1. Конкурстық комиссияның "Майкаинзолото" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн "BSB" қаржы-өнеркәсiп корпорациясының сенiмдiк басқаруына беру туралы шешiмi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
Тендердiң жеңiмпазы - "BSB" қаржы-өнеркәсiп корпорациясымен "Майкаинзолото" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн басқару құқығына контракт жасасын;
"Майкаинзолото" акционерлiк қоғамы белгiленген заң тәртiбiмен "Алтыналмас" акционерлiк қоғамының құрамынан шығарылсын;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасына аталған контрактiнi Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан жасауға уәкiлдiк берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi және "BSB" қаржы-өнеркәсiп корпорациясы "Майкаинзолото" акционерлiк қоғамын инвестициялау мен жекешелендiру бағдарламасын енгiзсiн. 4. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "Майкаинзолото" акционерлiк қоғамына: Мақайың "В" Алпыс Сувенир Төртқұдық Майқайың "Е" Үштөбе <*>
"Майкаинзолото" акционерлiк қоғамы байыту фабрикалары мен кәсiпорындарының құрамына алтыны бар қалдықтары мен үйiндiлерi бойынша лицензиялар ресiмдесiн.
"Майкаинзолото" акционерлiк қоғамының кәсiпорындары үшiн резерв қамтамасыз ету мақсатында "BSB" қаржы-өнеркәсiп корпорациясына
2 алтынды геологиялық барлауға арнап 4000 км алаң бөлiнсiн және "Майкаинзолото" акционерлiк қоғамының жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарының ауданында оларға лицензия ресiмделсiн.
Ескерту. 4-тармақтың 1-абзацынан сөздер алынып тасталды -
ҚР Үкiметiнiң 1996.03.13. N 306 қаулысымен. P960306_
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi Г.Г.Штойкке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi