Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитетi (Қазақстан Республикасы Кенқадағалаукомы) туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 28 наурыз N 360. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.02.12. N 203 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының атқарушы орталық органдарының жүйесiн ретке келтiру туралы" 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 U952541_ Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитетi туралы (Қазақстан Республикасының Кенқадағалаукомы туралы) Ереже;
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитетi мен оның жер-жерлердегi органдары қадағалайтын ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан өнеркәсiп салаларының, өндiрiстерiнiң, объектiлердiң, сондай-ақ жұмыстардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Еңбек қауiпсiздiгi (техникалық қауiпсiздiк пен еңбектi қорғау) саласында келiсiлген мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау комитетiне өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан басқа заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдау, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi жөнiндегi заңдарға қайшы келетiн ведомстволық актiлердiң күшiн тоқтату құқығы берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау комитетiнiң орталық аппаратын және оның жергiлiктi органдарын (округтары мен инспекцияларын) ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылсын.
      Жекелеген салалар мен қадағалау түрлерi бойынша (тек жергiлiктi органдар үшiн) 1996 жылы қосымша шаруашылық қызмет есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика министрлiгi 1996 жылдан бастап бюджеттi қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау комитетiне мүкәммал, ұйымдастыру техникасын, аймақтық органдарға апаттар, жарақаттану оқиғалары мен шалғай объектiлерге жедел жетудi қамтамасыз ету үшiн 10 арнаулы жеңiл автомашинаға, қызмет ғимараттарын күрделi жөндеуге қаржы бөлудi көздейтiн болсын.
      Комитет органдарының ұдайы iс-сапарларға шығуына байланысты жұмыс ерекшелiктерiн ескерiп, Комитеттiң есебi бойынша iс-сапар шығыстарына қаражат бөлудi көздесiн.
      5. Қазақстан республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау комитетiнiң қызметкерлерiне және оның жергiлiктi органдарының апаттарды, қайғылы оқиғалар мен басқа да жағдайларды тексеруге шығатын қызметкерлерiне қызметтiк және iс-сапарлық куәлiктерiн көрсетуi бойынша оларға кезексiз жол жүру билеттерiн бөлудi қарастырсын.
      6. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы) туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 сәуiрдегi N 355 P940355_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 17, 170-бап);
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 111 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер

 

мен толықтырулардың 29-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,

1995 ж., N 5, 62-бап);

     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8

сәуiрдегi N 355 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 1826 


P951826_



қаулысы.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                           Үкiметiнiң

                                      1996 жылғы 28 наурыздағы

                                         N 360 қаулысымен

                                          БЕКIТIЛГЕН

         Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз

        жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитетi

            (Қазақстан Республикасы Кенқадағалаукомы) туралы

                            Е Р Е Ж Е


 
       1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Үкiмет құрамына кiрмейтiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқаруының орталық атқарушы органы болып табылады. Комитет өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан республикасы Үкiметiнiң актiлерiн, қолданылып жүрген халықаралық шарттар мен келiсiмдердi, осы Ереженi, сондай-ақ басқа министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен Қазақстан Республикасының өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары бекiткен немесе олармен келiсiлген нормативтiк құжаттарды басшылыққа алады.
      Комитет мемлекеттiк қадағалауды республика аумағында тiкелей және қадағалау салалары бойынша мемлекеттiк инспекторларды бiрiктiретiн өздерi құратын округтар, инспекциялар арқылы жүзеге асырады.
      Комитет пен оған бағынысты органдар Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының өнеркәсiптiң өз бақылауындағы салаларында еңбек қауiпсiздiгiн (техникалық қауiпсiздiк пен еңбектi қорғауды) мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын бiрыңғай жүйесiн құрайды.
      Комитеттiң мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыруы министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттер мен Қазақстан Республикасының өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан және қауiпсiздiк талаптары мен нормаларына жауап бермейтiн кәсiпорындардың өндiрiстер мен объектiлердiң жұмыс iстеуiне жол бермеуге мiндеттi.
      2. Комитет мыналарға:
      жұмыс берушiлердiң көмiр, тау-кен және рудалық емес, металлургия, химия, мұнайхимия, мұнай мен газ өндiретiн және мұнайгаз өңдейтiн өнеркәсiптегi; арналы мұнай, газ және өнiм құбырларындағы барлық негiзгi және қосалқы цехтары мен өндiрiстерiнде жер астында көлiк және гидротехникалық құрылыстарды, геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзгенде нан өнiмдерi кәсiпорындарының өрт және жарылыс қаупi бар объектiлерiнде құрылыстың аса қауiптi объектiлерiндегi және жарылыс, өрт пен жарақаттану қаупi болатын өндiрiстерi мен объектiлерi бар басқа да салалардағы еңбек қауiпсiздiгiне (техникалық қауіпсiздiк пен еңбектi қорғауға;
      жарылғыш заттарды әзiрлеуге, дайындауға, сынауға, сақтау мен пайдалануға;
      өнеркәсiпте табиғи және сұйытылған (пропан-бутан) газдарды, күштi улы заттарды, басқа жарылу, өрт қаупi бар жүктердi қабылдау мен беруге, сақтау мен пайдалануға;
      жарылыс және ұшқыннан сақтандырылған жабдықтар мен бұйымдарды, көтергiш құрылғыларды, бу және су ысытатын қазандықтарды, қысыммен iстейтiн ыдыстарды, бу мен ыстық су құбырларын және аса қауiптi басқа да объектiлердi, орнатуға, дайындауға, құрастыруға, жөндеуге және қауiпсiз пайдалануға;
      термальды, минералды суы мен шипалы балшықтары бар жерлердi пайдалануға;
      босаған тау-кен қуыстарында және табиғи жер асты кеңiстiктерiнде объектiлер орналастырғанда олардың жай-күйi мен қауiпсiз пайдаланылуына;
      пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мен әзiрлегенде еңбек қауiпсiздiгiне қатысты жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн сақтауға мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырады.
      Комитеттiң аталған өндiрiс салаларына, жұмыс түрлерi мен объектiлерге қатысты қызметi жобалауды, салуды, пайдалануды консервациялау мен жоюды қоса алғандағы олардың жұмысының барлық кезеңiне, сондай-ақ құрал жабдықтарды, бұйымдарды, материалдарды, жасағанда және қолданғанда еңбек қауiпсiздiгi шарттары мен нормаларының сақталуын қадағалауға тарайды.
      3. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      еңбек қауiпсiздiгi саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу, министрлiктермен, ведомстволармен, кәсiпорындармен, ұйымдармен және шаруашылық қызметтiң басқа да субъектiлерiмен бiрлесiп, кәсiпорындар мен ұйымдарда апаттар мен жарақаттанудың алдын алудың ағымдағы және болашаққа арналған мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламаларын әзiрлеу және жүзеге асыру, осы мәселелер бойынша республикада өткiзiлетiн ғылыми зерттеулердi үйлестiру;
      Қазақстан Республикасының барлық орталық атқарушы органдарының меншiк нысанына қарамастан заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың арнайы экономикалық аймақтарды, бiрлескен және шетел кәсiпорындары мен шетел фирмаларына уақытша басқаруға берiлген кәсiпорындарды қоса алғанда республиканың барлық аумағында еңбек қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптардың сақталуына ведомстводан тыс мемлекеттiк қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      апаттар мен өндiрiстiк жарақаттану болуының себептерi мен шарттарын анықтау, талдау, еңбек қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптардың орындалуына мемлекеттiк қадағалауды жетiлдiру;
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, кәсiпорындармен, ұйымдармен және шаруашылық қызметтiң басқа да субъектiлерiмен бiрлесiп, апаттар мен өндiрiстiк жарақаттанудың алдын алу жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
      қадағаланатын өндiрiстер мен объектiлерде, еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiнiң негiзiнде қалыптастыру және жетiлдiру;
      қадағаланатын кәсiпорындардың технологиялық процестерiнде (процестер, қызмет көрсетулер) пайдаланатын бiр тектi өнiмдермен құрал-жабдықтарды сертификаттауды қамтамасыз ету, өндiрiстердi, технологияларды құру мен пайдалануға рұқсат беру;
      өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ басқа да арнайы атқарушы және рұқсат берушi қызметтердi жүзеге асыру;
      өзiнiң жергiлiктi органдарын әдiстемелiк қамтамасыз ету және олардың жұмысын үйлестiру;
      жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуi саласындағы заңдардың қолданылу тәжiрибесiн қорыту және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      4. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      өндiрiстерде, объектiлер мен жұмыс түрлерiнде еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi, мемлекеттiк, ұлттық және аймақтық бағдарламалар әзiрлеуге қатысады, еңбек қауiпсiздiгi саласында мамандырылатын бас ғылыми-зерттеу институттарының қызметiн үйлестiредi және оның тiзбесiн айқындайды;
      өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк және аймақтық ғылыми-техникалық бағдарламалардың iске асырылуына бақылау жасайды;
      жұмысты қауiпсiз жүргiзу, құрал-жабдықтарды құру мен пайдалану, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi бөлiгiнде жер қойнауын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк талаптарды (ережелер мен нормаларды) әзiрлеудi, ұйымдастыруды белгiленген тәртiппен бекiтедi немесе келiседi;
      мемлекеттiк стандарттар жобаларын, еңбек қауiпсiздiгi, құрал-жабдықтарды құру мен пайдалану талаптары бар орталық атқарушы органдардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы шаруашылық қызметiнiң басқа да субъектiлерiнiң өзге де қалыпты құжаттарын қарайды және келiседi;
      жұмысты қауiпсiз жүргiзу құрал-жабдықтарды орнату мен пайдалану жөнiндегi халықаралық талаптарды (ережелер мен қалыптарды) әзiрлеуге қатысады. Қазақстан Республикасының аумағында таратады, аталған ережелер мен нормаларды күшiне енгiзу тәртiбiн айқындап, қажет болған жағдайда қосымша талаптар белгiлейдi;
      мемлекеттiк талаптарға айналдырғанда еңбек қауiпсiздiгiне әсер ететiн талаптары болса, халықаралық стандарттар жобасын әзiрлеу мен келiсуге қатысады;
      құрал-жабдықтарды орналастыру мен пайдалану жөнiндегi ережелер мен нормаларда көзделген талаптардың бiрыңғай болуын қамтамасыз етедi, осы нормативтiк құжаттардың әзiрленуi мен жетiлдiрiлуiне бақылау жасайды, еңбек қауiпсiздiгi жөнiндегi халықаралық ережелер мен нормалардың қолданылуын таратады;
      қадағаланатын өндiрiстердi, объектiлердi, механизмдер мен жұмыс түрлерiн есепке алуды тiркеудiң тәртiбiн белгiлейдi;
      Лицензиялау мен сертификаттауға жататын қызмет (процестер, қызмет көрсетулер) түрлерiнiң тiзбелерiне белгiленген тәртiппен өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi;
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысымен белгiленген лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi бойынша шарттық негiзде қорытындылар бередi, сондай-ақ жұмысы тұрақты тәуекелмен байланысты қадағаланатын салаларда технологияларды, механизмдердi және басқа бұйымдарды оның iшiнде шетелдiктерiн әзiрлеуге, дайындауға, сынауға және қолдануға рұқсат бередi;
      газ қадағалау объектiлерiн, бу және су ысытатын қазандарды, қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды, бу мен ыстық су құбырларын және көтергiш құрылғыларды iрiктейдi, қазандықтарды қадағалау объектiлерiн көтергiш құрғыларды арнайы рұқсаты бар кәсiпорындар мен ұйымдардың уақтылы куәландыруын бақылайды;
      дайындаушы зауыттарда (құрастырудың техникалық тапсырмасын келiсу кезеңiнде және үлгi даналарды қабылдағанда), жөндеу кәсiпорындарында және пайдаланған кезде қауiпсiздiк жөнiнде көтерiңкi талаптар қойылатын машиналардың, тетiктер мен жабдықтардың, сондай-ақ жарылыс қауiпсiздiгi сақталып орындалған электр-техникалық бұйымдардың еңбек қауiпсiздiгi стандарттарына, ережелерi мен нормаларына сәйкестiгiн тексередi, мұндай талаптарға сәйкес келмеген жағдайда оларды шығаруды тоқтатады, әрi қолдануға тыйым салады;
      объектiлердi пайдалануға қабылдап алу ережесiнiң сақталуын бақылайды, еңбек қауiпсiздiгi жөнiнде көтерiңкi талаптар қойылатын жарылғыш материалдарға қадағаланатын өндiрiстерге, объектiлерге арналған құрал-жабдықтар мен электр-техникалық бұйымдардың жаңа үлгiлерiне сынақ жүргiзу жөнiндегi комиссияның жұмысына қатысады, қадағаланатын кәсiпорындардың технологиялық процестерiнде пайдаланылатын өнiмдер мен құрал-жабдықтарды (процестердi, қызмет көрсетудi) сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      қадағаланатын кәсiпорындар мен объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиялардың құрамында қатысуы үшiн өкiлдерiн тағайындайды;
      бақылауындағы өндiрiстер мен объектiлерде апаттар мен өндiрiстiк жарақат алуды болдырмау кәсiпорындардың және ұйымдардың болуы мүмкiн апаттар мен олардың зардаптарын жоюға әзiрлiгiн қадағалайды;
      қадағаланатын өндiрiстер мен объектiлер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiне деген талаптарды айқындайды, еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша оқыту, бiлiктiлiгiн көтеру, бiлiмiн тексеру тәртiбiн белгiлейдi;
      жарылғыш материалдарды сақтауға байланысты жарылыс жұмыстарын жүргiзу үшiн қызметкерлер даярлау жөнiнде кен және жарылыс жұмыстарын, сондай-ақ жарылыс-өрт қауiпi бар өндiрiс жүргiзуге жауаптылық құқығына мамандар даярлау жөнiндегi курстарды ұйымдастыруды келiседi;
      жарылыс, жарылу-өртену және өртену қауiптiлiгi бойынша өндiрiстiң бiр санаттан екiншiсiне көшiрудiң дұрыстығын қадағалайды, сондай-ақ қолданылып отырған жабдықтың жарылыс қаупi бар қоспалар санаты мен тобына, жарылыс, өрт қаупi бар аймақ сыныбына сәйкестiгiне бақылау жасайды:
      мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесiп, кәсiпорындардың ұсынуы бойынша газ жөнiндегi шахталардың (кенiштердiң) тиiстi санаттарын белгiлейдi, оларды тозаңды, жынысты, руданы, көмiрдi , газды оқысынан бөлiп шығару, кен екпiнi бойынша қауiптiлер қатарына жатқызады және шахтыларды (кенiштердi) бiр санаттан екiншiсiне көшiрудi бекiтедi;
      пайдаланылған кен орындары мен табиғи жер асты тiлкемдерiн шаруашылық мақсаттарға пайдаланған кезде және минералдық шикiзатты ұқсатқанда тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарының қауiпсiз жүргiзiлуiн геологиялық-маркшейдерлiк қамтамасыз етуге қадағалауды жүзеге асырады, тау-кен жұмыстарын қауiпсiз жүргiзудiң шекарасын белгiлейдi, тау-кен жұмыстарының ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйiне зиянды ықпалының алдын алу мен болдырмау жөнiндегi, сондай-ақ шахталар мен кенiштерге судың, зиянды әрi қауiптi заттардың лықсып шығуының алдын алу жөнiндегi шараларды өткiзудiң дұрыстығын тексередi;
      пайдалы қазбаларды өндiру кезiндегi кәсiпорындарды немесе олардың бiр бөлiгiн, мұнай, газ және гидротермальды және минералды скважиналарды тарату мен консервациялау бойынша жұмыстардың қауiпсiздiгiне арнайы жобаларды келiседi;
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, бiрлестiктермен, кәсiпорындармен, ұйымдармен және ведомстволық бағыныстылығымен меншiк нысандарына қарамастан шаруашылық қызметтiң басқа да субъектiлерiмен бiрлесiп, объектiлердi орналастыру үшiн пайдаланылған кен орындары мен табиғи жер асты тiлкемдерiн iрiктеуге қатысады;
      барлау мен әзiрлеудiң дұрыстығын, әскерилендiрiлген (мамандандырылған) кен құтқару, фонтанға қарсы және газдан құтқару бөлiмдерiнiң кәсiпорындардағы апаттарды жою, алдын алу жұмыстарын жүргiзу жағдайы мен оған дайындығын бақылайды;
      аталған бөлiмдердiң жарғыларын, ережелерiн және Қазақстан Республикасының аумағында орналасу схемасын қарайды әрi келiседi;
      Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiмен бiрлесiп, қауiптiлiгi басым, өнiмдердi (процестердi, қызмет көрсетулердi) сертификаттау жөнiндегi ұйымдар мен сынақ лабораторияларын, орталықтарын аккредиттейдi, олардың сертификаттау ережелерiн сақтауын бақылайды, техникалық құзыретiн белгiлейдi.
      5. Комитетке алдына қойылған мәселелердi шешуi және жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн мынадай құқықтар берiледi:
      Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша кәсiпорындарды ұйымдар мен объектiлердi тәулiктiң кез-келген уақытында тексеру, сондай-ақ тексерулердi жүргiзу үшiн келiсiм бойынша тиiстi министрлiктердiң, кәсiпорындардың және ұйымдардың мамандарын тарту;
      орталық атқарушы органдарға және мемлекеттiк басқарудың басқа да органдарына ұсыныс енгiзу, қадағаланатын заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ Комитет қадағалайтын объектiлерi бар басқармалар мен жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының бөлiмдерiне анықталған қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықты, сондай-ақ мұндай бұзушылықты туғызған себептер мен шарттарды жоюға, еңбек қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды бұза отырып жүргiзiлетiн жұмыстарды тоқтатуға және оларға тыйым салуға орындалуы мiндеттi нұсқамалар беру;
      жер қойнауын пайдаланудың шарттары және контрактiде көзделген еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар бұзылғанда лицензия күшiн доғару, тоқтату немесе оны қайтып алу жөнiнде лицензиялау органына ұсыныс енгiзу, жабдықтардың жұмыс орнын жауып мөрлеу және өмiрлерiне қауiп төнгенде немесе апат қаупi болғанда адамдарды шығару;
      еңбек қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қадағалауға алынған кәсiпорындар, ұйымдар, өндiрiстер мен объектiлер бойынша жобалардың, техникалық және жобалық-конструкторлық құжаттамалардың орындауға берiлуiне, сондай-ақ бұйымдар мен өнiмдердiң тиелуiне тыйым салу;
      жабдықтарды әзiрлеушi, дайындаушы және монтаждаушы кәсiпорындар, ұйымдар мен шаруашылық қызметтiң басқа да субъектiлерiне конструкциядағы кемшiлiктердi, сондай-ақ жабдықты дайындау мен монтаждауда оны пайдалану қауiпсiздiгiн төмендететiн кемшiлiктердi жою туралы орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге;
      апаттар, бақытсыз оқиғалар, қалыпты құжаттардың талаптарын, өзге де бұзушылыққа кiнәлi, сондай-ақ Комитет нұсқамасын орындамайтын адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде кәсiпорындар, жоғары тұрған ұйымдар басшыларына ұсыныстар енгiзу немесе тиiстi органдарға материалдар жiберу;
      қадағаланатын кәсiпорындар мен объектiлердегi жарақат алу, апаттар жарылғыш заттардың жоғалуы жағдайларына белгiленген тәртiппен техникалық тергеу жүргiзу және оны басқаруға Комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша тергеу нәтижесi негiзiнде орындалуы мiндеттi шешiмдер қабылдау;
      орталық атқарушы органдарға, заңды және жеке тұлғаларға Комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау және жобалық-құрастыру жұмыстарын жүргiзуге ұсыныс енгiзу;
      қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың және шаруашылық қызметтiң басқа да субъектiлерiнiң жабдықтар мен материалдарға бақылау сынағын, жұмыс iстеу ортасына бақылау, талдау, жобалау және жобалау-құрастырушылық шешiмдердiң қауiпсiздiк жөнiндегi нормалар мен ережелерге сәйкестiгiне қатысты тәуелсiз сараптама жасауды белгiлеу;
      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бөлiмшелерiнiң бiрлестiктерге, кәсiпорындарға, ұйымдарға және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге ақылы қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 924 қаулысына сәйкес жобалау шешiмдерiнiң жұмыс iстеп тұрған, құрылысы жүргiзiлiп және қайта жаңартылып жатқан қадағаланатын кәсiпорындардағы, өндiрiстердегi және объектiлердегi жобалау шешiмдерiнiң еңбек қауiпсiздiгi ережелерi мен нормаларына сәйкес келуiне, соның iшiнде жер қойнауын пайдаланушылар лицензия алғанда және жұмыстар жүргiзу құқығына контрактiлер жасағанда, сондай-ақ жер қойнауын зиянды заттарды, өндiрiс қалдықтарын көмуге және сарқынды суларды ағызуға пайдаланған кезде пайдалы қазбалар кен орнын игеру арқылы сараптама жасауды ұйымдастыру және жүргiзу;
      қажет болған жағдайларда Комитет құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша сараптау өткiзуге және қорытынды әзiрлеуге ғылыми-зерттеу, жобалау институттарының және басқа да ұйымдардың мамандарын тартуға;
      кен, геология, химия-металлургия цехтарындағы және өндiрiстерiндегi еңбек қауiпсiздiгiне, атом-энергетика өнеркәсiбiнiң әскерилендiрiлген газдан құтқару бөлiмдерiнiң астық өнiмдерi кәсiпорындарының жарылу, өрт қаупi басым объектiлерiндегi көлiк құрылысы, арналы мұнай-газ өнiм құбырлары объектiлерiндегi және жарылу, өрт пен жарақат алу қаупi бар басқа өндiрiстер мен өнеркәсiп салаларының объектiлерiндегi әскери әзiрлiгi мен алдын-алу жұмыстарына шаруашылық қызмет субъектiлерiмен шарттық негiзде мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыру;
      заңды және жеке тұлғаларға белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жоғарыда аталған 1992 жылғы 30 қазандағы N 924 қаулысымен бекiтiлген тiзбеге сәйкес ақылы қызмет көрсету;
      жер қойнауын пайдалану контрактiлерiн еңбек қауiпсiздiгi жағынан келiсу;
      кен жұмыстарын дамытудың кәсiпорындар ұсынған жоспарын келiсу және олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындарын немесе учаскелерiн (қазылатын жерлер) әзiрлеудiң техникалық және жергiлiктi жобаларының, минералдық шикiзаттарды өндiру мен ұқсату жөнiндегi кәсiпорындардың құрылысын жүргiзу мен қайта жаңартуға арналған жобалаулары мен жобалар жөнiндегi тапсырмалардың еңбек қауiпсiздiгi бөлiгiнiң сақталуын бақылау;
      министрлiктерден, мемлекеттiк комиттерден және Қазақстан Республикасының өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан еңбек қауiпсiздiгi жағдайы, апаттар, өндiрiстiк жарақаттану, жұмыс көрсеткiштерi және жабдықтардың iстен шығу себептерi туралы, ғылыми-зерттеу және құрастыру жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламаларды, нормативтiк-техникалық құжаттамаларды және басқа ақпараттары, бақылаудағы өндiрiске, объектiлер мен технологиялық процестерге арналған техникалық құжаттамаларды, ал лауазымды адамдар мен қызметкерлерден - Комитет органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiнiктер туралы мәлiметтер алу;
      бақылауға алынған кәсiпорындарда, өндiрiстерде, объектiлерде, ұйымдарда, оқу комбинаттары мен кәсiптiк-техникалық училищилерде және басқа оқу орындарында нұсқама беру мен оқытудың, қызметкердi жұмысқа жiберудiң белгiленген тәртiбiнiң сақталуын, маманның қолында оған тау-кен, бұрғылау, жарылыс, маркшейдерлiк, электротехникалық және газ жұмыстарына басшылық жасау құқығын беретiн құжаттардың, ал қызметкерлерде - жарылыс, газ қауiптiлiгi және қауiптiлiгi басым басқа да жұмыстарды жүргiзу құқығына арналған құжаттардың болуын тексеру, жауапкершiлiгi айрықша жұмыстарға қабылдау үшiн белгiленген арнайы талаптардың сақталуын бақылау;
      мамандардың еңбек қауiпсiздiгi ережелерi мен нормаларын, технологиялық регламенттер туралы және жұмысшылардың нұсқамалары туралы бiлiмiне тексеру жүргiзу, кәсiпорындардың, объектiлердiң жаңадан тағайындалған басшыларының және белгiленген мерзiмде басқа мамандардың қауiпсiздiк ережелерi мен нормаларына қатысты бiлiмiн тексеруге қатысу;
       Комитет қадағалауындағы өндiрiстердiң, объектiлер мен тетiктердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша, оның iшiнде нормативтiк-техникалық құжаттарды келiсу мен бекiту, объектiлердiң жобаларын және қадағалауға алынған бұйымдарды қарау кезiндегi мәселелер бойынша орталық атқарушы органдар, ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалар араларындағы келiспеушiлiк болған жағдайда түпкiлiктi шешiм қабылдау;
      қадағаланатын өндiрiстер мен объектiлерге еңбек қауiпсiздiгiнiң жағдайы және өндiрiстiк жарақаттану туралы халықты және жұмыс iстеушiлердi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету.
      6. Инспекторлар құрамын қоса алғанда, лауазымды адамдардың құқығын Комитет төрағасы белгiлейдi.
      7. Комитеттi Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын Төраға басқарады.
      Комитет Төрағасының өзiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын орынбасары болады.
      Төраға Комитеттiң және оған ведомстволық бағынысты органдардың барлық қызметiне басшылық жасайды, өз мiндеттерiн атқарған кезде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының жетекшiлерiне берiлген құқықтарды пайдаланады, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына тiкелей жауап бередi және орынбасардың, Комитеттiң құрылымдық жетекшiлерiнiң жауапкершiлiк деңгейiн белгiлейдi, Комитеттiң орталық аппаратының басшы қызметкерлерi мен мамандарын округтер мен Комитет жүйесiнiң басқа да ұйымдарының басшыларын, қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      8. Комитетте мынадай құрамда алқа құрылады: Комитет төрағасы (алқа төрағасы) және төрағаның лауазымы бойынша орынбасары, сондай-ақ Комитет жүйесiнiң басқа да қызметкерлерi. Комитет алқасының сандық құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi, ал жеке құрамын Комитет төрағасы бекiтедi. Алқа Комитет төрағасы жанындағы консультативтiк кеңесшi орган болып табылады.
      Алқа өзiнiң жүйелi түрде өткiзiлетiн мәжiлiстерiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзуге мемлекеттiк қадағалауды жетiлдiру, ведомстволық бағынысты ұйымдарға практикалық басшылық ету шешiмдердiң орындалуын тексеру, кадрларды iрiктеу мен пайдалану мәселелерiн, жоғары тұрған органдарға енгiзетiн аса маңызды құжаттардың жобаларын, сондай-ақ қаулыларды, бұйрықтарды, еңбек қауiпсiздiгi ережелерi мен нұсқауларды қарайды, округтардың басшыларын, Комитет орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiнiң және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың есебiн сондай-ақ Комитет құзыретiне жататын мәселелердi, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өкiлдерiнiң, қадағаланатын кәсiпорындар, ғылыми-зерттеу, жобалау құрастыру институттары мен ұйымдар, жабдықтар жасап шығаратын зауыттар мен басқа да заңды және жеке тұлғалардың баяндамаларын, есептер мен хабарларын, Комитет қызметiнiң өзге де мәселелерiн қарайды.
      9. Комитет өз құзыретi шегiнде Комитет қадағалайтын кәсiпорындары, объектiлерi мен өндiрiстерi бар орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан басқа да заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды.
      Комитет қадағалау қызметiн ұйымдастыру, қадағалау саласындағы, кәсiпорындар мен объектiлердегi еңбек қауiпсiздiгiнiң жай-күйi, еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң озық тәжiрибесiмен алмасу, өз құзыретiне жататын басқа мәселелер жөнiнде ақпараттық бюллетень шығарады.
      10. Комитет еңбек қауiпсiздiгi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, халықаралық ұйымдармен, басқа елдердiң тиiстi органдарымен белгiленген тәртiппен байланыс жасайды, ғылыми-техникалық алмасу және қадағалау қызметiнiң практикасы жөнiнде шет елдермен келiссөз жүргiзедi, келiсiмдер әзiрлейдi және жасайды, Комитет құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шарттық негiзде шетелдiк әрiптестерге техникалық жәрдем көрсетедi.
      11. Комитет жанында мыналар жұмыс iстейдi:
      тау-кен өнеркәсiбiндегi қауiпсiздiк жөнiндегi мамандандырылған ғылыми-зерттеу институты, салалық ғылыми-техникалық орталықтар;
      еңбек қауiпсiздiгi және өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелердi қарау үшiн ғылыми-техникалық кеңес (жұмыстардың бағыты бойынша секцияларымен), сондай-ақ өнеркәсiптiк жарылғыш заттарды дайындау мен қолдануға байланысты жұмыстарды үйлестiру үшiн жарылыс iсi жөнiндегi ведомствоаралық кеңес құрылады. Ведомствоаралық және ғылыми-техникалық кеңестердiң жеке құрамын және олар туралы ереженi Комитет төрағасы бекiтедi.
      Ведомствоаралық кеңестiң жарылғыш заттардың тиiмдiлiгiн арттыруға және оларды әзiрлеудiң, дайындаудың, тасымалдау мен пайдаланудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты шешiмдерi барлық орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
      Қажет болған жағдайда жобалау-техникалық құжаттамалардың еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптары мен нормаларына сәйкес болу-болмауына сертификаттау, сараптамалар өткiзу үшiн кәсiпорындар, ұйымдар, лабораториялар мен орталықтар құрылады.
      12. Комитет белгiленген бюджет қаражаты шегiнде өзiне бағынысты органдар мен ұйымдарды белгiленген тәртiппен бекiтедi, қайта құрады және таратады, осы органдар мен ұйымдар туралы ережелердi бекiтедi, сондай-ақ Комитет бекiткен ереже бойынша жұмыс iстейтiн штаттан тыс инспекторлар торабын ұйымдастырады.
      Комитет жұмысты мемлекеттiк басқарудың басқа да органдарымен, сондай-ақ кәсiподақ органдарымен тығыз байланыста жүргiзедi.
      13. Комитеттiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны мен еңбекақы қорын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Орталық аппараттың, оған ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдардың штат кестесiн Комитет төрағасы бекiтедi. Комитет сондай-ақ өзiне ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне байланысты мiндеттердi жүзеге асырады; қаржылық және басқа да жоспарларды әзiрлейдi; белгiленген тәртiппен қаржыландырады және қаржы ресурстарының дұрыс пайдаланылуын бақылайды; бухгалтерлiк есептi ұйымдастырады, округтердiң есеп беруi балансын бекiтедi, Комитет бойынша жиынтық есеп беру мен баланстарды қорытады.
      14. Комитет оның құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi табыстаған мемлекеттiк меншiгiн иелену, пайдалану және басқару құқығын жүзеге асырады.
      Комитет пен оның ведомстволық бағыныстағы органдары заңды тұлғалар болып табылады, оның Қазақстан Республикасының банктерiнде есеп айырысу және өзге де шоттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiзi мен атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
      15. Комитет органдарының қадағалауындағы кәсiпорындар мен ұйымдар және қадағаланатын объектiлерi бар жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары Комитет органдарының қызметкерлерiн қызмет үйлерiмен, байланыс құралдарымен, кәсiпорындарды, ұйымдар мен объектiлердi тексеру кезеңiнде қажеттi арнаулы киiммен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге, апаттарды немесе қайғылы оқиғаларды тексеруге бару және басқа да белгiленген мiндеттердi орындау үшiн көлiк беруге, сондай-ақ осы органдардың қызметкерлерiне бақылаудағы кәсiпорындар қызметкерлерiмен тең дәрежеде коммуналдық қызмет көрсетiлетiн, отыны мен телефон байланысы бар тұрғын үй алаңын бөлуге, мектепке дейiнгi

 

және санаторлық-курорттық мекемелерден орын беруге, медициналық

қызмет көрсету мен  әлеуметтiк-тұрмысты қамтамасыз ету мәселелерiн

шешуге мiндеттi.

     16. Комитеттiң инспекторлық құрамы мен жергiлiктi органдарының

басшыларына айырым белгiлерi бар нысанды киiм және бiрыңғай үлгiдегi

куәлiк берiледi.

     17. Қызметтiк мiндетiн атқару үшiн Комитет қызметкерлерiнiң

қызметтiк және iссапар куәлiктерi болғанда, көлiктiң барлық түрлерiне

жол жүру билеттерiн бiрiншi кезекте алу құқығы бар.

     18. Комитет қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқарған кезде

мемлекеттiң қорғауында болады. Олардың қызметтiк мiндеттерiн

орындауына кедергi жасайтын әрекеттер Қазақстан Республикасының

қолданылып жүрген заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.


                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                      1996 жылғы 28 наурыздағы

                                          N 360 қаулысымен

                                           БЕКIТIЛГЕН


            Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз

           жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитетi

          және оның жергiлiктi органдары қадағалауды жүзеге асыратын

           ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан

                кәсiпорындардың, объектiлердiң және жұмыстардың


                                Т I З Б Е С I


         I. Кен өндiрiстерi мен жұмыстарын қадағалау саласында



 
       1. Жұмыс iстеп тұрған, құрылысы жүргiзiлiп және қайта жаңартылып жатқан кәсiпорындар, шахталар, шахта құрылысының объектiлерi, карьерлер*, разрездер, тұздау кәсiпшiлiктерi, тұз кәсiпшiлiктерi, кен орындары, жер асты және жер үстi көлiк құрылысының объектiлерi, гидротехникалық және арнаулы құрылғылар құрылысы жөнiндегi арнаулы басқармалар мен арнаулы учаскелер**, байыту, көмiр байыту, көмiр текшелеу, жұмбаздау, кесектеу, ұсақтау-iрiктеу, алтын алу фабрикалары, инерттi тозаңдар фабрикасы, қазандық агрегаттардың фабрикасы, электр станциялардың көмiр беретiн цехтары, аталған кәсiпорындардың шикiзатын ұқсату жөнiндегi мынадай объектiлерi мен жұмыс түрлерi бар зауыттар (қондырғылар):
      Ескерту: Соның iшiнде жылына 10 мың текше метрден астам
              көлемде кен қоспасын өндiре отырып, кең тараған пайдалы
              қазбаларды, сондай-ақ егер оларда жарылыс жұмыстары
              жүргiзiлiп жатса, өндiру көлемiне қарамастан, өндiру
              жөнiндегi карьерлер.
         Объектiлердi, жабдықтарды монтаждауға өткiзгенге дейiн.
 
      жер асты, ашық және арнаулы тау-кен жұмыстары (толық технологиялық цикл бойынша);
      аталған кәсiпорындардағы барлық өндiрiстер мен қосалқы цехтар:
      контрактiлiк аймақ шегiндегi қосалқы станциялар мен электр тораптарының технологиялық жабдықтармен тұтасатын және 6 квт-қа дейiнгi, сондай-ақ 6 квт-тан асатын көлiктiк жабдықтарды қуаттандырушы қосалқы станциялар;
      көмiр разрездерi мен карьерлерiнiң технологиялық көлiгi мен оның жөндеу базасы, контрактiлiк аумақ шегiндегi технологиялық темiр жолдар мен автомобиль жолдары;
      кәсiпорындардың күшiмен жүргiзiлетiн геологиялық барлау жұмыстары:
      баланстағы ғимараттардың, құрылыстардың және объектiлердiң үстiңгi өндiрiстiк-технологиялық кешенi (контрактiлiк аймақ шегiнде);
      жарамсыз жыныс үйiндiлерi, қалдық пен шлам қоймалары, пайдалы қазбалар қоймалары, кәсiпорынның технологиялық кешенiне енетiн басқа да қоймалар мен объектiлер;
      мердiгерлiк әдiспен орындалатын жөндеу және баптау жұмыстары;
      кен құтқару жұмыстары - әскерилендiрiлген кен құтқару бөлiмдерiнiң кәсiпорындар мен объектiлердегi апаттарды жою, олардың алдын алу жұмыстарын жүргiзуi, олардың бөлiмшелерiнiң орналасу схемасының дұрыстығына қатысты бөлiгiнде.
      2. Шаруашылық объектiлерiн орналастыру үшiн пайдаланылатын жарамсыз кен орындары мен жер асты табиғи кеңiстiктерi - оларды пайдалану қауiпсiздiгiне қатысты.
      3. Кен-шахта жабдықтарын, бақылау және апатқа қарсы қорғаныс газсыздандыру аспаптары және басқа да арнаулы жұмыстарды монтаждау мен баптау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдар.
      4.Кен-шахта жабдықтарын, оттегi тыныс алу аппараттары мен аспаптарын дайындаушы зауыттар, лабораториялар, жөндеушi кәсiпорындар - олардың беретiн жабдықтарының, тетiктерiнiң, аппараттары мен аспаптарының қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуiн қадағалау бөлiгiнде.
      5. Еңбек қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша кен кәсiпорындары үшiн зерттеу және жобалау жұмыстарын жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу, жобалау институттары мен жобалау-конструкторлық ұйымдары.
      6. Метро құрылысының объектiлерi.
      7. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан табиғи тастарды (беттемелiк, құрылыстық) өңдеу зауыттары мен технологиялық желiлерi.
 
          II. Мұнай-газ өндiру өнеркәсiбiн, геологиялық барлау
              мен құбыр жүргiзу көлiгiн қадағалау саласында
 
      8. Жер асты газ қоймаларында, мұнай шахталарында мұнайды, газды, ыстық және минералды суларды барлау мен пайдалану скважиналарын жобалау, салу және пайдалану. Бұрғылау қондырғыларын қоса алғанда бұрғылау жұмыстарын жүргiзуге арналған технологиялық жүйелердiң, жабдықтармен тетiктердiң барлық түрлерi (оның iшiнде Қазақстан Республикасының теңiз шельфтерi мен iшкi тоғандары үшiн), геологиялық барлаудың жер астындағы және ашық жердегi жұмыстарындағы тау-кен жабдықтарының кешендерi.
      9. Мұнай, газ, газ конденсаты және геотермальдық кен орындарын, газдың жер асты қоймалары мен мұнай шахталарын жобалау, салу мен әзiрлеу.
      10. Мұнай, газ, конденсат өндiру, газды жер астында сақтау, мұнай мен газдың кәсiпшiлiкаралық көлiгi объектiлерiн, қабаттардың қысыммен ұстап тұру объектiлерiн пайдалану, қабаттардың мұнай, газ және конденсат беру коэффициентiн арттыру жөнiндегi жұмыстар, техникалық қауiпсiздiк жағынан, сондай-ақ скважиналарды жөндеу, консервациялау және жою.
      11. Гелий зауыттарын, мұнай мен газды кешендi дайындау қондырғыларын, сепарациялық қондырғыларды, сораптық және компрессорлық станцияларды, резевуарлық парктердi, теңiз шельфiндегi мұнай, газ өндiру кешендерiн жобалау, салу және пайдалану.
      12. Мамандандырылған ұйымдар орындайтын геологиялық барлау жұмыстары.континенттiк
      Мұнай, газ және мұнай-газ конденсаты кен орындарындағы (оның iшiнде континенттiк шельфте) жер асты қоймаларындағы, ыстық және минералды сулар кен орындарындағы, мұнай шахталарындағы, тiкелей объектiлерде жүргiзiлетiн жұмысқа қатысты жер астындағы және ашық тау-кен қазындылардағы далалық және теңiз геофизикалық жұмыстары мен кәсiпшiлiк-геофизикалық зерттеу (ату және жарылыс жұмыстарын жүргiзудi қоса алғанда).
      13. Фонтанға қарсы және газдан құтқару әскерилендiрiлген құрамалары, олардың апаттарды жоюға, объектiлерде ашық мұнай және газ фонтандарының және басқа апаттық жағдайлардың туындауының алдын алу, сондай-ақ олардың орналасуының дұрыстығы жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге дайындығы бөлiгiнде.
      14. Арналы мұнай-газ және өнiм құбырларын, компрессорлық және сараптық станцияларды жобалау, салу, пайдалану, жөндеу және жою.
      15. Мұнайгазөндiрушi және геологиялық барлау кәсiпорындарына қызмет көрсететiн мұнара құрастыру кеңселерi мен цехтарының базасы (жөндеу, реттеу, жабдықтарды құрау, бұрғылау жабдықтарын жарату).
      16. Мұнай-газ және геологиялық барлау объектiлерiне қызмет көрсететiн технологиялық көлiк, олардың аумағында болған кезеңдер (құбырлар, цемент тасымалдаушылар, құбыр тасымалдаушылар, цемент араластырушылар, цемент агрегаттары).
      17. Құрылыс-монтаж бiрлестiктерiндегi қосалқы өндiрiс цехтары және жабдықтарды сынау мен түзеу және жабдықтарды жөндеу, жарату мен сынау жөнiндегi кәсiпорындардағы көмекшi өндiрiс базалары, цехтары.
      18. Мұнай-газ өндiрiс объектiлерi мен геологиялық барлау жұмыстарына босалқы бөлшек, тау-кен-бұрғылау аспаптарын әзiрлеуге, өндiрiстiк-техникалық қамтамасыз ету мен жинақтау объектiлерiне арналған жөндеу мен жасау лабораториялары.
      19. Пайдалы қазбалардың сапасы мен олардың рудалардағы құрамын талдау жөнiндегi орталық лабораториялар.
 
          III. Жарылыс жұмыстарын қадағалау саласында
 
      20. Жарылыс жұмыстары үшiн жарылыс материалдарын қолданатын кәсiпорындар мен ұйымдар жарылыс материалдарын сақтау мен пайдалану ережесiн сақтау жағынан, өндiрiстiк жарылыс материалдарының шығасы немесе жылжымалы қоймалары.
      21. Жарылыс материалдарын дайындау жөнiндегi зауыттар, пункттер, орналастыру мен пайдалану қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелер мен нұсқаулардың талаптарын сақтау жағынан.
      22. Жарылыс жұмыстары кезiнде пайдаланылатын және жарылыс материалдарын дайындау үшiн қолданылатын жабдықтарды, аспаптарды, машиналар мен тетiктердi беретiн дайындаушы зауыттар мен жөндеушi кәсiпорындар.
      23. Жарылыс материалдарын ғылыми-зерттеу, оқу, тәжiрибелiк және басқа мақсаттарда пайдаланатын ғылыми-зерттеу институттары мен лабораториялар - жарылыс материалдарын сақтау мен есепке алынуының тәртiбiн сақтау жағынан.
 
          IV. Тау-кен жұмыстарын геологиялық-маркшейдерлiк қамтамасыз
              ету саласында
 
      24. Пайдалы қазбалар өндiру жөнiндегi жұмыс iстеп тұрған,

 

салынып жатқан, жобаланып, қайта жаңартылып жатқан консервацияланған

кәсiпорындар және геологиялық барлау ұйымдары.

     25. Пайдалы қазбалар кен орындары мен жер қойнауын, оның iшiнде

жарамсыз кен орындары мен жер астындағы табиғи кеңiстiктердi пайдалы

қазбаларды өндiруге байланысты емес мақсаттарға пайдалану кезiндегi

маркшейдерлiк және геологиялық жұмыстар.

     26. Пайдалы қазбаларды өндiру мен ұқсату жөнiндегi

кәсiпорындардың гидротехникалық құрылғыларды (дражды полигондар,

қалдық және шлам қоймалары).


         V. Атом энергетика өнеркәсiбiн қадағалау саласында


     27. Тау-кен, геология, химия-металлургия бөлiмдерiндегi,

сондай-ақ оларға арналған жабдықтар мен бұйымдарды конструкциялау

және жасау кезiндегi техникалық қауiпсiздiкке.


         VI. Химия, мұнай-химия, мұнай-газ өңдеу және жарылу-өртену

             қаупi бар, зиянды және басқа да өндiрiстердi қадағалау

             саласында


     28. Мынадай жобаланып отырған, құрылысы жүрiп жатқан, қайта

жаңартылудағы және жұмыс iстеп тұрған ықтимал қауiптi өндiрiстер:

     мұнай-газ өңдеу және мұнай-химия өнiмдерi;

     негiзгi органикалық синтез;

     каучук, шина, резина техника, тақта тас ұқсататын өнеркәсiп пен

техникалық көмiртегi;

     хлор, хлорорганикалық және органикалық емес өнiмдер;

     химиялық талшық;

     полимер материалдары және пластмасса;

     синтетикалық бояулар, химикат қоспалар және басқа да жұқа

органикалық синтез өнiмдерi;

     лак-бояу өнiмдерi, скипидар өндiру;

     кинофотоматериалдар мен химиялық реактивтер;

     тұрмыстық химия өнiмдерi;

     азот және фосфор өнеркәсiбi;

     негiзгi химия және химиялық қорғау өнiмдерi;

     орман химиясы және целлюлоза-қағаз өнеркәсiбi;

     дәрiлiк заттар, витаминдер, азықтық белоктар мен медицина және

микробиология өнеркәсiбiнiң басқа да өнiмдерi;

     эфир майы, синтетикалық және хош иiстi заттар;

     тамақ өнеркәсiбi: ет-сүт, арақ-шарап, ашытқы, сыра жасау, спирт

зауыттары, алкогольсыз сусындар, май, сүзбе қайнату, кондитер

фабрикалары, құс фабрикалары, жемiс қоймалары;

     жасанды былғары мен пленкалық материалдар;

     суды электролиздеу әдiсiмен сутегi мен оттегiн алу;

     мұнай базалары, май құю станциялары;

     жуу бұйымдарын өндiру;

     өз технологиясында СДЯВ-ты пайдаланатын объектiлер;

     басқа да органикалық және органикалық емес өнiмдер мен олардың

қосындылары.

     Аталған өндiрiс мынадай құрамда кешендi қадағалауға жатады:


 
       а) технологиялық объектiлер (блоктар, кезеңдер), қоймалар, төгу-құю станциялары, авария болған кезде жанатын газдың (будың) лықсып шығуы мүмкiн сұйытылған жанар газдың, тез тұтанатын сұйықтар мен жанатын сұйықтардың көлiк жүйесi;
      б) тозаң түзетiн технологиялық объектiлер (блоктар, кезеңдер), авария болған кезде аппаратурада, өндiрiстiк үй-жайда және ашық алаңдарда жарылу қаупi басым, әуе тозаң қоспаларын түзеуге бейiм қатты дисперстiк өнiмдердiң көлiк жүйесi;
      в) сұйық фазалы қатқыл, сондай-ақ аяқ астынан ыдырап кетуге бейiм өнiмдердi алуға не қайта өңдеуге байланысты өндiрiстер мен жекелеген технологиялық объектiлер (блоктар, кезеңдер);
      г) апат болған жағдайда адамдарға зақым келтiретiн зиянды заттарды өндiру мен ұқсату жөнiндегi өндiрiс, жекелеген технологиялық объектiлер (блоктар, кезеңдер);
      д) әкiмшiлiк-қосалқы, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлерге, адамдар көп болатын басқа объектiлерге жақын орналасқан сұйық хлор (оның iшiнде төгу-құю учаскелерi мен облыстық маңызы бар қалалардағы және iрi өнеркәсiп орталықтарындағы тазартқыш құрылғылар мен су дайындау әрi су бөлу жүйелерiндегi хлор өлшеу қондырғылары), фосген, көгерткiш қышқылды, нитрилакрил қышқылын, басқа да аса қауiптi заттар сақтайтын қоймалары мен қамбалары;
      е) газ түзетiн қалдықтарды кәдеге жарату мен жағудың жалпы

 

зауыттық және жергiлiктi қондырғылары;

     ж) жеке тұрған және цех жанындағы сораптық, компрессорлық және

тоңазытқыш станциялар;

     з) шикiзат, шикi өнiм мен дайын өнiм қоймалары;

     и) тазарту құрылғыларының, өнеркәсiп құбырлары, сумен айналымдық

жабдықтау жүйелерi;

     к) технологиялық объектiлердiң құрамына енетiн және

кәсiпорындардың балансындағы технологиялық труба құбырлары және басқа

құрылғылар;

     л) аталған объектiлерге қызмет көрсететiн газдан құтқару

қызметiнiң бөлiмшелерi, ерiктi газдан құтқару жасақтары.


         VII. Металлургия және кокс-химия өндiрiстерiн қадағалау

              саласында



 
       29. Мыналардың жобалану үстiндегi, салынып жатқан, қайта жаңартылудағы және жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындары, объектiлерi, цехтары, учаскелерi мен бөлiмшелерi:
      темiр рудасы шикiзатының (металлургия кәсiпорындарының құрамындағы агломерациялау және кесектеу), кокс (көмiр байыту, көмiр дайындау, кокстеу, кокстеудiң химиялық өнiмдерiн қармау және ұқсату), шойын, болат (болат пен темiрдi тiкелей алуды қоса алғанда), люнкриттер, модификаторлар және экзотермия қоспалары, ферро қорытпалар, ыстық және суық прокаттар, құбырлар (пiсiрiлген, қапталған, құйылған), метиздер (калибрлiк цехтар), құймалар (өнеркәсiптiң барлық саласында), отқа төзiмдiлер, цемент, әк, кiрпiш, фалис, фарфор, керамзит, металлургиялық жабдықтарды жөндеу жөнiндегi цехтар (өндiрiстер) - өндiрiстiк мақсаттағы барлық қосалқы қызметтерiмен бiрге;
      глинозем, алюминий (криолиттi флотациялау мен қайта генерациялауды қоса алғанда), кристалл кремнийi, электротермиялық силумин, никель, кобальт, мыс, мырыш, қорғасын, қалайы, кеуек титан, берилий, уран, магний, молибден, сынап, жартылай өткiзгiш материалдар (кремний, германий), қатқыл балқымалар, асыл металдар, күкiрт, ұнтақтар (темiр, тантал, никель, бериллий, уран, кобальт, мырыш, титан, цирконий), ыстық және суық прокат, күкiрт қышқылы өндiрiсi - өндiрiстiк мақсаттағы барлық қызметтерiмен;
      зауыттар мен комбинаттардың құрамына енетiн барлық қосалқы цехтар, олардың iшiнде шлам қоймалары;
      зауытаралық, цехаралық және цехтық коммуникацияларын қоса алғанда, аталған өндiрiстерде пайдаланылатын ауа, сутегi, хлор, аммиак бөлетiн өнiмдердi алу, ұқсату, бөлу, сақтау және қолдану.
      30.Газ шаруашылығы (газ толтыру және газ компрессорлық станциялар, домналық, кокстiк, конверторлық, ферробалқыма, табиғи газдар мен олардың қоспаларының зауытаралық, цехаралық және цехтық газ құбырлары), тұтынушы цехтарды газбен жабдықтау (энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру жөнiндегi объектiлерден басқалары), аталған барлық өндiрiстердегi газ тазартқыш, тозаң тұтқыш, аспирациялық және жеделдеткiш жүйелерi мен қондырғылар.
      31. Газдың құтқару қызметiнiң бөлiмшелерi, ерiктi газдан құтқару жасақтары.
 
          ҮIII. Қазандықтарды қадағалау және көтергiш
                құрылғыларды қадағалау саласында
      32. Комитет инспекциясы органдарында тiркелетiн 0,07 МПа (0,7 кгс/шаршы см) астам қысыммен жұмыс iстейтiн бу қазандықтары, бу құбырлары мен ыдыстар, 115 С астам температурада жылытылатын су жылытқыш қазандықтар мен ыстық суға арналған труба құбырлары, көмiр беру объектiлерi, жүк көтергiш крандар, лифтер, эскалаторлар, фуникулерлер, жолаушылар және жүк тасымалдайтын аспалы жолдар және осы жабдықтарды жасайтын кәсiпорындар.
      33. Комитет инспекциясына тiркелетiн 0,07 МПа (0,7 кгс/шаршы см) астам қысыммен iстейтiн бу қазандықтарын және жөндеу, бу құбырлары мен ыдыстарды қызуы 115 С артық температурада су жылытатын қазандықтарды және ыстық су құбырларын, жүк көтергiш крандарды, лифтердi, эскалаторларды, фуникулерлердi, жолаушы және жүк таситын аспалы жолдарды құрастыру, қайта құрастыру, пайдалану мен жөндеу.
      34. Жүк көтергiштiгi 1 тоннадан асатын құрылыс жүк көтергiштерi.
      35. Ғылыми-зерттеу, жобалау, құрастырушы ұйымдар, қадағалаудағы жабдықтарды жасаушы-зауыттар, сынақ станциялары.
      36. Темiр-бетон бұйымдары зауыттары.
 
          IХ. Газ қадағалау саласында
 
      37. Жер астындағы және жер үстiндегi газ жүйелерi мен олардағы құрылғыларды, сұйытылған газдың стационарлық топтық және баллондық қондырғыларын, газды магистралдық қалалық газ құбырларынан және сұйытылған газ (пропан-бутан) қондырылғыларын қалалардан және басқа елдi мекендерден (тұрғын үйлер мен коммуналдық-тұрмыстық объектiлердегi жылжымалы газ пайдалану қондырғыларынан,

 

агрегаттарынан және газ жабдықтарынан басқалары) алатын өнеркәсiптiк,

ауыл шаруашылығы, коммуналдық кәсiпорындардағы және басқа

объектiлердегi iшкi газ құбырлары мен газ жабдықтарының кәсiпорындары

мен ұйымдары, сондай-ақ аспаптар мен жабдықтар дайындайтын

зауыттар, автомобиль май құю станциялары.


         Х. Астық өнiмдерiнiң өртену, жарылу қаупi бар өнеркәсiбiн

            қадағалау саласында


     38. Құрама жем, ұн, жарма өндiрiсi және олармен технологиялық

байланысты ғимараттар, құрылғылар мен жабдықтар. Астықты

элеваторларға қабылдау, өңдеу мен сақтау процесi және осы процеспен

технологиялық байланысты ғимараттар, құрылғылар мен жабдықтар.


         ХI. Қауiптi жүктердi тасымалдау саласында


     39. Қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған арнаулы қозғалмалы

құрам, кiрме жолдар, тұйықтар, құю-төгу эстакадалары, қадағалаудағы

кәсiпорындарда осындай жүктермен жұмыс жүргiзiлетiн тиеу-түсiру

алаңдары.


         ХII. Бiрнеше салаға ортақ объектiлер


     40. Сутегi, көмiрқышқылы және оттегi станциялары.

     41. Оқу-курс комбинаттары.


 
       42. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына сәйкес аса қауiптi объектiлермен байланысты қызметтi лицензиялау.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады