1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген шығыстарды қаржыландыру ережесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 6 ақпан N 166

      Республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсауда үнем тәртiбiн толық және қатаң сақтау, сондай-ақ республикалық бюджет бойынша көзделген шараларды дер кезiнде қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген шығыстарды қаржыландыру ережесi бекiтiлсiн және 1996 жылғы 1 ақпаннан бастап күшiне енгiзiлсiн (қоса берiлiп отыр).
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi



                                       Қазақстан Республикасы



                                       Үкiметiнiң 1996 жылғы

                                       "6" ақпандағы

                                       N 166 қаулысымен

                                          БЕКIТIЛГЕН



 
 
           1996 жылға арналған республикалық бюджетте
               көзделген шығыстарды қаржыландыру
                           ЕРЕЖЕСI
 
      Республикалық бюджеттi атқару Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтетiн кiрiстер мен шығыстардың (тоқсан және ай бойынша бөлiп көрсетiлген) жылдық жазбасы бойынша бюджеттiң бекiтiлген көрсеткiштерiне сәйкес жүзеге асырылады. Республикалық бюджетке белгiленген тәртiппен өзгертулер енгiзiлген жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджетте бар қаржы ресурстарының шеңберiнде бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының өзгертiлген жазбасын орындайды.

 

     Республикалық бюджеттiң есебiнен шығыстарды қаржыландыру үшiн

министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық

атқарушы органдарға айына бiр рет (айдың 2-күнiнен кейiн) мынадай

режимде кредиттер ашылады:



     а) шығыстардың мынадай түрлерiн қаржыландыру бiрiншi кезекте

жүргiзiледi:

     есептемелерi жасалған жалақы;

     стипендиялар;

     зейнетақылар;

     тамақтану;

     дәрi-дәрмектерi;

     айрықша шығыстар.

     б) екiншi кезекте:

     шаруашылық шығыстары;

     iссапарлар мен қызмет бабындағы жол жүрулер;

     жабдықтар мен құрал-саймандар, жұмсақ құралдар мен арнаулы

киiмдер сатып алу;

     үйлер мен құрылыстарды күрделi жөндеуден өткiзу, күрделi қаржы;

     банктердiң жарғылық қорларына төленетiн жарналар;


 
       өзге және басқа да шығыстар (субвенциялар, мақсатты қаржыландыру қорлары және сыртқы және iшкi борыштарды өтеу жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда).
      Кредиттер ашуды қазынашылық шешiмдермен белгiленген лимиттер шегiнде және республикалық бюджеттiң кiрiс бөлiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiлген болжамдық (күтiлетiн) қаражат түсiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
      Шығыстар кiрiстерден есептi айдан кейiн келетiн айдың 1-күнiне асып кеткен жағдайда шығыстардың кiрiстерден асып кеткен сомасына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi таяу арада өткiзiлген үш саудаласудың орташа алынған ставкасы бойынша мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелер рәсiмдейдi.
      Республикалық бюджеттiң қаражатын пайдалану қатаң түрде нысаналы арналымда жүзеге асырылады. Келесi айға республикалық бюджет бойынша кредиттер ашу бұдан бұрын ашылған кредиттердiң пайдаланылуын ескере отырып жүргiзiледi.
      Республикалық бюджеттiң шығыстарын дереу қаржыландыруды қажет ететiн күтпеген жағдайлар пайда болса, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң қаржыландыру тәртiбiн өзгертуге құқығы бар.
      ЕСКЕРТУ. Ережеге өзгертулер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.09.30.
               N 1195 қаулысымен. P961195_
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады