"Әлемсистем" қаржы-инвестициялық компаниясының берешектерiн өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 19 ақпандағы N 210

      "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 U952700_ Жарлығымен көзделген халықаралық қаржы институттарынан займдарды дер кезiнде алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бiр апта мерзiм iшiнде "Әлемсистем" қаржы-инвестициялық компаниясы мен "ДЭУ Моторс" корей компаниясының бiрлескен жобасы бойынша мемлекеттiк кепiлдiк берудiң құқықтылығы туралы қорытынды ұсынсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Alem Bank Kazakhstan Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қорытындысы бойынша "Әлемсистем" қаржы-инвестициялық компаниясының "ДЭУ Моторс" корей компаниясы алдындағы мерзiмi өткен берешек мәселелерiн реттеу жөнiнде шаралар қабылдасын.

      3. Alem Bank Kazakhstan (Е.О. Баймүратов) 1996 жылдың 1 сәуiрiне дейiн бюджет қаражатын қалпына келтiрудi, оның iшiнде "Әлемсистем" қаржы-инвестициялық компаниясының мүлiктерiн сату есебiнен, қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (К.А. Колпаков)

және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (А.С. Павлов) осы
жоба бойынша шешiм қабылдаған басқа тараптағы тұлғаның iс-әрекетiнiң
заңсыздығын айқындау мақсатында Alem Bank Kazakhstan кепiлдiгiмен
"Әлемсистем" қаржы-инвестициялық компаниясына кредит бөлу туралы iс
бойынша материалдарды тергеу органдарына берсiн.

     5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Н.А. Шәйкеновке
жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады