"Алемсистем" қаржы-инвестициялық компаниясының берешегiн өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 13 наурыз N 308

      Шетелдiк қаржы институттарының алдындағы мiндеттемелердi республиканың сөзсiз орындауы мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (А.С.Павлов) "Алемсистем" қаржы-инвестициялық компаниясының АҚШ-тың Эксимбанкi алдындағы Alem Bank Каzакhstаn-ның кепiлiне берiлген кредит бойынша қалыптасқан 6 266 314 АҚШ доллары сомасындағы мерзiмi өткен берешегiн төлесiн.
      2. Alem Bank Kazakhstan (Е. Баймұратов) 1996 жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде бюджет қаражатын сөзсiз қалпына келтiрудi, оның iшiнде "Алемсистем" қаржы-инвестициялық компаниясының мүлкiн қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен сату есебiнен қалпына келтiрудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (К.А. Колпаков) және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (А.С. Павлов) Alem Bank Каzакhstаn-ның кепiлiне "Алемсистем" қаржы-инвестициялық компаниясына кредит бөлу iсi жөнiндегi материалдарды, осы жоба бойынша шешiм қабылдаған адамдар тарапынан жасалған терiс iс-әрекеттердi анықтау үшiн, тергеу органдарына берсiн.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Н.А. Шайкеновке жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады