1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының республикалық бюджетке заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша 719 (жетi жүз он тоғыз) млн. теңге берешегiне республикалық бюджеттiк мекемелердiң энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға берiлген жылу және электр энергиясы үшiн берешегiн өтеу есебiнен қосымшаға сәйкес есептеу жүргiзсiн.
2. Павлодар облысы әкiмiнiң "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының жергiлiктi бюджетке 479 (төрт жүз жетпiс тоғыз) млн. теңге сомасындағы заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы төлемi берешегiн жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер бойынша
жылу және электр энергиясы үшiн берешегiн өтеу есебiне осы қоғамның көмiр беру жолымен өтеуi жөнiндегi ұсынысы қабылдансын. 3. Аталған есептеу 1996 жылдың кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 наурыздағы N 343 қаулысына қосымша Жылу-электр энергиясы үшiн есептеу жүргiзiлетiн республикалық бюджеттiк мекемелердiң тiзбесi сомасы, мың теңге Әскери институт 2000 ҰҚК 20262 Мемматрезервтер 13945 Қорғанысминi 175657 Бiлiмминi 66474 Көлiкминi 167117 ҚазМҰУ 26600 Экономминi 457 Әдiлетминi 1448 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы 780 Денсаулық минi 22605 Қаржыминi 2357 Мәдениетминi 18218 "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы 38133 Қазгидромет 7019 Экобиоресурсминi 1800 Орманшаркомы 15000 Ауылшарминi 28675 Суресурскомы 2738 Iшкi әскерлер 64500 Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитет 6307 АҚ штабы 6308 Шекара әскерi 16500 Қазгеодезия 14100 Барлығы 719000