Мәдени ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Палестина мемлекетi Үкiметiнiң арасындағы Келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 23 сәуiр N 495

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

     1995 жылғы 27 желтоқсанда Газада қол қойылған мәдени

ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Палестина

мемлекетi Үкiметiнiң арасындағы Келiсiм бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi


               Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

             Палестина Мемлекетiнiң Үкiметi арасындағы

                    мәдени ынтымақтастық туралы

                            КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының

Үкiметi мен Палестина Мемлекетiнiң Үкiметi,

     екi мемлекет пен олардың халықтары арасындағы достық

қатынастарды нығайту ниетiн көздей отырып,

     мәдениет, ғылым мен бiлiм, бұқаралық ақпарат құралдары, туризм

мен спорт салаларындағы, сондай-ақ жастар iстерi жөнiндегi салада

ынтымақтастық пен алмасуды дамытуға ұмтыла отырып,

     мына төмендегiлер жайында келiстi:


                             1-бап



 
       Тараптар мәдениет, ғылым мен бiлiм, бұқаралық ақпарат

 

құралдары, туризм мен спорт салаларында, сондай-ақ жастар iстерi

жөнiндегi салада ынтымақтастық пен алмасуды дамытуға жәрдемдеседi.


                             2-бап


     Тараптар мына төмендегi бағыттар бойынша мәдениет саласындағы

ынтымақтастыққа жәрдемдеседi:

     - мәдениет пен өнер күндерiн, кинофестивальдар өткiзу, өзаралық

негiзiнде көркемөнерпаздар мен жеке орындаушылардың гастрольдерiн

ұйымдастырады;

     - бейнелеу өнерi мен декоративтiк-қолданбалы өнердiң көрмелерiн

өткiзу;

     - мәдениет, әдебиет, өнер қайраткерлерiнiң делегациялармен

алмасу;

     - әдеби шығармаларды аудару және жариялау;

     - екi елдiң мұражайлары, кiтапханалары, архивтерi арасындағы

ынтымақтастық.

     Тараптар екi елдiң мәдениет мекемелерi арасында тiкелей

қарым-қатынас орнатылуын көтермелеп отырады.


                             3-бап


     Тараптар мына төмендегi бағыттар бойынша бiлiм беру саласындағы

ынтымақтастықты жүзеге асырады:


 
       - бiрлескен ғылыми зерттеулер өткiзу, конференцияларға, симпозиумдарға және семинарларға қатысу үшiн ғалымдар, оқытушылар және мамандар алмасу;
      - жоғарғы оқу орындарында оқу және тағылымдамалардан өту үшiн тегiн әрi тең жағдайда студенттер мен аспиранттар алмасу;
      - екi ел халықтарының тiлi мен әдебиетiн, тарихи мен мәдениетiн оқып үйрену;
      - оқулықтар мен университеттiк курстарда екi мемлекеттiң тарихын, жағырапиясының қоғамдық-саяси дамуын шынайы бейнелеу iсiнде өзара iс-қимыл жасау;
      - оқулық әдебиет, әдiстемелiк құралдар және оқулық теледидар бағдарламаларын алмасу.
 
                              4-бап
 
      Тараптар оқу орындары мен ғылым мекемелерi берген куәлiктердi, дипломдарды, атақтарды және ғылыми дәрежелердi өзара танудың мүмкiндiктерiн қарастырады, және бұл мәселе бойынша жеке Келiсiм жасасады.
 
                              5-бап
 
      Тараптар телефестивальдар өткiзудi, кино, видео және

 

телефильмдердi бiрлесiп жасауды, сондай-ақ баспа басылымдарын, теле-

және радиобағдарламалар, делегациялар және мамандар алмасуды қоса

есептегенде, екi елдiң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы

ынтымақтастыққа жәрдемдеседi.


                             6-бап


     Тараптар туристiк топтар, жаттықтырушылар, спорт командаларын,

мамандар алмасу, сондай-ақ спорттық iс-шаралар ұйымдастыру жолымен

туризм мен спорт саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседi.


                             7-бап


     Тараптар жастар ұйымы арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесiп,

жастар алмасуды дамытуға ықпал жасайды.


                             8-бап


     Осы Келiсiмдi түсiну мен қолдануға қатысты даулар келiссөздер

мен консультациялар арқылы шешiлуге тиiс.

     Тараптардың өкiлдерi қажет болған жағдайда немесе Тараптардың

бiрiнiң өтiнуi бойынша осы келiсiмнiң орындалуына қатысы бар

мәселелердi қарау үшiн Аралас Комиссия түрiнде кездесiп отырады.


                             9-бап


     Тараптар Келiсiмдi орындаудың қаржылық және ұйымдық жағдайларын

анықтайтын Келiсiм жөнiндегi уақытша атқару бағдарламаларын талдап

жасайды.

     Екi Тараптың тиiстi министрлiктерi мен ведомстволары осы

Келiсiмде көзделген салалардағы ынтымақтастық туралы жеке келiсiмдер

жасайды.


                             10-бап



 
       Осы Келiсiм үшiншi Тараптардың басқа да халықаралық Келiсiмдерден туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiне нұқсан келтiрмейдi.
 
                              11-бап
 
      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi

 

мемлекеттiк процедураларды орындағаны туралы мәлiмдеме алған күнiнен

бастап күшiне енедi.

     Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалды. Егер Тараптардың бiрi осы

Келiсiмнiң қолданыста болуын тоқтатқысы келетiнi туралы бес жылдық

мерзiм бiткенге дейiн кемiнде алты ай бұрын екiншi Тарапқа жазбаша

түрде мәлiмдемейтiн болса, оның қолданыста болу мерзiмi келесi бес

жылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылады.


     Газа қаласында 1995 жылғы 27 желтоқсанда қазақ, араб және орыс

тiлдерiнде үш дана болып жасалды, сондай-ақ барлық мәтiндердiң күшi

бiрдей.


     Қазақстан Республикасының              Палестина Мемлекетiнiң

         Үкiметi үшiн                            Үкiметi үшiн






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады