Қазақстан Республикасының Кеден органдарының жұмысындағы елеулi кемшiлiктер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 11 сәуiр N 427. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен.

      Қазақстанның халықаралық байланыстарының дамуы, шетелдiк iскер топтардың республикада болып жатқан экономикалық үрдiстерге зор ынта қоюы, мемлекеттiң белсендi инвестициялық саясаты кеден органдарының мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызметiн дамытуды қамтамасыз етудегi арттыруды талап етедi.
      Өткен жыл тауарлардың экспорты мен импортының едәуiр өсуiмен сипатталды. 1995 жылы мемлекеттiк шекара арқылы өткiзiлген жүк 93133 мың тонна болды. 1994 жылмен салыстырғанда шекара арқылы азаматтардың өтуi бiр жарым есе көбейдi (1177,1 мың адам).
      Осыны ескере отырып, Үкiмет кеден органдарын күшейтуге айтарлықтай назар аударып келдi. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi құрылғаннан (1995 жылғы 1 сәуiрден) берi кеден органдары нығайтылып келдi: облыстық кеден басқармаларында акциздiк кеден күзеттерi мен бөлiмдерi құрылды, Алматы қаласында "Атакент", "Темiржол-Терминал" кедендерi құрылды. Кеден одағын құрудың бiрiншi кезеңi аяқталды: одақ мүшелерiнiң заңдарын жүйелеуге қол жеттi және бiрыңғай тарифтiк ставкалар белгiлендi; Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Кеден қызметiнiң өкiлдiгi ашылды.
      Әйткенмен де Қазақстан Республикасының Кеден комитетiнiң Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Заң күшi бар Жарлығымен жүктелген мiндеттердi iске асыру жөнiндегi қызметi қойылып отырған талаптарға сай келмейдi.
      Жоғарыда аталған Жарлықта кеден органдарының негiзгi мiндеттерi ретiнде белгiленген Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзген кезде экономикалық қауiпсiздiктi қорғау, рұқсат ету тәртiбiн сақтау толық көлемiнде қамтамасыз етiлмей отыр, осыдан барып мемлекетке едәуiр материалдық нұқсан келуде.
      Кеден бақылауын ұйымдастырудың нашарлығы, ал кейде кеден қызметкерлерiнiң тiкелей қара басын ойлауы республиканың ұлттық байлығы болып табылатын тарихи құндылықтар мен шикiзатты шетелге заңсыз шығаруға әкелiп соғуда.
      Республиканың экономикалық мүдделерiн қорғауға, кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзген кезде белгiленген тәртiптi сақтауды қамтамасыз етуде, контрабандамен және кеден ережелерiн бұзумен күрес жүргiзуге тиiстi кеден органдары тарапынан заңдылықтың бұзылуы, немқұрайлылық пен қызмет бабын терiс пайдалану арылмай отыр.
      Жүктер мен қол жүгiн жете тексерудi ұйымдастыруда тәртiптiң жоқтығы мемлекет мүддесiне едәуiр нұқсан келтiруде.
      Осының бәрi Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметiнiң ұйымдық-құқықтық негiздерiн жүзеге асыруда елеулi олқылықтардың бар екенiн көрсетедi.
      Кеден баждары мен мiндеттi төлемдердi өндiру жөнiндегi жұмысқа жасалған талдау олардың едәуiр бөлiгiнiң бюджетке түспейтiнiн көрсетедi. Үстiмiздегi жылдың ақпан айының үш күнi iшiнде ғана "Астана" кеденiндегi күшейтiлген бақылау кезiнде 5 миллион теңге кеден баждары мен салықтары бюджетке түстi, ал бүкiл қаңтар айында 4,3 миллион теңге ғана болған едi.
      Қазақстан Республикасының Кеден комитетiнiң қызметiне қаржы бақылау органдары жүргiзген тексерулер қаржы тәртiбiнiң өрескел бұзылғанын және басқа жолсыздықтардың бетiн ашты. Кеден қызметтерi кеден күзеттерiнде жете тексеру кезiнде тәргiленген мүлiктер мен құндылықтарды сату және оларды сатудан түскен қаржыны бюджет кiрiсiне төлеу тәртiбiн жиi бұзып отырған.
      Қазақстан Республикасының Кеден комитетiнде кадрларды iрiктеу мен орналастыруда қолайсыз жағдай қалыптасқан.
      1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Кеден комитетiнiң құрылымында парақорлықтың, контрабанданың, қызмет бабын терiс пайдаланудың және басқа заңға қарсы әрекеттердiң 78 фактiсi ашылды, ал 1996 жылдың 3 айы iшiнде кеден қызметкерлерi жасаған 26 қылмыс ашылып отыр.
      Пара алуға, кеден қызметкерлерiнiң кеден бажын төлеу жөнiндегi белгiленген нысандағы түбiртектердi ресiмдемей қол жүгiн беруiне, тасылатын жүктiң нақты санын азайтып көрсетуiне, жүк тасымалы үшiн салықтарды төлегенi туралы жалған түбiртектер жасауына байланысты және басқа қылмыстар неғұрлым жиi жасалуда.
      Мемлекет басшылығы Қазақстан Республикасының Кеден комитетiнiң кадр құрамын сауықтыру жөнiнде шаралар қолданып келдi: кеден қызметкерлерiн кезектен тыс аттестациялау өткiзiлдi, Ресей Федерациясымен Қазақстан кеденшiлерiн Ресей Кеден академиясында оқыту жөнiнде уағдаластыққа қол жеттi.
      Әйткенмен де кеден қызметi орталық аппаратының кадр саясаты өзiнiң атына кiр келтiрген қызметкерлердi iрiктеп алуға негiзделiп отыр.
      Кеден органдарында тәртiптiң жай-күйiне әсер ететiн факторлардың бiрi олардың қызметiн реттеп отыратын құқықтық базаның жетiлмегендiгi болып табылады.
      Iс жүзiнде қазiргi кезде кеден органдарының құқықтық мәртебесi, қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау мен материалдық ынталандыру заңмен белгiленбеген. Бүгiнгi таңда мемлекеттiк кеден қызметi туралы заң актiсiн әзiрлеп, қабылдау қажеттiгi күштi сезiлiп отыр.
      Қазақстан Республикасында Кеден саясатын жүзеге асыруды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Кеден комитетiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заң күшi бар N 2368 Жарлығын орындау жөнiндегi жұмысы қанағаттанарлықсыз деп танылсын.
      2. Жұмыстағы елеулi олқылықтары мен қателiктерi үшiн:
      Қазақстан Республикасының Кеден комитетiнiң төрағасы Е.Ж. Дербiсовке сөгiс жариялансын.
      Қазақстан Республикасының Кеден комитетi төрағасының орынбасарлары В.В. Шкляр және Р.К. Куватов қызметтерiнен босатылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi:
      Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармаларының басшыларын қызметтен босатсын;
      екi апта мерзiмде Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарындағы кеден басқармаларының "Харгос" кеденi басшыларын оларды қызметтерiнен босатуға дейiн тәртiптiк жауапкершiлiгi туралы мәселенi шешсiн.
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзудiң белгiленген тәртiбi мен шарттарын мүлтiксiз сақтауды қамтамасыз етсiн;
      Кеден төлемдерi мен салықтарын толық алуға қол жеткiзсiн;
      Кеден баждарын төлеу жөнiнде негiзсiз мерзiмiн кешiктiрулерге тыйым салсын;
      Кадрларды iрiктеу мен орналастыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды түбегейлi қарасын.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.09.04.
N 1084 қаулысымен
      4. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi "Темiр-Жол-Терминал", "Астана" және автожүк кеденiн Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша кеден басқармасының бағынысына берсiн.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.04.22. N 492
қаулысымен
      5. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi тiкелей өнеркәсiп кәсiпорындарында тиiстi кеден органдарының жанындағы кеден қоймаларын құру жөнiнде шаралар қабылдап, олардың құрылуы туралы 1996 жылдың 1 маусымына дейiн Үкiметке мәлiмдесiн.
      6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Кеден комитетi "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттiк кеден қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкiметке белгiленген тәртiппен 1996 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн енгiзсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүктердi iлесе алып жүрудi, тауарларды жеткiзу мен статистиканы автоматтандыру үшiн "Хайран" рентген аппаратурасын сатып алуға Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне қажеттi қаражат бөлсiн.
      8. Қазақстан Республикасы Аппаратының Басшысы кеден органдарының басшы қызметкерлерiн тағайындаудың келiсу тәртiбiн әзiрлесiн.
     9. Тексеру материалдары Қазақстан Республикасының тергеу органдарына берiлсiн.
     10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан  Республикасы Үкiметi Аппаратының Қорғаныс және құқық тәртiбi бөлiмiне жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады