Жаңа-Семей-Конечная темiржол желiсiн басқаруға беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 11 қаңтар N 52. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.07.26. N 1113 қаулысымен. ~P001113

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Алматы темiржол басқармасының, қызметi шағын Жаңа Семей-Конечная учаскесi осы учаскедегi жайғастырмаларымен және коммуникацияларымен "Балапантранс" акционерлiк қоғамының басқаруына берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Алматы темiржол басқармасы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қажеттi құжаттарды әзiрлеп, мұнда мыналарды қарастырсын:
      бұл учаскенi темiр жол көлiгiнде қолданылып жүрген техникалық жағдайлармен, Техникалық пайдалану ережелерiмен және басқа нормативтiк құжаттармен толық сәйкестiкте ұстау шарттарын сақтау;
      тасымалдауға Қазақстан Республикасының темiр жолдары үшiн белгiленетiн iшкi республикалық тарифтен аспайтын тарифтi қолдану;
      басқармаға берiлген объектiлердi пайдаланудың бүкiл кезеңiнде толық сақтауды қамтамасыз ету;
      жылжымалы құрамды пайдаланғаны үшiн әзiрленген ставкалар бойынша Алматы темiржол басқармасы мен "Балапантранс" акционерлiк қоғамының арасында вагондар мен локомотивтердi пайдалану жөнiндегi шарттық қатынастарды орнықтыру;
      Алматы темiржол басқармасы үшiн жол қозғалысының жай-күйiн және

жұмыстың технологиялық принциптерiнiң орындалуын тексеру құқығының
сақталуы;
     осы желiде қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердi толық
көлемде әлеуметтiк қорғау;
     темiржолдарда белгiленген нормалар бойынша қызметкерлердi жеке
қорғаныш құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз ету.
     3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады