Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, Республика Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар кадрларының құрамы мен орын ауыстырушылығы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 29 наурыз N 371

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "1996 жылғы 25 қаңтардағы жағдай бойынша министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, Республика Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар кадрларының құрамы мен орын ауыстырушылығы туралы" Үкiмет Аппараты Кадр жұмысы бөлiмiнiң жазбасы назарға алынсын.
      2. Министрлер, мемлекеттiк комитеттердiң төрағалары, Республика Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшылары, Үкiмет аппаратының Басшысы "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығынан туындайтын кадр жұмысының талап деңгейiнде қалыптасуын, республика атқарушы органдары жүйесiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң кадр мүмкiншiлiктерiн еселеудi қамтамасыз ету, жiберiлген кемшiлiктердi жою жөнiнде нақты шаралар қолдансын.
      3. Қазақстан Республикасының еңбек, қаржы, әдiлет, экономика халықты әлеуметтiк қорғау, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау министрлерi, Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы, Үкiмет Аппаратының кадр жұмысы, қаржы, еңбек, және ақша айналысы, заң, аграрлық, сектордағы реформалар, әлеуметтiк-мәдени даму, қаржы-шаруашылық бөлiмдерiнiң

меңгерушiлерi "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 15 қаңтардағы N 17 өкiмi негiзiнде
анықталған нормативтiк құжаттардың белгiленген мерзiмде әзiрленуiн
қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады