Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 1995 жылғы 22 қарашада Алматы қаласында қол қойылған
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасы
Үкiметiнiң арасындағы Экономикалық ынтымақтастықты одан әрi дамыту
және тереңдету туралы келiсiм бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк
комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары осы
келiсiмдi жүзеге асыру жөнiнде қажеттi жұмыстар орындауды қамтамасыз
етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан
Республикасының Үкiметi арасындағы Экономикалық
ынтымақтастықты одан әрi дамыту және тереңдету туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi қарай тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi
Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстан Республикасы арасындағы 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қарым-қатынастар негiздерi туралы шартты басшылыққа ала отырып,
экономикалық реформалар жүргiзудi, шаруашылықты құрылымдық жағынан қайта құруды, екi елдiң шаруашылық субъектiлерi арасындағы нарықтық қатынастарды дамыту үшiн қолайлы жағдайлар құруды маңызды деп санай отырып;
екi мемлекеттiң және олардың халықтарының мүдделерi үшiн шаруашылық субъектiлерi арасындағы дәстүрлi шаруашылық, мәдени, ғылыми-технологиялық және өндiрiстiк-техникалық байланыстарды жаңа сапалық негiзде дамытуға ұмтыла отырып;
тең құқықты және өзара тиiмдi сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрi дамыту үшiн күш-жiгердi бiрiктiру қажеттiлiгiн түсiне отырып;
мына төмендегiлер жөнiнде уағдаласты:
1-БАП
Тараптардың экономикалық ынтымақтастығы өзара тиiмдi
әрiптестiк, тең құқықтылық, халықаралық нормалар мен ережелердi
мойындау қатынастарына негiзделедi және екi мемлекеттiң ұлттық
мүдделерiн ескере отырып, олардың меншiк нысанына қарамастан
шаруашылық субъектiлерi арасындағы тiкелей бiрлесiп қимылдау жолымен
жүзеге асырылады.
Тараптардың әрқайсысы екiншi Тараптың мүдделерiне зиян
шектiретiн iс-әрекеттерге бармайды, ұзақ мерзiмдiк негiзде
ынтымақтастықты дамыту үшiн шаруашылық субъектiлерiне қолайлы
жағдайлар жасайды.
2-БАП
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында өзара тауар
айналысын арттыруды көтермелеу, сауда қатынастарына одан әрi
бостандық беру, шаруашылық субъектiлерi үшiн теңдей құқықтық және
экономикалық жағдайлар жасау жөнiнде практикалық қадамдар
қарастырады.
Тараптар өзара саудада тарифтiк және тарифтiк емес шектеулердi
бiрте-бiрте азайту және алып тастау жөнiндегi шараларды жүзеге
асыратын болады.
3-БАП
Тараптар мынадай салаларда экономикалық ынтымақтастықты жүзеге
асыруға баса көңiл бөлiнедi деп санайды:
тау-кен өндiру,
түстi металлургия,
машина жасау кешенi,
энергетика,
жеңiл өнеркәсiп,
көлiк және коммуникация.
4-БАП
Тараптар экономикалық интеграцияның ұзақ мерзiмдiк бағдарламаларын жасау және оларды жүзеге асыруды бақылау үшiн экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн үкiметаралық қазақ-тәжiк комиссиясын құрады.
5-БАП
Тараптар өндiрiстiк кооперация саласында екi мемлекет кәсiпорындарының арасындағы тиiмдi өндiрiстiк-технологиялық байланыстарды дамытуға көмектеседi, оларды рационалдық мамандандыруға, интеграциялауға, олардың өнiмдерiнiң iшкi және дүниежүзiлiк рыноктардағы бәсекелестiгiн арттыруға жәрдемдесетiн, сондай-ақ бiрлескен кәсiпорындар құруды көтермелейтiн болады.
6-БАП
Тараптар несие-қаржы ынтымақтастығы саласында өзара тиiмдi жобаларды қаржыландыру үшiн, екi мемлекеттiң экспорттық әлеуеттерiн көтеру үшiн коммерциялық, ұлттық және халықаралық банктердi, инвестициялық, қаржы және сақтандыру компанияларын тарту жөнiнде шаралар қабылдайтын болады.
Тараптар ұлттық капиталдарды өндiрiстiк, инвестициялық және коммерциялық салаларда пайдаланудың басқа да прогрессивтiк нысандарын құруға және дамытуға жәрдемдесетiн болады.
7-БАП
Тараптар барлық жерде өзара айналымын ұлғайтуға, қол қойылған келiсiмдер мен хаттамаларды жүзеге асыруға, өз мемлекеттерiнiң аумағында екi Тараптың шаруашылық субъектiлерi үшiн еркiн сауда режимiн құруға жәрдемдесетiн болады.
8-БАП
Тараптар көлiк және байланыс саласындағы ынтымақтастықты
кеңейтедi, өзаралық негiзде екi ел арасында жолаушылар мен жүктердi
тасымалдау үшiн және олардың аумағы арқылы транзит үшiн қолайлы
жағдайларды қамтамасыз етедi.
9-БАП
Ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласында Тараптар қорғаныс
кәсiпорындарының өзара байланысын дамыту жөнiндегi қосымша шараларды
жүзеге асыратын болады және өзара тиiмдiлiк негiзiнде
әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерiн шешуге әзiр екендiктерiн
бiлдiредi.
10-БАП
Тараптар жұмыс орнын беру, еңбекке ақы төлеу және әлеуметтiк
кепiлдiктер мәселелерiнде ұлттық немесе кез келген басқа белгiлерi
бойынша екi мемлекет азаматтарын кемсiтушiлiкке жол бермеуге
мiндеттенедi.
11-БАП
Тараптар табиғаты тиiмдi пайдалануға жәрдемдесетiн болады, жалпы экологиялық проблемаларды шешуде келiсiлген iс-қимылдарды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар болған жағдайда өзара көмек көрсетедi, экологиялық апаттардың және табиғат бүлiншiлiктерiнiң зардаптарын жоюға байланысты проблемалар кешенiн бiрлескен күш-жiгерлерiн шешуге мiндеттенедi.
12-БАП
Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану
жөнiнде даулар туындаған жағдайда оларды келiссөздер және
консультациялар жолымен шешетiн болады.
13-БАП
Осы келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк
процедураларды Тараптардың орындағаны туралы соңғы мәлiмдеменi алған
сәттен бастап күшiне енедi.
Келiсiмнiң қолданысы Тараптардың бiреуiнiң оның қолданысын
тоқтататын ниетi туралы жазбаша мәлiмдегенiнен кейiн алты ай өткен
соң тоқтатылады.
14-БАП
Алматы қаласында 1995 жылғы 22 қарашада екi түпнұсқа данада,
әрқайсысының күшi бiрдей қазақ, тәжiк және орыс тiлдерiнде жасалды.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде орыс тiлiндегi мәтiннiң
басым күшi бар.
Қазақстан Республикасының Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн