"Қазақстан Алюминийi" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамын құру мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 9 наурыздағы N 287

      "Павлодар алюминий зауыты" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамының тұрақты жұмысын және руда базасын перспективалық дамытуды, республиканың боксит-глинозем кешенiне инвестицияларды тарту кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне басқарушы фирмаға сатуы үшiн "Торғай боксит руда басқармасы" (ТБРБ АҚ), "Краснооктябрь боксит басқармасы" (КБРБ АҚ) акционерлiк қоғамдарының және "Керегетас" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының акцияларының бақылау пакеттерiн берсiн;
      басқарушы фирмамен осы акционерлiк қоғамдарға жасаған инвестициялары бойынша есеп айырысу және олардың осы инвестициялар жөнiндегi берешектерiн өтеу мақсатында жасалған инвестициялар сомасына акциялардың қосымша эмиссиясы жөнiнде шаралар қабылдасын;
      бiр ай мерзiм iшiнде "Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп "Қазақстан Алюминийi" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамын құрсын. "Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамының өз акционерлерiнiң шешiмiне сәйкес аталған кәсiпорынның активiн енгiзуi, ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi тарапынан - "Торғай боксит руда басқармасы" акционерлiк қоғамының, "Краснооктябрь боксит басқармасы" акционерлiк қоғамының және "Керегетас" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының активтерiн енгiзуi қарастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Торғай боксит руда басқармасы" акционерлiк қоғамы, "Краснооктябрь боксит басқармасы" акционерлiк қоғамы және "Керегетас" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы акцияларының бақылау пакеттерiн басқарушы фирмаға жекешелендiру туралы заңдарға сәйкес тiкелей адрестiк сатуды жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсе отырып, "Торғай боксит руда басқармасы" акционерлiк қоғамы, "Краснооктябрь боксит басқармасы" акционерлiк қоғамы акцияларының бюджеттiк қарыздарының құрылымын қайта жасап, жаңа құрылып жатқан "Қазақстан Алюминийi" акционерлiк қоғамымен бiрге оларды өтеудiң арнайы кестесiн бекiтсiн, сондай-ақ он күн мерзiм iшiнде Торғай, Қостанай, Павлодар облыстарының және республика бюджеттерiнiң арақатынасын реттеу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады