1. Мыналар:
экономиканың барлық салаларының қызметкерлерi үшiн 1996 жылға арналған Бiрыңғай тарифтiк кесте 1-қосымшаға сәйкес;
қызметкерлердiң барлық санаттарының еңбегiне ақы төлеу үшiн Бiрыңғай тарифтiк кестенi қолданудың негiзгi шарттары (экономиканың барлық салалары үшiн ортақ) 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Мыналар:
Қазақстан Республикасы экономикасының барлық салалары қызметкерлерiнiң тарифтiк ставкалары мен лауазымдық жалақыларын айқындау үшiн көрсеткiш ретiнде Бiрыңғай тарифтiк кестенiң 1-разряды тарифтiк ставкасының мөлшерi пайдаланатын болып; Қазақстан Республикасы экономикасының барлық салаларының қызметкерлерi үшiн Бiрыңғай тарифтiк кестенiң 1-разряды тарифтiк ставкасының айлық мөлшерi: 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 1100 теңге; 1996 жылдың 1 сәуiрiнен бастап - 1400 теңге; 1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап - 1700 теңге; 1996 жылдың 1 қазанынан бастап - 2000 теңге мөлшерiнде белгiленсiн. 3. Мыналар: Бiрыңғай тарифтiк кестенiң 1-разрядының ставкасы жұмыс берушiге жалақының кепiлдi мөлшерi болып табылады;
Бiрыңғай тарифтiк кесте мен разрядаралық коэффициенттерге негiзделiп есептелген тарифтiк ставкалар мен лауазымдық жалақылар еңбекке ақы төлеудiң деңгейi (еңбек нормаларын орындаған жағдайда) болып табылады және тарифтiк келiсiмдер мен ұжымдық шарттар жасасу кезiнде негiз ретiнде қызмет етедi;
еңбекақыны есептеу кезiнде салалық, аудандық коэффициенттердiң, биiк таулы, шөлейiт және сусыз жерлерде жұмыс жасағаны, экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшiн төленетiн коэффициенттердiң қолданылып жүрген мөлшерi сақталады;
ұйым өтемақылық төлемдер мен үстеме ақыларды қолданылып жүрген заң, нормативтiк және ведомстволық актiлерде белгiленгеннен кем емес мөлшерде белгiлейдi. Ынталандыру төлемдерiн ұйымдар өздерi айқындайды және еңбекақы қоры шегiнде төлейдi;
материалдық өрiстегi салалар үшiн аталған қаулыны қолданудың Бiрыңғай тарифтiк кестенiң 1-разрядының ставкасы 2-тармақтың үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы және жетiншi абзацтарына сәйкес белгiленген деңгейден төмен бекiтiле алмайтындығын қоспағанда, ұсынымдық сипаты бар; <*>
қызметкерлердi жалдаудың контрактылық нысаны пайдаланылған кезде меншiк нысандары мен шаруашылық жүргiзу түрлерiне қарамастан, негiздемелiк деңгей ретiнде Бiрыңғай тарифтiк кестеге сәйкес есептелген ставкалар мен лауазымдық жалақылар алынады деп айқындалсын.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.06.
28. N 816 қаулысымен. P960816_
4. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволар жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесе отырып:
мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдардың құрылымы мен жүйесiн оңтайландыруды, оларды ұстаудың және қызмет iстеуiнiң нормалары мен шарттарын тиiмдi ете түсудi аяқтасын, бұл орайда 1996 жылдың бiрiншi тоқсанында штаттық лауазымдарды мынадай мөлшерде: ғылым мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт саласында 20 процентке; денсаулық сақтау саласында - 15 процентке; әлеуметтiк қорғау саласында - 10 процентке; мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын өзге де ұйымдардың еңбегiне ақы төлеу Бiрыңғай тарифтiк кестеге сәйкес жүзеге асырылатын қызметкерлерiн - 10 процентке, ал бiлiм беру саласының ұйымдары бойынша штаттық лауазымдарды, педагогикалық жұмыс көлемi нормаларының қайта қаралатынын ескере отырып, 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде 20 процентке қысқартуды көздесiн. Босатылатын адамдарды бюджеттен тыс көздер есебiнен ақылы негiзде ұстауға барынша толық ауыстыру жөнiнде шаралар қолдансын.
Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен және Әдiлет министрлiгiмен келiсiм бойынша бiр ай мерзiмде қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеудi реттейтiн, қолданылып жүрген ведомстволық нормативтiк актiлерге тиiстi өзгертулер мен толықтырулар енгiзсiн.
5. Осы қаулының орындалуы үшiн жеке жауапкершiлiк министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың бiрiншi басшыларына, сондай-ақ облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне жүктелсiн.
6. Министрлiктермен ведомстволар осы қаулының орындалуы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1996 жылдың 1 сәуiрiне дейiн баяндайтын болсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетi 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiн осы қаулының орындалуына тексеру жүргiзсiн.
7. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi, Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi салалық министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және ведомстволармен бiрлесiп, еңбектiң бiлiктiлiк уәжiнiң күшейе түсетiнiн есте ұстай отырып, Бiрыңғай тарифтiк кестенiң параметрлерiн жетiлдiру жұмысын жалғастырсын және осы мәселе бойынша келiсiлген ұсыныстарды 1996 жылдың 1 маусымына Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 3-қосымшаға сәйкес кейбiр
шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 9. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы қаулысы 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 31 қаулысына N 2 ҚОСЫМША Қызметкерлердiң барлық санаттарына еңбекақы төлеуге арналған Бiрыңғай тарифтiк кестенi қолданудың негiзгi шарттары (Экономиканың барлық салалары үшiн ортақ)
1. Экономиканың барлық салаларының ұйымдары Бiрыңғай тарифтiк кестенiң, мамандықтардың қолданылып жүрген Бiрыңғай тарифтiк бiлiктiлiк кестесiнiң және қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк кестесiнiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген бiлiктiлiк сипаттамаларының негiзiнде Бiрыңғай тарифтiк кестенiң разрядтары бойынша мамандықтар мен лауазымдарды сәйкестендiрудi жүзеге асырады.
Бiрыңғай тарифтiк кестенiң разрядтары бойынша қызметкерлердi нақты орналастыру берiлген бiлiктiлiк ескерiле отырып жүргiзiледi.
Қызметкерлердi қайта тарифтеу ұйымда белгiленген мерзiмде, бiрақ әрi кеткенде 3 жылда бiр рет жүргiзiледi.
Орынбасарлардың ставкаларын тиiстi басшылар ставкаларынан 10-20 процент, көмекшiлер мен ассистенттердiң ставкаларын-20-30 процент төмен белгiлеу ұсынылады.
Жеңiлдiктер мен өтемақылардың ең аз мөлшерi Бiрыңғай тарифтiк кестенiң негiзiнде есептелген тарифтiк ставкалар мен жалақыларға шаққанда процент есебiмен айқындалады. Ұжымдық шарттар мен тарифтiк келiсiмдерде бұл мөлшерлер еңбекақы төлеуге қолда бар қаражаттың көлемiнде арттырылуы мүмкiн.
2. Толық емес жұмыс күнi немесе жұмыс көлемi толық болмайтын жағдайда нақты орындалған жұмыстар үшiн, сондай-ақ уақытша немесе бiр жолғы сипаттағы жұмыстарға ақы төлеу үшiн еңбекке сағаттық ақы төлеу қолданылсын.
3. Министрлiктер мен ведомстволар кәсiптiк одақтардың тиiстi бiрлестiктермен бiрлесе отырып жұмысшылар мамандықтарының қолданылып жүрген Бiрыңғай тарифтiк бiлiктiлiк кестесiне және қызметшiлердiң Бiлiктiлiк кестесiне енбеген бiлiктiлiк сипаттамаларын, сондай-ақ осы лауазымдарды Бiрыңғай тарифтiк кестенiң разрядтарына жатқызу тәртiбiн жасап, Еңбек министрлiгiмен келiсiп алып, оларды бекiтетiн болсын.
4. Осы қаулыға сәйкес қызметкерлер үшiн енгiзiлетiн ставкалар мен жалақылар коэффициенттердi, үстемақыларды және жеңiлдiктердi ескергенде қазiр қолданылып жүрген коэффициенттердi, үстемақыларды, және жеңiлдiктердi ескергенде ставкалар мен жалақылардан төмен болатын жағдайларда, осы қызметкерлерге олардың осы ұйымда сол немесе басқа неғұрлым жоғары қызметте жұмыс iстеген уақыты үшiн жалақыға тиiстi айырма төленедi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 9 қаңтардағы
N 31 қаулысына
N 3 ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
күшiн жойған кейбiр шешiмдерiнiң
Т I З Б Е С I
1. "Халық шаруашылығы қызметкерлерiнiң барлық санаттары үшiн Бiрыңғай тарифтiк кестенiң негiзiнде еңбекақы төлеудiң жаңа шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 қазандағы N 888 P920888_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., N 40, 604-құжат).
2. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қорықтар мен ұлттық табиғат парктерiн дамыту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 шiлдедегi N 607 P930607_ қаулысының 5-тармағы ( Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 29, 342-құжат).
3. "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мәселелерi" атты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 977 P930977_ қаулысының 5-тармағының бiрiншi абзацы.
4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Ақпарат-есеп орталығын қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 2 қарашадағы N 1088 P931088_ қаулысының 3-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосының мәселелерi" атты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 28 сәуiрдегi N 439 P940439_ қаулысының 2-тармағы.
6. "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан Менеджмент, экономика және болжамдау институтының материалдық-техникалық базасын одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 маусымдағы N 696 P940696_ қаулысының 1-тармағының бесiншi абзацы.
7. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 қазандағы N 888 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 қарашадағы N 1289 P941289_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 45, 491-құжат).
8. "Мемлекеттiк басқарудың ұлттық жоғары мектебi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы N 35 P950035_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 2, 19-құжат) 1-тармағының екiншi абзацы "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 қазандағы N 888 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 қарашадағы N 1289 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 40, 604-құжат) енгiзiлген өзгертулердi ескере отырып "Халық шаруашылығы қызметкерлерiнiң барлық санаттары үшiн Бiрыңғай тарифтiк кестенiң негiзiнде еңбекақы төлеудiң жаңа шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 қазандағы N 888 қаулысында көзделген" деген сөздер алып тасталады.
9. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығының мәселелерi" атты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 538 P950538_ қаулысының 3-тармағы "Халық шаруашылығы қызметкерлерiнiң барлық санаттары үшiн Бiрыңғай тарифтiк кестенiң негiзiнде еңбекақы төлеудiң жаңа шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 қазандағы N 888 қаулысында көзделген" деген сөздер алып тасталады.
10. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдiң 1995 жылғы 12 қыркүйектегi N 349 R950349_ өкiмiнiң 1-тармағының үшiншi абзацы.