармен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратына иелену, пайдалану және иелiк ету құқықтарымен берiлетiн Ақмола қаласындағы әкiмшiлiк үйлер және қызмет көрсету объектiлерiнiң бастапқы тiзбесiн 1996 жылдың 1 сәуiрiне дейiн айқындасын;
      Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының қарамағына әкiмшiлiк үйлер мен мейманхана кешендерiн беру кезiнде жүктелетiн функциялары ескерiлiп, Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң мәртебесiн өзгерту жөнiндегi ұсынысын 1996 жылдың 1 ақпанына дейiн енгiзсiн.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 16 қарашадағы N 1545 қаулысындағы 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
      Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппарат Басшысының бiрiншi орынбасары Б.Т.Биманбетовке жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


                                     Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 қаңтардағы N 28 қаулысына қосымша


             Иемдену, пайдалану және иелiк ету құқықтарымен

            Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратына
            берiлетiн Алматы қаласы бойынша әкiмшiлiк
                            үйлерінiң
                             Тiзiмi

__________________________________________________________________
 N            Ұйымдардың атауы          Әкiмшiлiк үйлерiнiң
р/с                                       мекен-жайы
__________________________________________________________________
 1                    2                           3
___________________________________________________________________
 1.    Қазақстан Республикасының
       Геология және Жер қойнауын
       қорғау министрлiгi                  Достық даңғылы, 85
 2.    Қазақстан Республикасының
       Денсаулық сақтау министрлiгi        Абылайхан даңғылы, 63
 3.    Қазақстан Республикасының
       Мәдениет министрлiгi                Гоголь көшесi, 35
 4.    Қазақстан Республикасының
       Бiлiм министрлiгi                   Жамбыл көшесi, 25
 5.    "Достық" спорт
       кешенi                              Абай даңғылы, 48
<*>

 6.    Қазақстан Республикасының
       Өнеркәсiп және сауда
       министрлiгi                         Гоголь көшесi, 111
 7.    Қазақстан Республикасының
       Халықты әлеуметтiк қорғау
       министрлiгi                         Қонаев көшесi, 122
 8.    Қазақстан Республикасының
       Ауыл шаруашылығы министрлiгi        Республика алаңы, 15
 9.    Қазақстан Республикасының
       Қаржы министрлiгi                   Абылайхан даңғылы, 97
                                           Абылайхан даңғылы, 93/95
 10.   Қазақстан Республикасының
       Экономика министрлiгi               Желтоқсан көшесi, 115

 11.   Қазақстан Республикасының
       Экология және биоресурстар
       министрлiгi                         Панфилов көшесi, 106
 12.   Қазақстан Республикасының
       Энергетика және көмiр
       өнеркәсiбi министрлiгi              Бөгенбей батыр көшесi,142
 13.   Қазақстан Республикасының
       Әдiлет министрлiгi                  Әдiлсот Үйi
                                           Әйтеке би көшесi, 67
 14.   Қазақстан Республикасының
       Кеден комитетi                      Жибек жолы көшесi, 127
<*>

 15.   Қазақстан Республикасының
       Мемстаткомы                         Абай даңғылы, 125
 16.   Қазақстан Республикасының
       Су ресурстары жөнiндегi
       комитетi                            Желтоқсан көшесi, 118
 17.   Қазақстан орман орналастыру         
       кәсiпорны (Қазорманжоба)            Жiбек жолы көшесi, 15
<*>

       
 18.   Қазақстан Республикасының
       Мемкенқадағалаукомы                 Зенков көшесi, 80/84
 19.   Қазақстан Республикасының
       Қазгеодезиясы                        Төлеби көшесi, 155
 20.   Қазақстан Республикасының
       Стандарткомы                        Алтынсарин даңғылы, 83
 21.   "Қазақстан теледидары мен
       радиосы" республикалық
       корпорациясы                        Республика алаңы, 13
 22.   Қазақстан Республикасының
       Еңбек министрлiгi                   Бөгенбай батыр көшесi,
                                           152
<*>

 23.   Қаржы-валюталық бақылау
       комитетi                            Айтеке би көшесi, 58
 24.   Қазақстанэнерго                     Шевченко көшесi, 162 ж
 25.   Қазгипрогаз институты               Сейфуллин көшесi, 521
<*>

 26.   
<*>

 27.   
<*>

 28.   "Сайкес" халықаралық
       Ынтымақтастық орталығы
       (бұрынғы Саяси ағарту Үйi)          Достық даңғылы, 85
 29.   "Легпром" ҒТЗО                      Фурманов көшесi, 50
 30.   Экономика және нарықтық
       қатынастар ҒЗИ                      Абай даңғылы 52 а
 31.   "Алматыгипротранс" МЖИ              Пушкин көшесi, 2
 32.   Мемлекеттiк жер ресурстары          Әуезов көшесi, 107
<*>

       мен жерге орналастыру ғылыми-өндi.
       рiстiк орталығы (ГосНПЦзем)
 33.   Мем НПЦ "Зем"                       Абай даңғылы, 115
 34.   "Қазақстан" мейманхана
       шаруашылығының бiрлестiгi
 35.   "Жетiсу" мейманханасы
 36.   "Алматы" мейманханасы
 37.   "Тағам" акционерлiк компаниясы       Мәуленов көшесi, 92,
                                            1 павильон
<*>

 38.   "Тоған" мемлекеттiк акционерлiк
       компаниясы                           Жандосов көшесi, 58
<*>
  
 39.   Қазақстан Республикасының Баспа-
       сөз және бұқаралық ақпарат iстерi
       жөнiндегi ұлттық агенттiгi           Мечников көшесi, 84
<*>

 40.   "Сантехпроект" және "Қазсталь.
       конструкция" жобалау институттары    Жандосов көшесi, 2
<*>

 41.   Қазақстан Республикасының Экология
       және биоресурстар министрлiгi        Панфилов көшесi, 106а
<*>

 42.   "Қазгипроводхоз" институты           Жибек жолы көшесi,127
<*>

 43.   "Тұрғынүйқұрылысбанкi" үйiне
       қосымша құрылыс                      Шевченко көшесi, 100
<*>

 44.   Қазақстан Республикасының Баға
       және монополияға қарсы саясат        Наурызбай батыр көшесi,
                                            65/69
<*>

     Ескерту. Қосымшаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi - 
              ҚРҮ-нiң 1996.04.29. N 526 қаулысымен.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады