Көкшетау облысында "Көкшетау" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 10 сәуiр N 415

      Көкшетау облысының ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және рекреациялық құндылығы бар бiрегей табиғат кешендерiн сақтау және қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Көкшетау облысы әкiмiнiң, Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы комитетiнiң, Ғылым министрлiгiнiң - Ғылым академиясының Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетiнiң қарамағында "Көкшетау" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiн құру жөнiнде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Экология және биоресурстар министрлiгiмен, Әдiлет министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. "Көкшетау" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiне Айыртау, Арықбалық және Зерендi аудандарының жер пайдаланушыларының жерлерiнен қосымшаға сәйкес жалпы көлемi 78561 гектар жер учаскесi тұрақты жер пайдалануға берiлсiн және олар "ұлттық табиғат парктерi ормандарының" қорғаныштық санатына жатқызылсын.
      3. Көкшетау облысының әкiмi құрылатын "Көкшетау" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi режимiн қамтамасыз ету үшiн оның сыртқы шекаралары бойымен негiзгi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн алмай, осы аймақтың аумағында аталған парктiң табиғат кешенiне терiс әсерiн тигiзетiн қызметке тыйым салатын қорғаныштық аймақтар орнатсын.
      4. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жергiлiктi жерлерде құрылатын "Көкшетау" ұлттық табиғат паркi жерлерiнiң шекараларын орнатсын, осы парктiң тұрақты жер пайдалану құқығына ұсынылған жер учаскелерiне құжаттарды рәсiмдесiн.
      5. Көкшетау облысы әкiмiнiң облыстық бюджет қаражаты есебiнен "Көкшетау" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң пайдалануына ауыл шаруашылығы кәсiпорындары жерлерiнiң бөлiгiн алып бергенi үшiн келтiрiлген зиянды оларға өтеу туралы 1994 жылғы 6 шiлдедегi N 129 шешiмi назарға алынсын.
      6. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi:
      ғылыми ұйымдармен бiрлесе отырып, аталған парктiң аумағын функциялық аймақтарға бөлудi техникалық-экономикалық негiздемемен белгiленген парк аумағындағы өзгерiстердi ескере отырып анықтасын;
      республикалық бағыныстағы мемлекеттiк мекеме нысанында жедел басқару құқығы негiзiнде iс-әрекет ететiн, табиғат қорғау, ғылыми және мәдени-ағарту қызметiн жүзеге асыратын заңды ұйым ретiндегi "Көкшетау" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң жарғысын екi айлық мерзiм iшiнде бекiтсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi "Көкшетау" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң балансына орман шаруашылығы кәсiпорындарының оған берiлетiн негiзгi және айналым қорын белгiленген тәртiппен беретiн болсын.
      8. "Көкшетау" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң негiзгi қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы комитетiнiң 1996 жылға арналған бюджетiндегi операциялық шығындар құрамында көзделген қаржылар есебiнен және соның шегiнде жүзеге

асырылсын. Келесi жылдарда қаржыландыру республикалық бюджеттен
белгiленген тәртiппен жүзеге асырылсын.
     9. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi
"Көкшетау" мемлекеттiк ұлттық паркiнiң құрылымы мен штатын
бекiтетiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi

                                     Қазақстан Республикасы
                                          Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 10 сәуiрдегi
                                       N 415 қаулысына
                                            Қосымша

      Жер учаскелерi алынатын және олардың тұрақты жер пайдалану
        құқығы құрылатын "Көкшетау" мемлекеттiк ұлттық табиғат
       паркiне берiлетiн Көкшетау облысы жер пайдаланушыларының
                              Тiзбесi

     1. Жер учаскелерi алынатын жер пайдаланушылардың атауы
     Жер учаскелерiнiң көлемi, гектар (оның iшiнде) (олардан)
     2. Барлығы
     3. Ауыл шаруашылығы алаптары
     4. Егiстiк және тыңайған жер
     5. Көп жылдық екпелер
     6. Шабындық
     7. Жайылым
     8. Ормандар
     9. Басқа жер алаптары
___________________________________________________________________
   1                   | 2 |  3  |  4  |  5 |  6  |  7  |  8  | 9
___________________________________________________________________

           Айыртау ауданы

Запастағы жерлер (Шалқар
көлi)                   3241                                    3241
"Айыртау" ұжымдық ауыл
шаруашылығы кәсiпорны    910   797   30             767          113
"Шалқар" ұжымдық ауыл
шаруашылығы кәсiпорны    561   516   69             447          45
Озерное орман шаруашылығы
өндiрiстiк кәсiпорны     1483                              1483
___________________________________________________________________-
  Қорытынды              6195  1313  99             1214   1483  3399

              Арықбалық ауданы
Арықбалық орман
шаруашылығы өндiрiстiк
кәсiпорны                16388 1876  230   75  1162  409  14228  284
Запастағы жерлер (Ақ көл) 1698                                  1698
          (Байсары көлi)   409                                   409
          (Имантау көлi)  5492   93                   93        5399
          (Лобаново көлi)  423    5                    5         418
"Арықбалық" ұжымдық
кәсiпорны                  296  268                  268          28
"Златогорское" ұжымдық
кәсiпорны                  241  228                  228          13
"Имантау" ұжымдық ауыл
шаруашылығы кәсiпорны      466  365   21             344         101
"Лобаново" ұжымдық ауыл
шаруашылығы кәсiпорны      230  228                  228           2
"Шалқар" ұжымдық
кәсiпорны                  282   249                 249          33
Озерное орман шаруашылығы
өндiрiстiк кәсiпорны      7453  218   76    3  110   29    7024  211
     ______________________________________________________________-
     Қорытынды           33378  3530  327  78  1272  1853  21252 8596

                Зерендi ауданы

"Зерендi" акционерлiк
қоғамы                    371    292                 292          79
Запастағы жерлер
(Зерендi көлi)           1139     20                  20        1119
"Зерендi" орман
шаруашылығы өндiрiстiк
кәсiпорны                37441  2476  334   8  1997  137  33716  1249
Көкшетау балық заводының
Зерендi тоған шаруашылығы  10      8    8                           2
Зерендi селосы             27     15                  15          12
____________________________________________________________________
  Қорытынды             38988   2811   342  8   1997  464  33716 2461
____________________________________________________________________
   Барлығы              78561  7654   768  86  3269  3531 56451 14456 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады