Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының республикада кербез дуадақтарды сақтау мен олардың санын қалпына келтiру жөнiндегi ғылыми зерттеулердi жүргiзуi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 4 наурыздағы N 275

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Бiрiккен Араб Эмираттарының Ұлттық Орнитологиялық Зерттеу орталығымен бiрлесiп жүргiзген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесiн қарай келiп Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазақстанда кербез дуадақтарды сақтау мен олардың санын қалпына келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 мамырдағы N 750 P950750_ қаулысына сәйкес орындалған Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Бiрiккен Араб Эмираттарының Ұлттық Орнитологиялық Зерттеу Орталығы арасындағы екi жақты шарт бойынша 1995 жыл үшiн есеп беру еске алынсын.
      2. Осы жұмыстарды орындаушыларға 1996 жылы Алматы және Маңғыстау облыстарының аумақтарынан кейiннен Ұлттық Орнитологиялық Зерттеу Орталығының /Абу-Даби қаласы, Бiрiккен Араб Эмираттары/ питомниктерiнде инкубациялау және өсiру үшiн 25 данадан кербез дуадақтардың жұмыртқаларын жинауға рұқсат етiлсiн.
      3. Кербез дуадақтардың ұшып өтетiн жолдары мен қыстайтын орындарын анықтау мақсатында 1996 жылы бiрлескен ғылыми зерттеулердi орындаушыларға 25 дана үлкен құстар мен iрi балапандарды, кейiннен қоныс аударған құстарды спутниктiк бақылау үшiн, арнайы өлшегiштермен таңбалауға рұқсат етiлсiн.
      4. Бiрлескен жұмыстардың үйлестiрушілерi қазақстандық мамандардың мiндеттi түрде барлық үш дербес, әсiресе осы құстарды қолда көбейтуге арналған жобаларға барынша кең түрде қатысуын көздейтiн болсын.
      5. Екi жақтың жоба жетекшiлерi Қызыл кiтапқа енгiзiлген кербез дуадақтардың санын қалпына келтiру мақсатымен оларды торлы қорада көбейту үшiн Қазақстан Республикасында питомник құруға арналған ғылыми негiздеме әзiрлесiн.
      6. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi бiрлескен зерттеу жұмыстары жүргiзiлген жерлерде кербез дуадақтарды қорғауды қамтамасыз етсiн және жұмыртқаларды жинау мен тасуға рұқсаттың, сондай-ақ үлкен құстар мен iрi балапандарды аулауға рұқсаттың пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асырсын.
      7. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi 2-тармақта

белгiленген көлемге сәйкес жұмыртқа түрiндегi ғылыми материалдарды
тысқары жерлерге шығаруға рұқсат етсiн.
     8. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы жұмыстарды
жүргiзудi дер кезiнде әрi жоғары ғылыми деңгейде қамтамасыз етсiн
және олардың өсiп-өнуiнiң қазiргi жағдайы мен санын қалпына келтiру
шаралары мәселелерiн қоса отырып 1996 жылдың аяғына дейiн
Қазақстан Республикасының Үкiметiне егжей-тегжейлi есеп беретiн
болсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады