Ресей Федерациясына жалға берiлген "Байқоңыр" кешенiнiң жер учаскелерiн пайдалану тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметi арасында Келiсiм жасау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 сәуiрдегі N 473 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi ұсынған, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен, Сыртқы iстер министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгiмен келiсiлген Россия Федерациясына берiлген "Байқоңыр" кешенiнiң жер учаскелерiн пайдалану тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Келiсiм жобасы мақұлдансын (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы Оспанов Бақыт Сағындықұлына Россия Тарапымен келiссөз жүргiзу және қол жеткен уағдаластық бойынша қоса берiлiп отырған жобаға қағидалық сипаты жоқ өзгертулер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан аталған Келiсiмге қол қою тапсырылсын.
 
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
1996 жылғы 19 сәуiрдегi
N 473 қаулысымен    
мақұлданған       

Ресей Федерациясына жалға берiлген жер учаскелерiн
пайдалану тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы
Келiсiм

(Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi, бұдан әрi Тараптар деп аталады, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы наурыздың 28-iндегi "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi принциптерi мен шарттары туралы Келiсiмдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы желтоқсанның 10-ындағы "Байқоңыр" кешенiн жалдау Шартын негiзге ала отырып және "Байқоңыр" кешенi жөнiндегi бұрын қол жеткен келiсiмдердi дамыта отырып мына төмендегiлерге келiстi:

      1-Бап. Жалпы ережелер
 
      Осы Келiсiм:
      Ресей Федерациясына жалға беру шартымен берiлген Қазақстан Республикасының аумағындағы Байқоңыр кешенi жерлерiн (оның iшiнде ұшырғыш - ракетаның бөлiнетiн бөлшектерi түсетiн аудандар үшiн бөлiнген жерлердi қоса, одан әрi мәтiн бойынша - түсетiн аудандары) пайдалану тәртiбiн;
      Ресей Тарапының өз қызметi салдарынан жерлердiң және су объектiлерiнiң бұзылуына және ластануына соқтырған зардаптарды жою тәртiбiн белгiлейдi.

      2-Бап. "Байқоңыр" кешенi аумағындағы жерлердi пайдалану

      1. Байқоңыр қаласының аумағында жаңадан құрылатын үйлердi, құрылыстар мен объектiлердi орналастыру оның құрылысының бас жоспарына сәйкес, ал бау-бақша серiктестiгiн, шаруа қожалықтарын, ұжымдық бақшаларды ұйымдастыру - Байқоңыр қаласы аумағының жер шаруашылығын орналастыру жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
      2. Ресей Тарапы жер телімдерінің және су объектілерінің бұзылуы мен ластануына алып келген өз қызметінің зардаптарын жоюды Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның «Байқоңыр» кешені жөніндегі ішкі комиссиясының шешіміне сәйкес мүдделі министрліктердің, ведомстволардың өкілдерінен құрылған арнайы жұмыс комиссиясының ұсынымдарының негізінде қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.19 № 1216 Қаулысымен.

      3-Бап. Жер қатынастарын реттеу

      1. "Байқоңыр" кешенi аумағында жер қатынастарын реттеу "Байқоңыр" кешенiн жалға алу Шартына және осы кешендi жалдау шартына қайшы келмейтiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Ресей Федерациясына жалға алу шартымен берілген жер телімдерінің, нысаналы пайдалануына байланысты емес барлық жағдайларда, жер қатынастарын реттеуді Ресей Федерациясының Федералдық ғарыш агенттігінің келісуімен Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық органдары жүзеге асырады.
      3. Байқоңыр» кешені жер телімдерінің (түсетін аймақтарынан басқа) жер кадастры мен мониторингін жүргізуді Байқоңыр қаласы әкімшілігінің жерге орналастыру қызметі жүзеге асырады.
      Түсетін аймақтар жер телімдерінің мемлекеттік жер кадастры мен мониторингін жүргізуді Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органының мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындары жүзеге асырады.
      «Байқоңыр» кешені аумағындағы (түсетін аймақтарынан басқа) қолда бар жер телімдері, оны пайдалану мен бөлу туралы жылдық есеп беруін Байқоңыр қаласы әкімшілігінің жерге орналастыру қызметі жасайды, ал түсетін аймақтар жер телімдерінің есебін Қазақстан Республикасының тиісті жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасында белгіленген үлгі бойыша жасайды. Бұл берілген есептерді «Байқоңыр» кешенінің Үйлестіру кеңесі бекітеді және белгіленген мерзімдерде ұсынады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.19 № 1216 Қаулысымен.

      4-Бап. Ұшырғыш-ракетаның бөлiнетiн бөлшектерiнiң жерлерiн
              пайдалану

      1. Ұшырғыш-ракетаның бөлiнетiн бөлшектерiнiң түсуi бөлiнген аудандардың жерлерiн Қазақстан Тарапы Ресей Тарапының келiсiмi бойынша пайдаланады.
      2. Ресей Тарапы 5 тәуліктен кем емес мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігіне және тиісті облыс әкімдеріне кезекті ұшыру жүргізу барысында пайдалануға жоспарланған түсетін аймақтар туралы хабарлайды.
      3. Ресей Тарапы ұшыру жүргiзiлген соң ұшырғыш-ракетаның бөлiнген бөлшектерiнен жалға алған аумақтарды және онда орналасқан су объектiлерiн тазалауды және оларды маусымдық шартпен белгiленген мерзiмде түсу аудандарынан көшiрудi, сондай-ақ қажет болған жағдайларда ұшырғыш-ракетаның бөлiнетiн бөлшектерi түсетiн аудандарды пайдаланудағы шектеулер туралы Қазақстан Тарапына хабарлауды қамтамасыз етедi.
      4. Ресей Тарапы Қазақстан Тарапына ұшырғыш-ракетаның бөлшектерi түсетiн аудандары пайдалануды бiржола тоқтату туралы және орындалған жұмыстар туралы қажеттi барлық құжаттарды ұсына отырып хабарлап бiлдiредi.
      5. Түсетін аймақтардың жерлерінің жай-күйін бағалауды тиісті облыс әкімдері және Ресей Федерациясының Федералдық ғарыш агенттігі құрған арнаулы жұмыс комиссиясы Тараптармен келісілген мерзімде жүзеге асырады. Комиссия құрамына өзара тең құқықтық негізде Тараптардың жерге орналастыру, табиғат қорғау, ауыл шаруашылығы, су ресурстары басқармасы, санитарлық эпидемиологиялық бақылау, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі органдарының өкілдері, «Байқоңыр» кешені аумағында ғарыштық қызметін жүзеге асыратын «Байқоңыр» ғарышайлағы мен Ресей Федерациясы ұйымдарының өкілдері енгізіледі.
      6. Арнайы жұмыс комиссиясының жұмыс нәтижелері түсетін аймақтарын пайдалануға жауапты ұйымдардың басшылары және тиісті облыстардың әкімдері бекітетін актімен, көрсетілген актінің көшірмелерін кейіннен Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және Ресей Федерациясының Федералдық ғарыш агенттігіне ұсына отырып, ресімделеді.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.19 № 1216 Қаулысымен.

      5-Бап. "Байқоңыр" кешені жер телімдерінің пайдаланылуын
              және қорғалуын бақылау

      1. «Байқоңыр» кешені жер телімдерінің пайдаланылуын және қорғалуын бақылау:
      Қазақстан Республикасы жер заңнамасының және халықаралық шарттардың тиісінше орындалуын;
      «Байқоңыр» кешені жерлерінің пайдаланылуына сәйкестігін;
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарының, өзге заңды және жеке тұлғалардың жерлерді ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
      2. «Байқоңыр» кешені жер телімдерінің пайдаланылуын және қорғалуын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органы және Ресей Федерациясының Федералдық ғарыш агенттігі өкілетті өкілдерінің, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің қатысуымен оның аумақтық органдары жүзеге асырады және жылына бір рет жүзеге асырылатын жоспарлы тексерулерді өткізу арқылы жүргізіледі.
      Жоспарлы тексерулер, орталық уәкілетті органның аумақтық органдары (тексерілуге тиісті жер телімдерінің аумақтық тиесілігі бойынша) жасаған, Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органы бекітетін және Ресей Федерациясы Федералдық ғарыш агенттігінің өкілетті өкілдерімен және Байқоңыр қаласының әкімшілігімен келісілген жоспарлардың негізінде жүргізіледі.
      3. «Байқоңыр» кешенінің жер телімдерін (түсетін аймақтарынан басқа) барлық жер пайдаланушылардың пайдаланылуына сәйкес болуын бақылауды, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, «Байқоңыр» кешені жөніндегі халықаралық шарттарға, Байқоңыр қаласының бас жоспарына, сондай-ақ Байқоңыр қаласы әкімшілігінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген Байқоңыр қаласында белгіленген жер телімдерін пайдалану қағидаларына сәйкес, Ресей Федерациясының Федералдық ғарыш агенттігімен келісілген тәртіп пен мерзімде Ресей Федерациясының Федералдық ғарыш агенттігі өкілетті өкілдерінің қатысуымен Байқоңыр қаласы әкімшілігінің жерге орналастыру қызметі жүзеге асырады.
      Түсетін аймақтар жер телімдерінің мақсатты пайдаланылуын бақылауды Ресей Федерациясының Федералдық ғарыш агенттігі өкілетті өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық органдары жүзеге асырады.
      4. Тексеру қорытындылары тексеруге қатысқан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мемлекеттік органдарының өкілетті өкілдері қол қойған актімен мемлекеттік органдардың санына сәйкес келетін данада ресімделеді.
      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.09.19 № 1216 Қаулысымен.

      6-Бап. Қорытынды ережелер

      Осы Келiсiм Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шарты белгiлеген барлық мерзiмге жасалынды және егерде Тараптардың бiрi оның iс-қимылын тоқтату туралы өзiнiң тiлегiн жазбаша түрде хабарламаса келесi мерзiмге созылады.
      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi негiзiнде өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiне түсiнiктеме беру мен оны қолдануға қатысты даулар өзара келiссөз жолымен Тараптар келісімнің орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алып шешiледi. Осы Келiсiм Тараптардың өзара жазбаша түрде оның күшiне ену үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк процедураларының орындалғаны туралы хабарлаған сәттен бастап күшiне енедi.

      199 ___ жылғы  екi дана болып, әрқайсысы орыс және қазақ тiлдерiнде жасалды және екi мәтiннiң бiрдей күшi бар.
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.19 № 1216 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының        Ресей Федерациясының
         Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады