Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 26 ақпандағы N 243. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппараттың қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 24 адам болып бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне Бас директордың 1 орынбасарын ұстауына рұқсат берiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiнiң орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
1996 жылғы 26 ақпандағы       
N 243 қаулысына           
қосымша                 

             Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа
         технологиялар министрлiгiнiң жанындағы Атом
      энергиясы жөнiндегi агенттiгi орталық аппаратының
                        ҚҰРЫЛЫМЫ

     Ядролық қауiпсiздiк бөлiмi

     Радиациялық қауiпсiздiк бөлiмi

     Ядролық материалдар мен технологияларды таратпауды

     бақылау бөлiмi

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады