Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 тамыздағы N 1110 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 22 сәуiр N 491

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қарағанды көмiр бассейнi кәсiпорындарының қаржы-шаруашылық қызметiн сауықтыру жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 тамыздағы N 1110 P951110_ қаулысымен бекiтiлген "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы кәсiпорындарының қаржы-шаруашылық қызметiн сауықтыру жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар жоспарына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      8-тармақ "түспеген валюта табысы үшiн" деген сөздерден кейiн "қосылған құнға салынатын салықтан басқа" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қосылған құнға салынатын салық бойынша берешектi өтеу "Испат-Кармет" компаниясымен, "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясымен және Қарағанды облысы бойынша салық инспекцияларымен бекiтiлген кестеге сәйкес 1995 жылдың 10 тамызынан бастап жүргiзiлсiн.
      3. "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы "Испат-Кармет" компаниясы жөнелткен көмiр қосылған құнға салынатын салық бойынша берешектi бюджетке өтеу есебiне есептелсiн.
      4. Берешектi өтеу кестесi осы қаулыға қол қойылған күннен бастап 10 күн iшiнде бекiтiлетiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады