Конкурстық комиссияның "Қазақалтын" акционерлiк қоғамын сенiмдi басқаруға беру шешiмiн бекiту және шетел инвестицияларын тарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 6 ақпан N 155

      "Қазақалтын" акционерлiк қоғамының қаржы-шаруашылық қызметiн сауықтыру, инвестицияларды, озық технологияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазақалтын" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн "Gold Pool" қазақ-канада бiрлескен кәсiпорнына сенiмдi басқаруға беру туралы конкурстық комиссияның шешiмi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Қазақалтын" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн басқару құқығына тендердiң жеңiмпаздары "Gold Pool" қазақ-канада бiрлескен кәсiпорнымен контракт жасасын;
      "Қазақалтын" акционерлiк қоғамын "Алтыналмас" акционерлiк қоғамының құрамынан белгiленген тәртiппен шығарсын;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан аталған контрактiге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Мүлiктi басқару

жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп
және сауда министрлiгi және "Gold Pool" қазақ-канада бiрлескен
кәсiпорны "Қазақалтын" акционерлiк қоғамын инвестициялау және
жекешелендiру бағдарламасын енгiзсiн.
     4. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау
министрлiгi "Қазақалтын" акционерлiк қоғамына:
           Тоқтар
           Жолымбет
           Бестөбе
           Ақбейiт
           Ақсу
           Байлысты
           Солтүстiк Қарасу
           Март
           Солтүстiк Байлысты
           Степок
           Кварцит төбелерi
кенiштерi;


      "Қазақалтын" акционерлiк қоғамының байыту фабрикалары мен кәсiпорындарының құрамында алтыны бар өңделмеген үйiндiлерi мен қалдықтары бойынша лицензия ресiмдесiн.
      "Қазақалтын" акционерлiк қоғамының кәсiпорындарына резерв

қамтамасыз ету мақсатында алтынға геологиялық барлау жасау үшiн
                                                       2
"Gold Pool" қазақ-канада бiрлескен кәсiпорнына 4 000 км  алаң
бөлiнiп, "Қазақалтын" акционерлiк қоғамының жұмыс iстейтiн
кәсiпорындарының ауданында оларға лицензия ресiмделсiн.
     5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi Г.Г. Штойкке жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады