Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 997 Қаулысы.

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.

      2-7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.10. N 1363 қаулысымен.

      8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн, қоса берiлiп отырған өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 20 маусымдағы
N 997 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс
өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi (Қорғанысминiнiң
Қорғанысөнеркәсiпкомы) туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.10. N 1363 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 20 маусымдағы
N 997 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қорғаныс
өнеркәсiбi жөнiндегi комитеттiң қарауындағы ұйымдардың
ТIЗБЕСI

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.10. N 1363 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 20 маусымдағы
N 997 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл жасау қаруларын жою жөнiндегi Үкiметтiк комиссия туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 қыркүйектегi N 1280 қаулысының 4 және 9-тармақтарындағы "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2.<*>

      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.09.24. N 950 қаулысымен .

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты мен импортының тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 298 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 11, 83-құжат):

      3-тармақтағы "Экономика" деген сөзден кейiн "және сауда" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      аталған қаулыға 1-қосымшада:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары", "Өнеркәсiп және сауда министрлiгi", "Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Қорғау" ұлттық акционерлiк компаниясын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 мамырдағы N 603 қаулысына :

      аталған қаулыға 2-қосымшадағы:

      Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сатылатын акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнен Атырау қаласындағы "Шельф" акционерлiк қоғамы алынып тасталсын.

      6. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.08 № 1324 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады