Шағын және орташа қалаларды қолдау бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде, сондай-ақ 1996-1997 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiне дайындық жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жезқазған облысының әкiмiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше жағдайларда қаржыландыруға арналған резервтiк қорынан Приозерск қаласын қысқа дайындау үшiн қосымша 150 (жүз елу) млн. теңге бөлiнсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 10 маусымдағы N 271 өкiмi;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 13 тамыздағы N 383 өкiмi.
3.
Күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 2008.04.23
N 381
Қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы - бақылау комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi