Жамбыл қаласындағы жергiлiктi маңызы бар тарихи және мәдени ескерткiштер тiзiмiнен бiрқатар объектiлердi шығару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 17 сәуiрдегi N 466

      "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан

Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкiметi қаулы етедi:
     Жамбыл облысы әкiмiнiң Қазақстан Республикасы Мәдениет
министрлiгiмен келiсiлген Жамбыл қаласындағы жергiлiктi маңызы бар
тарихи және мәдени ескерткiштер тiзiмiнен тарихи, сәулеттiк және
көркемдiк құндылығы жоқ, қам кiрпiштен салынған, сейсмикалық қауiптi,
авариялық жағдайда тұрған 21 объектiнi шығару туралы ұсынысы
қабылдансын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1996 жылғы 17 сәуiрдегi
                                           N 466 қаулысына
                                               қосымша

          Жамбыл қаласындағы жергiлiктi маңызы бар тарихи және
        мәдени ескерткiштердiң мемлекеттiк есебiнен шығарылатын
                            үй-жайлардың
                                ТIЗIМI


Ағарту қызметкерлерiнiң үйi     Киров көшесi, 13 үйде орналасқан
Аяқ киiм шеберханасы            Киров көшесi, 16 үйде орналасқан
Тiгiн фабрикасы                 Киров көшесi, 19 үйде орналасқан
"Жiбек жолы" ассоциациясы       Төле би көшесi, 18 үйде орналасқан
Спорт мектебi                   Төле би көшесi, 20 үйде орналасқан
Облыстық туберкулез диспансерi  Төле би көшесi, 23 үйде орналасқан
Қазсаудажарнама                 Байзақ батыр көшесi, 1 үйде орналасқан
Жылу жүйелерi кәсiпорындары     Байзақ батыр көшесi, 2 үйде орналасқан
Тұрғын үй                       Байзақ батыр көшесi, 193 үйде орналасқан
2184/052 жинақ кассасы          Октябрь көшесi, 2 үйде орналасқан
Төлқұжат столы                  Октябрь көшесi, 12 үйде орналасқан
"Сувенир" дүкенi                Пушкин көшесi, 21 үйде орналасқан
Қалалық мәдениет үйi            Пушкин көшесi, 38 үйде орналасқан
Қан құю станциясы               Киров көшесi, 47 үйде орналасқан
Кинофикация басқармасы          Ленин көшесi, 10 үйде орналасқан
N 2 балабақша                   Ленин көшесi, 17 үйде орналасқан
Тұрғын үй                       Абай көшесi, 88 үйде орналасқан
Көз ауруханасы                  Абай көшесi, 90 үйде орналасқан
"Ежелгi Тараз ескерткiштерi"
мұражай-қорығының дирекциясы    Абай көшесi, 106 үйде орналасқан
Орталық АIIБ                    Абай көшесi, 120 үйде орналасқан
N 27 балабақша                  Желтоқсан көшесi, 11 үйде орналасқан
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады