Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 шiлдедегi N 608 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 9 қаңтар N 37. Күші жойылды - ҚРҮ-нің 1999.04.29. N 498 қаулысымен.

      ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚРҮ-нің 1999.04.29. N 498 қаулысымен.
               P990498_
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасында Ауыл шаруашылық өсiмдiктерi мен орман алқабын химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондарды және өсуiн реттегiштердi сынау мен тiркеу жөнiндегi Мемлекеттiк ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 шiлдедегi N 608 P920608_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 29, 429-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      қаулының атауындағы "Мемлекеттiк" сөзi "республикалық" сөзiмен алмастырылсын және "ведомствоаралық" сөзi алынып тасталсын.
      1-тармақ мынадай редакцияда берiлсiн:
      "1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан дайындаушы фирмалардан, кәсiпорындар мен ұйымдардан түскен тiркеу жарналары қаражатының есебiнен толық шаруашылық есептегi және өзiн-өзi ақтайтын Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн және орман алқабын химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондарды және өсуiн реттегiштердi сынау мен тiркеу жөнiндегi республикалық комиссия құрылсын";
      3-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда берiлсiн:
      "Оған жүктелген мiндеттерi шешу үшiн зерттеу шарттық негiзде жүргiзiлсiн.
      Шарттық негiзде ақпараттық-құқықтық сипаттағы ақылы қызметтер көрсетiлсiн. Ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражатты жұмсау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып жүзеге асырылады";
      4-тармақ мынадай редакцияда берiлсiн:
      "4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасында Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен орман алқабын химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондарды және өсуiн реттегiштердi сынау мен тiркеу жөнiндегi белгiленген комиссия туралы Ереженi әзiрлеп, бiр ай мерзiмде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын";
      мынадай мазмұндағы жаңа тармақпен толықтырылсын:
      "5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне комиссияның жұмыс аппаратын орналастыру үшiн үй-жай (100 м2 кем емес) бөлу тапсырылсын".
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасында Ауыл шаруашылық өсiмдiктерi мен орман алқабын химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондарды және өсуiн реттегiштердi сынау мен тiркеу жөнiндегi Мемлекеттiк ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 шiлдедегi N 608 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 29, 429-құжат) қосымша;
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 шiлдедегi N 608 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 маусымдағы N 630 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 25, 270-құжат).
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады