Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 ақпандағы N 166 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 30 қыркүйек N 1195

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қазынашылық пен оның аумақтық органдарының жұмысын қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      "1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген шығыстарды қаржыландыру Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 ақпандағы N 166 P960166_ қаулысымен бекiтiлген 1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген шығыстарды қаржыландыру Ережесiне мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      екiншi абзацтағы "айына екi рет (2 және 17 күндерi)" деген

 

сөздер "айына бiр рет (айдың 2-күнiнен кейiн)" деген сөздермен

ауыстырылсын;

     бесiншi абзац мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

     "Кредиттер ашуды қазынашылық шешiмдермен белгiленген лимиттер

шегiнде және республикалық бюджеттiң кiрiс бөлiгiне Қазақстан

Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiлген болжамдық (күтiлетiн)

қаражат түсiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлiгi жүзеге асырады".


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады