Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 30 қыркүйек 1993 ж. N 977

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын құру туралы" 1993 жылғы 16 маусымдағы N 1235  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты үкiметтiк ғылыми-зерттеу мекемесi, өзiнiң есеп айырысу есепшоты мен мөрi бар дербес заңды ұйым болып табылады деп белгiленсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы Ереженiң жобасы мақұлдансын және ол Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне енгiзiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi: 
      - 1993 жылы Қазақстанның Менеджмент, Экономика және Болжамдау институтының Стратегиялық зерттеулер орталығы негiзiнде құрылған Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жұмыс iстеуi үшiн қажеттi бюджет қаржысының үлесiн Қазақстанның Менеджмент, Экономика және Болжамдау институтынан алып берудi қамтамасыз етсiн; 
      - Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын ұстауға арнап республикалық бюджеттен жыл сайын қаржы бөлiнуiн жүзеге асырсын; 
      - Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қызметiнiң бастапқы жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында 1993 жылы республикалық бюджеттен автомобиль көлiгiн және жабдықтарды (ұйымдық техника, компьютерлер мен байланыс құралдары) сатып алу үшiн қаражат бөлсiн. 
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына халықаралық ғылыми байланыстарды қаржыландыруға, шет ел әдебиетiн сатып алуға және шет елдiң мерзiмдi басылымдарына жазылуға арнап жыл сайын валюта қаржысы бөлiнуi көзделетiн болсын. 
      5. Шет ел тiлдерiн бiлгенi үшiн Институт қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысына белгiленген тәртiп бойынша 15 процент мөлшерiнде қосымша ақы төлеу рұқсат етiлсiн.<*> 
      Ескерту. 5-тармақтың 1-шi абзацы күшiн жойған - ҚР 
               Үкiметiнiң 1996.01.09. N 31 қаулысымен.  P960031_  
      6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына 2 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 
      7. <*> 
      Ескерту. 7-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.06.12. 
               N 813 қаулысымен. 
      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi құпиялылық және құпия iс қағаздарын жүргiзу режимiн ұйымдастыруда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметкерлерiне құпия материалдарға рұқсат етудi ресiмдеуде белгiленген тәртiп бойынша әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетсiн. 
      9. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi көрсетiлген қызметке сом есебiмен ақы төлеттiрiп Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын қажеттi телефон байланысымен және халықаралық автоматты телефакс байланысымен қамтамасыз етсiн. 
      10. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына баспа қызметiмен шұғылдану құқығын беретiн болсын. 
      11. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жұмыс iстеуiн және қызметкерлерiн үй-жайларға орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында: 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1993 жылғы 18 қаңтардағы N 6 қаулысының ғылыми кiтапханаға арналған жапсырма құрылыс салуға қатысты бөлiгiн қайта қарау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне ұсынылсын;<*> 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасының Жастар iсi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне оның жалдау негiзiнде Институттан алып отырған үй-жайларымен бiрдей орын бөлу мәселесiн 1994 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн шешетiн болсын. 
      Ескерту. 11-тармағының екiншi абзацында сөздер алынып 
               тасталған - ҚРМК-нiң 1994 ж. 25 наурыздағы N 298 
               қаулысымен.  P940298_  
      12. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1991 жылғы 20 желтоқсандағы N 225 өкiмiнiң күшi жойылған деп саналсын. 
 
        Қазақстан Республикасының 
            Премьер-министрi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады