Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру институтының мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 сәуiр N 393. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.11.11. N 1156 қаулысымен. ~P981156

      "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2730 U952730_ Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру жүйесiн құру мен дамытудың қажеттiлiгiне орай Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру институты (бұдан былай - Институт) туралы берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Институт Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру жөнiндегi бас оқу және ғылыми-әдiстемелiк орталық болып белгiленсiн.
      3. Институт Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Басшы қызметшiлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру республикалық салааралық институтының мүлiктiк және өзге де құқықтары мен мiндеттерiнiң құқықтық мұрагерi болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, комитеттерi мен

 

өзге де орталық және атқарушы органдарының басшылары, облыстар мен

Алматы қаласының әкiмдерi жыл сайын 1 желтоқсанда институтқа

мемлекеттiк қызметшiлердi оқытуға өтiнiм берсiн.

     5. Институтқа қызметтiк 4 автомобиль, оның iшiнде 1 шағын

автобус лимитi бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1996 жылғы 8 сәуiрдегi

                                           N 393 қаулысымен

                                            БЕКIТIЛГЕН


            Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк

             қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру

                            институты туралы

                              Е Р Е Ж Е


            1. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру институты (бұдан былай - Институт) мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру жөнiндегi бас оқу және ғылыми-әдiстемелiк орталық болып табылады.
      Институт ұйымдық-құқықтық мекеме нысанында жұмыс iстейдi және өз қызметiнде Конституцияны, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Президент пен Үкiметiнiң актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      2. Институтта министрлер мен мемлекеттiк комитеттер төрағаларының орынбасарлары, орталық мемлекеттiк органдар басқармалары мен дербес бөлiмдерiнiң бастықтары, олардың орынбасарлары мен басқа да мемлекеттiк қызметшiлер, облыстардың, қалалардың, аудандардың әкiмдерi мен орынбасарлары және әкiмдер аппаратының басқа да құрылымдық бөлiмшелерiнiң, мемлекеттiк бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшылары, сондай-ақ осы лауазымдарды резервке енгiзiлген адамдар оқып, бiлiктiлiгiн көтередi.
      Бөлек лекте облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, мәслихаттардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары оқып, бiлiктiлiгiн көтередi.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң институтқа берген мемлекеттiк мүлкiн жедел басқару құқын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiппен Институтқа берiлген өкiлеттiктерге сәйкес жүзеге асырады.
 
             2. Институттың мiндеттерi мен функциялары
 
      4. Институттың негiзгi мiндеттерi:
      оқу сапасын тұрақты жақсарту, оқу процесiн жүргiзушi нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру;
      республикада жұмыс iстейтiн мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн көтеру салалық институттары мен курстарының қызметтерiн үйлестiрудi және олардың әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
      мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру мәселелерi бойынша шат елдердiң басқару органдарымен, оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерiмен, консультациялық фирмаларымен, қоғамдық қорларымен және басқа да ұйымдарымен байланысты жүзеге асыру;
      мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру процесiн тұрақты түрде жетiлдiру, оның барлық басқару деңгейiндегi тиiмдi қызметiнiң нақты мiндеттерiн шешуге арналған бағыттылығы болып табылады.
      5. Институттың негiзгi функциялары:
      оқыту стратегиясы, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн көтеру жүйесiн дамыту мен жетiлдiру, оларды тиiмдi пайдалану, қазiргi заманғы басқару дағдыларын қалыптастыру, мемлекеттiк қызметшiлер еңбегiнiң қырлары мен ынталандыру мәселелерi бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу;
      республикада жұмыс iстейтiн мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн көтеру салалық институттары мен ғылыми-педагогикалық кадрларын әзiрлеу және оқытушылар құрамының бiлiктiлiгiн көтеру;
      мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру проблемалары жөнiнде республикалық және халықаралық конференциялар, семинарлар, кеңестер мен басқа ғылыми-практикалық форумдарды ұйымдастыру және өткiзу;
      министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен өзге орталық атқарушы органдардың, облыстар, қалалар мен аудандар әкiмдерi аппараты, ассоциациялар мен басқа да шаруашылық субъектiлердiң мемлекеттiк қызметшiлердi шетелде даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру жөнiндегi ұсынған бағдарламаларын қарау және солар бойынша қорытындылар әзiрлеу;
      мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру жүйесiн жетiлдiру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiне ұсыныс енгiзу болып табылады.
 
             3. Институттың құқықтары мен мiндеттерi
 
      6. Институттың өзiне жүктелген мiндеттерi мен атқаратын функцияларына сәйкес:
      оқу сабақтарының түрлерi бойынша профессор-оқытушылар құрамына оқу жүктемi мен көлемiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бекiтуге;
      мемлекеттiк қызметшiлердi пайдаланудың тиiмдiлiгiн зерттеулердiң нәтижелерi бойынша жоспарлары мен бағдарламаларын, ғылыми еңбектер, бюллетеньдер мен жылнамалар, оқу-әдiстемелiк және басқа да материалдар, лекциялар текстерiн шығаруға:
      өзiне қойылған мiндеттердi шешу мақсатында республиканың және шет елдердiң ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдарымен ынтымақтастықты және мамандар алмасуды дербес жүзеге асыруға;
      ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мен бiлiктiлiгiн көтерудi белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға;
      республика iшiнде, сонымен бiрге шет елдерде басқа кәсiпорындар мен және ұйымдармен өзара тиiмдi жағдайларды ғылыми-әдiстемелiк коммерциялық, сондай-ақ патенттiк ақпарат алмасуға;
      өз атынан мәмiлелер жасауға (шарттар, контрактiлер), мүлiктiк құқықтарды сатып алуға және мiндеттiлiкте болуға, күрделi құрылыстар салуды және негiзгi құралдарды қайта жаңартуды жүзеге асыруға;
      жабдықтарды, құралдарды, қондырғылар мен материалдарды баланстан балансқа беруге, жалға алуға және жалға беруге, көтерме бөлшек немесе келiсiмдi баға бойынша сатып алуға және сатуға бағасын шектемей жарамсыз болған немесе ескiрген қорларды баланстан шығаруға. Иеленуге, пайдалануға және басқаруға берiлген мүлiк бөлiгiнде Институт олармен жасалатын барлық мәселелер мен өзге де iс-қимылдарды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес аталмыш мүлiктiң меншiк иесiмен келiсуi мiндеттi;
      өз қызметiнiң есебiнен құрылған мүлiктi бөлек баланста ескеруге және оны дербес иемденуге. Аталған мүлiк Институттың келiсiмiнсiз кез келген нысанда оқшаулануы мүмкiн емес;
      ғылыми, бағдарламалық немесе басқа өнiмдерге келiсiмдi бағалар тағайындауға құқы бар.
      7. Институт мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн көтеру деңгейiне, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жүзеге асыруға, уақтылы орындалуына, әзiрлемелердiң ғылыми деңгейiне толық жауапкершiлiкте болады.
      8. Институт заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы, есеп айырысу және өзге де, оның iшiнде валюталығы да, банк мекемелерiнде шоттары, мемлекеттiк рәмiздегi және өз атауы қазақ, орыс тiлдерiнде жазылған мөрi бар.
 
             4. Институтты қаржыландыру
 
      9. Институт қызметiн қаржыландыру:
      Қазақстан Республикасының Үкiметiн мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және нақты жобалар мен жоспарларды жүзеге асыруға бағытталған республикалық бюджет қаражатының;
      Институттың оқу, ғылыми-зерттеу және баспа қызметi мен басқа да көздерден тапқан өз кiрiсiнiң есебiнен жүзеге асырылады.
 
             5. Институт жұмысын ұйымдастыру
 
      10. Институтты Қазақстан Республикасы Үкiметi тағайындайтын ректор басқарады.
      11. Ректор Институттың барлық жұмысын ұйымдастырады, Институттың жай-күйi мен қызметi үшiн толық жауапкершiлiкте болады, Институтқа жүктелген мiндеттерден туындайтын құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асырады.
      12. Институт ректоры белгiленген тәртiпке сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiне Институттың құрылымын бекiтуге ұсынады, Қазақстан Республикасы Үкiметiмен келiсiп проректорларды тағайындап, қызметiнен босатады.
      Өз құзыры шегiнде бұйрық шығарады, Институттың барлық қызметкерлерiн жұмысқа қабылдап, қызметiнен босатады. Институттың бөлiмшелерi туралы ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтарды бекiтедi, қолданылып жүрген заңдарға және басқа да нормативтiк актiлерге сәйкес Институт қызметкерлерiне ынталандыру шараларын қолданады және тәртiптiк шаралар жасайды.
      13. Институт ректоры мемлекеттiк органдармен, барлық мекемелермен және ұйымдармен қарым-қатынаста оны бiлдiредi, Институт атынан сенiмхатсыз iс-қимыл жасауға, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Институттың мүлкi мен қаржысына билiк етуге хақылы, шарт жасайды, сенiмхат бередi, банктерде валюталығын қоса шоттар ашады.
      14. Ректор жанынан кеңесушi органы құқында Институттың Ғылыми кеңесi құрылады.
      Институттың ректоры Ғылыми кеңестiң төрағасы, Институттың ғылыми хатшысы - хатшысы болып табылады. Ғылыми кеңестiң құрамына Институттың проректорлары, негiзгi бөлiмшелердiң басшылары, жетекшi ғалымдар кiредi. Ғылыми кеңестiң құрамына Институтта жұмыс iстемейтiн жетекшi ғалымдар мен мамандар кiре алады. Ғылыми кеңестiң құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      15. Институтта ректор бекiткен Iшкi еңбек тәртiбi қолданылады. Кейбiр қызметкерлердiң құқы, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi ректор бекiткен қызметтiк нұсқаулықтармен айқындалады.
      Институттың профессор-оқытушылар құрамы лауазымдарына ие болу мен аттестациялануы, сондай-ақ жұмыстан босату жоғары оқу орындары, ал ғылыми қызметкер үшiн - ғылыми-зерттеу институттары үшiн тәртiбi көзделген шарттарда жүргiзiледi. Басқа қызметкерлердiң аттестациялануы ректор бекiткен ережеге сәйкес жүргiзiледi.
      16. Институттың негiзгi құрылымдық бiрлiгi кафедра болып табылады, оған ғылыми-әдiстемелiк және курстар мен бағдарламаларды педагогикалық қамтамасыз етудегi негiзгi жауапкершiлiк жүктеледi.
      17. Институтта оқу процесiн ұйымдастырудың негiзгi нысаны мақсатты оқу бағдарламалары болып табылады. Оқу бағдарламаларын бекiту, сондай-ақ оларды қайта қарауды Институттың Ғылыми кеңесi жүзеге асырады.
      Институтта оқу процесiн штаттағы оқытушылар, сондай-ақ жетекшi ғалымдар, министрлiктердiң басшылары мен қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қоса атқару және сағаттық төлем шартында басқа да ұйымдардың қызметкерлерi жүргiзедi.
      Институттың профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы жоғары оқу орындары оқытушылары үшiн белгiленген тәртiппен айқындалады.
      18. Институттың барлық оқу-әдiстемелiк, ғылыми-талдау, әкiмшiлiк-шаруашылық және әлеуметтiк мәселелермен байланысты қызметiне басшылықты Институт ректораты жүзеге асырады.
      19. Институттың тыңдаушылары мемлекеттiк қызметшiлер болып табылады. Олармен қатар Институтта әртүрлi меншiк нысандарындағы ұйымдар мен кәсiпорындардың басшы қызметкерлерi мен мамандары оқытылады.
      Тыңдаушыларды оқыту жоспарларын Институт көбiне тiкелей шарттар негiзiнде қалыптастырады. Тыңдаушыларды қабылдауды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Институт ректоры жүргiзедi.
      Тыңдаушылар басқарудың ғылыми бiлiмi мен практикалық тәжiрибелерiн белсендi түрде меңгеруге, оқу жоспарлары мен бағдарламаларында көзделген тапсырмалардың барлық түрлерiн орындауға, Iшкi тәртiп ережелерiн сақтауға мiндеттi.
      Тыңдаушылар Институт өткiзетiн ғылыми зерттеулерге, конференцияларға, кеңестер мен басқа да шараларға, Институттың Ғалымдар кеңесiнiң жұмысына қатыса алады. Олар аудиторияларды, кабинеттердi, лабораторияларды, есептеу техникасы мен басқа да оқу және көмекшi оқу материалдарын пайдаланады, министрлiктерде, ғылыми ұйымдарда, мекемелерде, оқу орындары мен кәсiпорындарда тағылымдамадан өтедi.
      Оқу жоспары орындалмаған жағдайда, сондай-ақ iшкi тәртiп ережелерiн өрескел бұзғанда тыңдаушыға тиiстi анықтама берiлiп, Институт ректорының бұйрығымен шығарылады.
      Алынған құжат негiзiнде Институттағы оқуының нәтижелерi туралы мәлiметтер мемлекеттiк қызметшiнiң жұмыс орны бойынша белгiлi үлгiдегi бiлiктiлiк аттестатына жазылады, ол аттестациялау және қызметi бойынша ауысу кезiнде ескерiледi.
      20. Жұмыстан қол үзiп оқыған кезеңде тыңдаушылардың негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы сақталады.
      Оқу кезiнде тыңдаушылар қонақ үй үлгiсiндегi жатақханамен қамтамасыз етiледi. Жатақхана болмаған жағдайда қонақ үйлерде тұрғаны үшiн шығыстардың орны қолданылып жүрген заңдарда көзделген шарттар бойынша толтырылады.
      Тыңдаушылардың оқу орнынан бару және қайту жолына, жатақханада (қонақ үйде) тұрғанына, iссапар шығыстарына ақыны, сондай-ақ стипендияны тыңдаушыны оқуға жiберген тарап төлейдi.
 
             6. Институтты тарату және қайта ұйымдастыру
 
      21. Институтты тарату мен қайта ұйымдастыру заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады