Қостанай спирт зауытының құрылысын аяқтау және iске қосу жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 29 қаңтар N 116. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.23. N 647 қаулысымен. ~P970647

      Құрылысын аяқтау, инвестициялардың түсуiн қамтамасыз ету, озық технологиялар мен осы заманғы басқару әдiстерi деңгейiнде спирт өндiрiсiн ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң және "Тағам" акционерлiк қоғамының Қостанай спирт зауытының құрылысын аяқтау және кейiн жекешелендiрiп, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң бақылауымен ашық аукционда басқа инвесторларды тартып, оған басқаруға беру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Тағам" акционерлiк компаниясымен осы қаулы қабылданған дейiн жасалған шарттар бойынша қаржы мәселелерiн реттеудi қоса алғанда, онда оның құрылысын аяқтап, өндiрiстiк қызметiн басқару жөнiндегi "Тағам" акционерлiк қоғамының мiндеттемесi қарастырылып, Қостанай спирт зауытын басқару құқына контракт жасасын;
      "Тағам" акционерлiк қоғамының Қостанай спирт зауытын басқару құқығына шарттарын орындауына бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ осы қаулыны орындау бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру жөнiндегi Үкiмет өкiлiн айқындасын. Үкiметке 1996 жылдың сәуiрi мен шiлдесiнде баяндалсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады