1. 1996 жылдың 11 наурызынан бастап бағалы қағаздар нарығы
жөнiндегi концептуалды заң актiлерiнiң пакетiн әзiрлеудегi таңдаулы жобалық шешiмге конкурс жариялансын: 1996-98 жылдарға арналған Бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасының жобасы; "Депозитарлық және тiркеушiлiк қызметi туралы" Заңның жобасы; "Инвестициялық қорлар мен инвестициялық компаниялар туралы" Заңның жобасы. 2. Конкурс өткiзу жөнiндегi Ұйымдастыру сараптау комитетiнiң құрамы (N 1 қосымшаға сәйкес) бекiтiлсiн. 3. Ұйымдастыру сараптау комитетi: конкурс шарттарын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жариялауды қамтамасыз етсiн; 1996 жылдың 11 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде үмiткерлердi iрiктеудiң қажеттi процедураларын жүргiзсiн және конкурс шарттарына сәйкес (N 2 қосымша) жеңiмпаздарды айқындасын. 4. Бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасы мен бағалы қағаздар нарығы жөнiндегi заң актiлерi пакетiн әзiрлеуге Азия даму банкi бөлген қаражат есебiнен сыйлықақы белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 наурыздағы N 326 қаулысына N 1 қосымша Конкурс өткiзу жөнiндегi Ұйымдастыру комитетiнiң Құрамы Қарағұсова Г.Ж. - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының төрағасы, төраға Өтембаев Е.Ә. - Қазақстан Республикасы үкiметi Аппаратының Басшысы, төрағаның орынбасары Ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерi: Жандосов О.Ә. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төрағасы Колпаков К.А. - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi Марченко Г.А. - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi төрағасының орынбасары Мыңбаев С.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Нұрғалиева Е.Н. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары Соболев В.В. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Шөкеев Ө.Е. - Қазақстан Республикасының Экономика министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 наурыздағы N 326 қаулысына N 2 қосымша Бағалы қағаздар нарығы бойынша концептуалды заң актiлерi жобаларының пакетiн - Қазақстан Республикасының 1996-1998 жылдарға арналған Бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасының жобасы мен "Депозитарлық және тiркеушiлiк қызмет туралы" және "Инвестициялық қорлар мен инвестициялық компаниялар туралы" Заңдардың жобасын әзiрлеу жөнiндегi КОНКУРСТЫҚ ШАРТТАРЫ
1. Конкурсқа Қазақстан республикасының және шетел мемлекеттерiнiң жеке және заңды тұлғалары қатысады.
2. Конкурсқа қатысушыларды тiркеу Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 10 күн iшiнде жүргiзiледi.
3. Конкурсқа қатысушы ретiнде тiркелу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
конкурсқа қатысуға тапсырыс;
жобаларды әзiрлеушiлердiң құрамы.
4. Конкурсқа қатысуға құжаттар беру мерзiмi аяқталысымен Ұйымдастыру сараптау комитетi қабылданған тапсырыстар туралы комитет мүшелерi қол қойған хаттаманы ресiмдейдi.
5. Комитеттiң қарауына ұсынылған Бағдарламалар жобасы мен Заңдардың жобаларына мынадай талаптар қойылады:
конкурс шарттары жөнiндегi жобалар пакетi толық көлемде ұсынылады;
құжаттардың жобасы машинкаға 1,5 интервалмен екi данада басылған мәтiнмен қазақ немесе орыс тiлiнде тапсырылуы тиiс.
6. Бағдарламалар мен заң актiлерi жобаларының пакетi 1996 жылдың 4 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына "конкурсқа" белгiсiмен мына мекен-жай бойынша тапсырылуы керек: 480012, Алматы қаласы, Мәуленов көшесi, 92.
7. Тапсырылған құжаттар пакетi Ұйымдастыру сараптау комитетiнiң мәжiлiсiнде қаралады.
8. Ұйымдастыру сараптау комитетi өзiнiң жұмыс регламентiн дербес әзiрлейдi және бекiтедi.
9. Ұйымдастыру сараптау комитетi мәжiлiсiнде шешiм қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
10. Конкурс нәтижелерiн анықтау кезiнде Ұйымдастыру сараптау комитетi жеңiмпазды анықтау үшiн қосымша шарттар белгiлеуге құқылы.
11. Ұйымдастыру сараптау комитетiнiң шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Комитет мүшесi өзiнiң айрықша пiкiрiн жазбаша бiлдiруге және оны хаттамаға қосып беруге, ол жөнiнде белгi қойылады, құқылы.
12. Құжаттар, пакетiмен бiрге, конкурстың нәтижесi жөнiндегi комитет хаттамасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсынылды.