Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 11 қаңтар N 35. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.11.11. N 1156 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiн құру туралы" 1994 жылғы 29 тамыздағы N 1845 K941845_ қаулысын орындау үшiн және жоғары әкiмшiлiк кадрларын даярлау үшiн қажеттi жағдай туғызу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      <*> <*> <*>
      Мектептiң өтiнiмдерi негiзiнде шақырылған шетелдiк оқытушыларға Алматы қаласында пәтер жалдау жөнiндегi шығындарды өтеу үшiн жыл сайын республикалық бюджет қаражаты есебiнен қажеттi қаражат бөлiнуiн көздесiн.
      Ескерту. 1-тармақтың 2-шi абзацынан сөздер алынып тасталды -
               ҚР Үкiметiнiң 1996.01.09. N 31 қаулысымен. P960031_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.01.11.
               N 53 қаулысымен. P960053_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2-абзацы күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.04.02.
               N 465 қаулысымен. P970465_

      2. Шетел тiлдерiн бiлетiн және оларды практикалық жұмыста үнемi қолданатын Мектеп қызметкерлерiнiң жалақы ставкалары мен лауазымдық окладтарына 15 процент мөлшерiнде үстеме белгiленсiн.
      3. Мектеп тыңдаушыларына бұрынғы жұмыс орнында алып келген жалақысы мөлшерiнде, бiрақ өндiрiстен қол үзiп оқитын жоғары оқу орындарының аспиранттарына арналып белгiленген стипендия мөлшерiнен төмен болмайтындай стипендия тағайындалсын.
      4. Қазақстан Республикасының ҰЖМБМ-i директорының лауазымы материалдық-тұрмыстық және медициналық қамтамасыз ету, көлiк қызметiн көрсету жағдайы жөнiнен республика министрiнiң лауазымына, ал Мектеп директорының орынбасарлары - республика министрлерi орынбасарларының лауазымдарына теңестiрiлсiн.
      5. Мектеп қызметкерлерiне қызмет көрсету үшiн қызмет бабында пайдаланылатын 1 (бiр) автомобиль бөлiнсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi және Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсi:
      Мектептiң материалдық-техникалық бағасын нығайтуға, сондай-ақ халықаралық оқу және ғылыми байланыстарын қаржыландыруға, тыңдаушыларды шетелде тағылымдамадан өткiзуге, шетел әдебиетiн сатып алу мен шетелдiк мерзiмдi басылымдарға жазылуға жыл сайын қаражат бөлiнуiн көздесiн;
      республика халық шаруашылығының жоғары әкiмшiлiк кадрларына деген қажеттiлiгiн ескере отырып, республикалық бюджеттен қайтарымсыз негiзде Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсi арқылы қаржыландырылатын 1995-2000 жылдары Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiнiң үйлерi мен ғимараттары кешенiн жобалауға және салуға қажеттi қаражат бөлiнуiн көздесiн.
      7. Алматы қаласының әкiмi құрылыстан бос жерлерден ҰЖМБМ үшiн әкiмшiлiк-оқу корпусы мен тұрғын үй салуға жер учаскелерiнiң бөлiнуiн ресiмдесiн.
      Мектептiң дербес материалдық-техникалық базасы болғанға дейiн оған Қазақстанның Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтына (ҚМЭБИ) бекiтiлген әкiмшiлiк, оқу және тұрғын үй-жайларын тең құқықпен пайдалануға құқық берiлсiн, ол жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге және коммуналдық қызмет көрсетiлуiне төлем жасауға тиiстi үлесiмен қатыстырылсын.
      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Алматы қаласының әкiмi ҰЖМБМ-ның КМЭБИ-де уақытша орналасуын ескерiп, жаңа кешен салынып бiткенге дейiн осы мектептi орналастыру үшiн қолайлы үйдi немесе үй-жайды iздестiрiп, бөлетiн болсын.
      9. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi медициналық қызмет көрсету үшiн ҰЖМБМ профессор-оқытушы құрамының тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады