"Ауыл құрылысы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қайта ұйымдастыру мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 2 ақпан N 144

      Реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi Үкiмет iс-қимыл бағдарламасына сәйкес, бәсекелестiк дамыту және жекешелендiру процесiн жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Ауыл құрылысы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын қосымшаға сәйкес тоқтатсын;
      "Ауыл құрылысы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына кiретiн акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берiлсiн;
      "Ауыл құрылысы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы қайта құрылғаннан кейiн "Ауыл құрылысы" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының жарғылық қорында кейiннен жекешелендiру құқығымен қалған мемлекеттiк мүлiк үлесiн айқындасын;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп "Ауыл құрылысы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының қарыздары мен мiндеттемелерi жөнiнде құқықтық мұрагер анықтасын;
      "Ауыл құрылысы" акционерлiк қоғамына Россия Федерациясының аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасына тиесiлi ағаш дайындайтын кәсiпорындар (Абалаков ағаш жинау-жөнелту базасы мен "Казиркутсклес" бiрлескен кәсiпорыны) мүлкiнiң үлестерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын табыстасын.
      2. "Ауыл құрылысы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының

президентi мен байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 823 қаулысының:
     "Ауыл құрылысы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы"
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8
қыркүйектегi N 845 қаулысының Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993
ж., N 36, 418-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 2 ақпандағы
                                           N 144 қаулысына
                                            Қосымша 
     
            Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi қайтарып
                 алынатын акционерлiк қоғамдардың
                            ТIЗБЕСI 
     
     "Казэлеватормельмонтаж" АҚ, Алматы облысы;
     "Элеватормельстрой" АҚ, Алматы облысы;
     "Южспецсельмонтаж" АҚ, Алматы облысы;
     "Қапшағайауылқұрылыс" АҚ, Алматы облысы;
     "Целинсантехмонтаж" АҚ, Ақмола облысы;
     "ЖБК" АҚ, Ақмола облысы;
     "Керамзит" АҚ, Ақмола облысы;
     "ЖБК Темiр" АҚ, Көкшетау облысы;
     "Темiр-бетон" АҚ, Қостанай облысы;
     "Строймаш" АҚ, Қостанай облысы;
     "Севказремсервис" АҚ, Солтүстiк Қазақстан облысы;
     "ПССК" АҚ, Солтүстiк Қазақстан облысы;
     "Торғайауылқұрылыс" АҚ, Торғай облысы;
     "Керамзит" АҚ, Торғай облысы;
     "Дербес" АҚ, Торғай облысы; 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады