Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.
"1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700
U952700_
Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн және "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы N 53
P960053_
қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң 1996 жылға республикалық бюджетте жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға көзделген қаражаттан 2414776 мың /екi миллиард төрт жүз он төрт миллион жетi жүз жетпiс алты мың/ теңге бөлу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Облыстар мен Алматы қаласы бойынша 1996 жылға арналған:
халықтың әлеуметтiк қорғалатын бөлiгi үшiн мемлекеттiк тұрғын үй құрылысына арналған күрделi қаржының көлемi 1 қосымшаға сәйкес;
10 және одан да көп жыл тұрғын үй алудың кезегiнде тұрған отбасыларына өтеусiз жәрдемақының көлемi 2 қосымшаға сәйкес;
құрылыс салуға ұзақ мерзiмдi кредит беруге немесе мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден 1996 жылы алынған қаражат есебiнен азаматтардың тұрғын үй алуына арналған ресурстардың көлемi 3 қосымшаға сәйкес;
коммуналдық шаруашылық объектiлерiнiң құрылысына арналған күрделi қаржының көлемi 4 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысы мемлекеттiк банкiмен және мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, осы қаулыда көзделген қаражатты тиiмдi игеру мен мақсатты пайдалану жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi осы жұмыстарды жалпы үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Валюта-қаржы бақылау комитетi аталған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау орнатсын және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ауық-ауық хабарлап отырсын.
5. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi қаржыландырылуы осы қаулымен көзделген тұрғын үй
және коммуналдық шаруашылық объектiлерi құрылысының барысы туралы
ақпараттың ай сайын берiлiп тұруын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 25 наурыздағы
N 344 қаулысына
1 қосымша
1996 жылы халықтың әлеуметтiк қорғалатын бөлiгi
үшiн мемлекеттiк тұрғын үй құрылысына арналған
күрделi қаржылардың
КӨЛЕМI
/мың теңге/
БАРЛЫҒЫ: 419776
оның iшiнде облыстар бойынша:
Ақмола 138951
оның iшiнде:
Ақмола қаласы 114000
Ақтөбе 11895
Алматы 4189
Атырау 10488
Шығыс Қазақстан 20334
Жамбыл 9846
Жезқазған 8103
Батыс Қазақстан 14586
Қарағанды 19080
Қызылорда 10519
Көкшетау 8715
Қостанай 26052
Маңғыстау 13638
Павлодар 13271
Солтүстiк Қазақстан 8195
Семей 19600
Талдықорған 10610
Торғай 4648
Оңтүстiк Қазақстан 17276
Алматы қаласы 49780*
Ескерту: <*> Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 30 сәуiрдегi N 403 - 12 қаулысы
ескерiлдi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 25 наурыздағы
N 344 қаулысына
2 қосымша
10 және одан да көп жыл тұрғын үй алудың
кезегiнде тұрған отбасыларына 1996 жылғы
өтеусiз жәрдемақының
КӨЛЕМI
/мың теңге/
БАРЛЫҒЫ: 100000
оның iшiнде облыстар бойынша:
Ақмола 8533
оның iшiнде:
Ақмола қаласы 5124
Ақтөбе 4498
Алматы 5770
Атырау 2729
Шығыс Қазақстан 5648
Жамбыл 5874
Жезқазған 2909
Батыс Қазақстан 3998
Қарағанды 6970
Қызылорда 4028
Көкшетау 3958
Қостанай 6014
Маңғыстау 1969
Павлодар 5678
Солтүстiк Қазақстан 3628
Семей 4908
Талдықорған 4338
Торғай 1839
Оңтүстiк Қазақстан 10391
Алматы қаласы 6320
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 25 наурыздағы
N 344 қаулысына
3 қосымша
1996 жылы құрылыс салуға ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi
кредит беруге немесе мемлекеттiк мүлiктi
жекешелендiруден алынған қаражат есебiнен
азаматтардың тұрғын үй алуына арналған ресурстардың
КӨЛЕМI
/мың теңге/
БАРЛЫҒЫ: 1455000
оның iшiнде облыстар бойынша:
Ақмола 124206
оның iшiнде:
Ақмола қаласы 74590
Ақтөбе 65476
Алматы 83371
Атырау 39722
Шығыс Қазақстан 82207
Жамбыл 85501
Жезқазған 42341
Батыс Қазақстан 58200
Қарағанды 101453
Қызылорда 58636
Көкшетау 57616
Қостанай 87538
Маңғыстау 28664
Павлодар 82644
Солтүстiк Қазақстан 52816
Семей 71440
Талдықорған 63147
Торғай 26772
Оңтүстiк Қазақстан 151254
Алматы қаласы 91996
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 25 наурыздағы
N 344 қаулысына
4 қосымша
1996 жылы коммуналдық шаруашылық объектiлерiн
салуға арналған күрделi қаржының
КӨЛЕМI
___________________________________________________________________
Тапсырыс берушi, | Өлшем |Қуаты|Қолданысқа |Күрделi қаржы
объектiнiң атауы | бiрлiгi | |ену мерзiмi| көлемi
мен орналасқан жерi | | | | /мың теңге/
_______________________|_________|_____|___________|_______________
БАРЛЫҒЫ: 440000
Оның iшiнде:
Солтүстiк Қазақстан
облысының әкiмi
Канализациялық тәулiгiне 82,2 1996 жыл 88000
тазарту ғимараты, мың текше
оңтүстiк коллектор, метр
Петропавл қаласы
Алматы қалалық
"Водоканал" су
құбыры-канализация
шаруашылығы өндiрiстiк
бiрлестiгi
Сорбұлақ каналының км 28,2 1996 жыл 125000<*>
оң жағалауынан
авариялық төгу
/қосу кешенi/,
Алматы облысы
Шығыс Қазақстан тәулiгiне 88,0 1996 жыл 127000<*>
облысының әкiмi мың текше
метр
Өскемен қаласындағы
қалдық суларды
тазарту ғимаратын
кеңейту /қосу кешенi/
Жезқазған облысының әкiмi объектiлерi 1996 жыл 100000<*>
Приозерск қаласының
коммуналдық шаруашылық
объектiлерi
ЕСКЕРТУ. 4-қосымшаға өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.07.
N 1354 қаулысымен. P961354_