Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті медициналық сақтандыру қорының 1998 жылға арналған бюджеті туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 29 шілде N 713. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.01.29. N 70 қаулысымен. ~P990070

      ЕСКЕРТУ. Атауы мен мәтінінде сөздер өзгертілді - ҚРҮ-нің 1998.09.21.
               N 929 қаулысымен. P980929_
 
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті медициналық сақтандыру қорының 1998 жылға арналған бюджеті кірістер бойынша 35 588 475 мың теңге, шығыстар бойынша - 35 588 457 мың теңге сомасында бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті медициналық сақтандыру қорының 1998 жылға арналған бюджетінің кірістері:
      заңды тұлғалардың міндетті сақтандыру жарналары бойынша берешектерінің;
      Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу қоры бөлігінде заңды тұлғалардың (шетелдің қатысуымен заңды тұлғаларды қоса есептегенде), шетел заңды тұлғаларының өкілдіктері мен филиалдарының және заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың міндетті сақтандыру жарналарының;
      бір тұрғынға кемінде 3 есепті көрсеткіштің мөлшері есебімен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бюджеттерінен жұмыс істемейтін халықты сақтандыруға арналған сақтандыру төлемдерінің;
      басқа да кірістердің есебінен қалыптастырылады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражаты 1998 жылы:
      Міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламаларының шеңберінде медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу үшін сақтандыру резервтік қорын қалыптастыруға, оның ішінде:
      Міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасының көлемінде медициналық қызмет көрсетудің шарттарын теңгеру үшін, оның ішінде денсаулық сақтауды, міндетті медициналық сақтандыруды дамытудың мақсатты бағдарламаларын қаржыландыруға пайдаланылатын 15 процент мөлшерінде заңды және жеке тұлғалардың сақтандыру төлемдерінен орталықтандырылған нормаланған сақтандыру қорын қалыптастыруға;
      өзін дамыту қорын қалыптастыруға бағытталсын.
      4. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті медициналық сақтандыру қорының бас директоры Қордың облыстық, Алматы қалалық және Астана қалалық бөлімшелерін ұстауға арналған шығыстардың сметаларын бекітсін.
      5. Қоса беріліп отырған міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы бойынша көрсетілетін медициналық көмек түрлерінің тізбесі және 1998 жылға арналған мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің кепілді көлемі бекітілсін (1,2-қосымшалар).
      6. Сақтандыру полисінің 1998 жылға арналған құны оны өздігінен сатып алатын адамдар үшін 2550 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жұмыс істемейтін халық үшін сақтандыру төлемдерінің уақтылы төленуін қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті міндетті сақтандыру төлемдері мен жарналарының Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті медициналық сақтандыру қорына уақтылы және толық түсуін қамтамасыз етсін.
      9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау комитеті, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп, Міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы бойынша медициналық ұйымдарға бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуына тұрақты бақылау жасауды жүзеге асырсын.
      10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп, екі айлық мерзім ішінде міндетті сақтандыру жарналарын Міндетті сақтандыру қорына аударудың тәртібін әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
      11. "Азаматтарды міндетті медициналық сақтандыруды қаржыландыру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 наурыздағы N 369 P960369_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 13, 13-құжат) 2-тармағының күші жойылған деп танылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                Қазақстан Республикасы



                                                 Үкіметінің 1998 жылғы

                                                      29 шілдедегі

                                                   N 713  қаулысымен

                                                       бекітілген



 
 
            Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау

 

             министрлігінің Міндетті медициналық сақтандыру қорының

                          1998 жылға арналған бюджеті

                                                         (мың теңге)

  _______________________________________________________________________

|                 Кірістер                           |   Сомасы         |

|____________________________________________________|__________________|

|Заңды тұлғалардың міндетті сақтандыру жарналары     |  1 200 000       |

|бойынша берешектері                                 |                  |

|____________________________________________________|__________________|

|Заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмастан        | 12 040 000       |

|кәсіпкерлік және өзге қызметпен айналысатын жеке    |                  |

|тұлғалардың міндетті сақтандыру жарналары           |                  |

|____________________________________________________|__________________|

|Облыстардың, Алматы және астана қалаларының         | 20 258 457       |

|бюджеттерінен сақтандыру төлемдері                  |                  |

|____________________________________________________|__________________|

|Басқа да кірістер                                   |     90 000       |

|____________________________________________________|__________________|

|Жиынтығында кірістер                                | 35 588 457       |

|____________________________________________________|__________________|


  _______________________________________________________________________

|                 Шығыстар                           |  Сомасы          |

|____________________________________________________|__________________|

|Сақтандырудың резервтік қоры, барлығы               | 39 976457        |

|____________________________________________________|__________________|

|оның ішінде:                                        |                  |

|____________________________________________________|__________________|

|орталықтандырылған нормаланған сақтандыру қоры      |  2 286 000       |

|____________________________________________________|__________________|

|оның ішінде ММС мақсатты бағдарламаларын            |    200 000       |

|қаржыландыруға                                      |                  |

|____________________________________________________|__________________|

|өзін дамыту қоры                                    |    612 000       |

|____________________________________________________|__________________|

|Жиынтығында шығыстар                                | 35 588 457       |

|____________________________________________________|__________________|





                                             Қазақстан Республикасы



                                             Үкіметінің 1998 жылғы

                                                "29" шілдедегі

                                                N 713 қаулысына

                                                   1-қосымша



 
 
          Міндетті медициналық сақтандыру қорының 1998 жылға
      арналған қаражаты есебінен қаржыландырылатын медициналық
                           көмек түрлерінің
                              ТІЗБЕСІ
 
     Міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасының
      шеңберінде көрсетілетін, медициналық қызмет көрсетулердің
                               көлемі
 
      1. Бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын медициналық көмектің кепілді көлеміне кіретін медициналық көмектің түрлерінен басқа, егу ісін қосқанда, балалар мен жасөспірімдерге, ересектерге, сондай-ақ, жүкті әйелдерге көрсетілетін амбулаториялық-емханалық көмек.
      2. Тістерді протездеу мен жақ пен беттің пайда болған кемістіктері мен ауытқушылықтарын жоюды қоспағанда, балалар мен жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге және көп балалы аналарға, мемлекеттік жоғары оқу орындарының студенттеріне 1998 жылға арналған толық көлемде стоматологиялық көмек.
      3. Ересек халыққа амбулаториялық-стоматологиялық көмектің жекелеген түрлері.
      4. бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын медициналық көмектің кепілдікті көлеміне кіретін көмектердің түрлерін қоспағанда, балалар мен жасөспірімдерге, ересектерге стационарлық көмек.
      5. Емшек жасындағы балалар (1 жасқа дейінгі) үшін ана сүтін алмастырғыштарды (құрғақ сүт қоспалары) сатып алуды қаржыландыруды қамтамасыз ету.
 

                                                Қазақстан Республикасы



                                                Үкіметінің 1998 жылғы

                                                     29 шілдедегі

                                                    N 713 қаулысына

                                                       2-қосымша



 
 
         Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты
          есебінен қаржыландырылатын медициналық көмектің
               1998 жылға арналған кепілдікті көлемі
 
      1. Жедел және кідіріссіз медициналық көмек қызметі.
      2. Халықтың сақтандырылмаған бөлігіне кідіріссіз және шұғыл медициналық көмек көрсету.
      3. Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге медициналық аборттардың барлық түрлерін қоса есептегенде, стационарлық көмек көрсету.
      4. Халықты мамандандырылған амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмектің: тері-венерологиялық, онкологиялық, фтизиатриялық, наркологиялық, психиатриялық, инфекциялық түрлерімен, сондай-ақ бруцеллез бен алапес кезінде көмек көрсетумен; әскер жасына дейінгі және әскер жасындағы жастарға стационарлық көмек көрсетумен және сақтандырылмаған әскерге шақырылатын жастарды (18-ден 27 жасқа дейінгі) амбулаториялық-емханалық көмекпен (тексеру, емдеу) қамтамасыз ету.
      5. Халықты санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаумен қамтамасыз ету.
      6. Денсаулық сақтау жүйесі санаторийлерінің, нәрестелер үйлерінің, перинатальдық орталықтардың, перзентханалардың, перзентхана бөлімшелерінің, ауруханалардағы босанатын әйелдерге арналған төсектердің, жүктілік ауытқулары бөлімшелері мен төсектерінің, экстрагенитальдық ауытқулары бар жүкті әйелдерге арналған бөлімшелер мен төсектердің; сүт асүйлерінің, СПИД- ке қарсы күрес орталықтарының, ҒЗИ клиникаларының, арнайы медициналық мақсаттағы базалар мен қоймалардың, сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптау бюроларының және патолого-анатомиялық бюролар мен бөлімшелердің, шұғыл және жоспарлы консультациялық көмек бөлімшелерінің (республикалық және облыстық санитарлық авиация), қан құю орталықтарының (бөлімшелерінің, кабинеттерінің), мейірбикелік күту ауруханаларының, орталықтандырылған бухгалтериялардың, отбасын жоспарлау және қалпына келтіру орталықтарының, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлеріне арналған госпитальдар мен емханалардың, әскери комиссариаттардағы дәрігерлік комиссиялардың, мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерінің (маскүнемдікпен және нашақорлықпен дерттенгендерді мәжбүрлеп емдеуге арналған) қызметін қамтамасыз ету.
      7. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға, бала кезінен мүгедектерге, I және II топтағы мүгедектерге толық көлемде стоматологиялық көмек көрсету, ал протездеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргізіледі.
      8. Жаппай сырқаттану, індеттер кезінде, апаттар мен табиғи зілзалалар жағдайында медициналық көмек көрсету.
      9. Иммунологиялық препараттарды, вакциналарды, сывороткаларды орталықтандырылған сатып алу және суықтық желіні қамтамасыз ету.
      10. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жеңілдігі бар адамдарды медициналық мақсаттағы құралдармен, тіс протездерімен қамтамасыз ету.
      11. Белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының басқа қалаларындағы және одан тысқары жерлердегі медицина орталықтары мен клиникаларға тексерілуге және емделуге жіберілген науқастардың жолақысын төлеу.
      12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізбе бойынша халықты медициналық көмектің қымбат тұратын түрлерімен қамтамасыз ету.
      13. Азаматтардың жекелеген санаттарын және аурулардың жекелеген түрлерін жеңілдікті және тегін рецепттер бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады